Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Қазақстан республикасынаң атынан үкім

2023 жылғы 10 ақпан              №4352-22-00-1/52                          Шиелі кенті

Қызылорда облысы Шиелі аудандық соты құрамында:

судья Ж.Т.Сарбасованың төрағалық етуімен,

сот отырысының хатшысы А.Табиғатованың отыруымен,

мемлекеттік айыптаушы – Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Абдрашиттің,

жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың, оның өкілі Б.С.Мадияровтың,

сотталушы  К.Ж.Аширбековтың,

қорғаушы-адвокаттар Қ.Дуйсембаевтың, С.И.Жунусбаевтың,

қоғамдық қорғаушылар Ш.Т.Дайрабаева, Д.Ж.Аширбеков, Н.Ж.Аширбекова, А.Ж.Кабылтаеваның қатысуларымен,

аудандық соттың сот отырысы залында, жабық басты сот талқылауында электронды қылмыстық істі қарады, ол бойынша сотталушы:

Карасай Жорабекович Аширбеков – 1971 жылғы 12 сәуірде Қызылорда облысында туған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді, отбасылы, бұрын сотты болмаған, тұрғылықты мекен-жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Құрманғазы көшесі №103 үй, жұмыссыз.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 120-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілді.

 

СИПАТТАУ БӨЛІГІ:

 

Сотталушы К.Ж.Аширбеков 2022 жылы 17 мамырда 17 сағат 00 минут шамасында өзіне ұялы телефоннан қоңырау шалып, қоғам белсендісі екенін ескертіп, ақша-қаражатына мұқтаждығын білдіріп, осы ретте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімдігінен немесе кез-келген әлеуметтік мекемелерден қаржылай көмек алуы үшін жәрдем беруді сұрап хабарласқан танысы Э.Р.Шахимеденовамен сөйлесу барысында, соңғыны сөзге тартып, кездесуге шақырып, оңаша сөйлесуді ұсынған.

Сол күні 17 сағат 30 минут шамасында К.Ж.Аширбеков Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, С.Құрманғазы көшесінің бойына барып, онда өзін күтіп тұрған танысы Э.Р.Шахимеденовамен кездесіп, жәбірленушіні өзінің басқаруындағы мемлекеттік белгісі Т041 NP174RUS, «Opel» көлік құралының салонына артқы жағына отырғызып, бағытын осы ауданға қарасты Жайылма ауылынан батысқа қарай 4 (төрт) шақырым қашықтағы далалық жерге апарып, әрі қарай, сотталушы К.Ж.Аширбеков  көлік құралының салонында, яғни артқы орындығында отырған танысы Э.Р.Шахимеденованың қасына барып, оған жақын отырып, сыртқа шығуына мүмкіндік бермей  соңғыны құшақтап, өзіне тартып және екі қолын денесімен бірге қысып ұстап алып, оның қарсылық көрсеткеніне қарамастан күш қолданып, шалқасынан жатқызып, оның денесінен басып тұрып және оның әйел жынысты болуына орай, өзінің физиологиялық күшінің басымдылығын пайдаланып, соңғының өз қолынан босап шығуына мүмкіндік бермей және қарсылық көрсеткеніне қарамастан шалбары мен ішкі киімін (трусы) аяғының тізе аймағына дейін шешіп, жартылай жалаңаш күйде қалдырған.

Одан кейін  сотталушы К.Ж.Аширбеков өзінің қозып тұрған еркектік мүшесін, жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныстық мүшесіне енгізіп, құмарын қандыру мақсатында бірнеше рет қозғалыста болып, жәбірленушіге күш қолданып, оның еркінен тыс жыныстық қатынас жасап зорлаған.

 

УӘЖДЕУ БӨЛІГІ:

 

Басты сот талқылауында сотталушы К.Ж.Аширбеков өзіне тағылған айыпты толығымен мойындамай, жәбірленуші Э.Р.Шахимеденовамен 2018 жылдан бері танитынын, онымен 2020 жылдан жақсы қарым-қатынаста болып, араласып, ерлі-зайыпты қатынаста бірнеше рет болып жүргенін, соңғы кезде жәбірленушінің өзінен бала көтергенін айтқанын, 2022 жылдың мамыр айының 17-і күні сағат 16:00 дер шамасында жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың қоңырау шалып, өзінің Түркістанға барып УЗИ-ге түсіп, баланың денсаулығы жақсы, жаңалығым бар, хабарласайықта деп айтқасын, өзінің жұмыстары біткесін хабарласатын болып келіскенін, сол күні сағат 17:30 дар шамасында оған хабарласып, оны үй жағына барып, онымен кездесіп, екеуі автокөлігіне отырып, Шалқия жаққа қарай шығып, сол кезде өзінің соңынан шетелдік ақ машина аңдып жүріп келіп, бір ескі ғимараттың тасасына тығылып, өздерін бейне-жазбаға түсіріп тұрғанын байқап, автокөлікті сол жаққа қарай жүргізіп қуғанын, сол кезде әлгі автокөлік қатты жылдамдықпен жүріп қашып кеткенін, артынан куып автокөліктің мемлекеттік белгісі 738 екенін байқап, ол автокөліктің қатты жылдамдықпен Қызылорда бағытына қарай жүріп кеткенін, өзінің кімнің аңдып жүргенін білгісі келіп қуғанымен ұстай алмағанын, сол жерде Жайылма тұсында екеуі автокөлікте отырғандарында, полиция қызметкерлері келіп, «неғып жүрсіңдер, мал ұрлығымен айналысып жүрсіңдер ма?» деп, автокөлікке қарау жүргіземіз деп, содан сол жерде автокөлігінің артқы салонында отырған Э.Р.Шахимеденоваға полиция қызметкері Ерзак деген кісі «сен неғып жүрсің, байың бар қатынсың, жыныстық қатынасқа түсіп жүрсің ба» деп айқайлап, оны автокөліктен түсіріп, өздерінің автокөліктеріне отырғызып, Э.Р.Шахимеденоваға күштеп өзін зорлады деп арыз жазғыздандарын, өзінің Э.Р.Шахимеденованы зорламағанын, дәл сол күні онымен жыныстық қатынасқа түспегенін, өзіне жала жабылып отырғанын, бұған дейін соңғымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскенін, оның туылған жетінші баласы өзінен екенін көрсетіп, өзінің кінәсі жоқтығын, азаматтық талапты толығымен мойындамайтынын, сотқа дейінгі тергеп тексеру органымен қылмыстық істі тергеу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін атап көрсетіп, соттан әділ үкімі шығаруды, өзін тағылған айыптан ақтауды, азаматтық талапты қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 30122220160612, уақыты 16:40-17:20).

Сот, іс материалдарын зерттеп, тараптарды тыңдап, сотталушының кінәсі оның өз кінәсін мойындамағанына қарамастан, төменде көрсетілген дәлелдер жиынтығымен дәлелденіп отыр деп санайды.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Э.Р.Шахимеденова сотқа дейін тергеп тексеру кезінде берген жауабын толығымен қуаттап, 2022 жылдың мамыр айының 17-і күні Түркістан қаласына жүктілігіне байланысты УЗИ-ға түсуге таңғы 9:00 шамасында барып, сол жерде жүргенде К.Ж.Аширбеков өзінің 8708-694-21-86 санды Айфон 12 үлгісіндегі ұялы телефонына қоңырау шалып, өзінің қолы босамай телефонды көтермегенін, УЗИ-ға түсіп ауылға қайтып, сағат 17:00 шамасында УЗИ-дің қорытындысын аудандық емханаға өткізуге Құрманғазы көшесінің бойымен бара жатырғанында Қ.Ж.Аширбековке қоңырау шалып «азанда звондапсыз, қолым босамай ала-алмадым, сізге өтінішім бар еді, мен қаражат жағынан қиналып жүрмін, маған қаржылай көмек беруге мекемелерге ықпал бере аласыз ба?» деп айтқанын, оның «қазір қайдасың, саған қарай барамын, отырып сөйлесейік» деп айтқасын, оған өзінің Құрманғазы көшесінің бойымен аудандық емханаға кетіп бара жатырғанын айтып, содан арада шамамен 10-15 минут уақыт өткен соң Қ.Ж.Аширбеков өзінің автокөлігімен жанына келіп тоқтап, «автокөлікке отыр» дегесін, өзінің автокөліктің артқы орнына отырғанын, Қ.Ж.Аширбеков автокөлігін басқарып кетіп бара жатырғанда, яғни Хорасан ата көшесінің бойымен «Шалқия» тас жолына қарай жүре бастағанда, оған «қайда бара жатсыз» деп сұрағанын, оның «ол артымыздан бір автокөлік аңдып келе жатырған сияқты, соның кім екенін анықтап алайын» деп алдап, үлкен тас жолдың яғни «Самара-Ташкент» тас жолының бойына шығып Жайылма ауылына қарай бағыт алып жүре бастағанда, оған «керек емес үйге алып барып, тастаңыз» деген сөзіне құлақ аспай, Жайылма ауылына жете бергенде жолдың оң жақ жиегіне шеңгел жыңғылдардың арасына тоқтағанын, сол жерде Қ.Ж.Аширбековке «ештеңе керек емес болды қайтамын, мені апарып тастаңыз» деп тағы да айтып, оның осы кезде қасына келіп, яғни автокөліктің артқы жағына отырып, өзіне жақындап екі қолынан қысып ұстап киімдерін шеше бастағанын, оған қарсылық танытқанымен қарсылығына қарамастан, күштеп автокөліктің артына жатқызып, шалбарын тартып жартылай шешіп, содан іш киімін жартылай шешкенін, бұл кездерде оған қарсылық көрсетумен болғанын, алайда жүкті болған соң оған өз деңгейінде қарсылық көрсете алмағанын, оған шамасы жетпей, оның өзінің дәрменсіздігін пайдаланып сол жерде жыныстық қатынасқа түскенін, оның өзіне бір мәрте жыныстық қатынас жасап, әрекетін аяқтап болған соң өзінің автокөлігіндегі қызғылт түсті мата сүрткішпен жыныс мүшесін сүртіп сол жерге далаға тастап жібергенін, өзінің одан «не үшін мені зорладың мен жүктімін» ғой деп айтқанында «ештеңе етпейді, бір ақ рет қой» деп айтып, сол жерден оның өзінің тірлігін бітіріп автокөлігінің руліне отырып шеңгел арасынан шығып бара жатырғанда, қарсы бағытқа қарай полиция қызметкерлері өтіп бара жатып автокөлікті көріп тоқтатып, полиция қызметкерлері «осы аймақта мал ұрлығы болып жатыр, деген күдікпен автокөліктерді тексеріп жүрміз» деп айтқанда, сол жерде өзінің ол кісілерге барлық мән-жайды айтып арызданғанын, полиция бөліміне келе жатырғанда Қ.Ж.Аширбековтің ұялы телефонының ватсап желісіне «арызыңды ал, өз еркіммен болдым, маған арызды полиция қызметкерлері күштеп жаздырды деп айт» деп түрлі мәтіндегі үгіттеулер жүргізгенін, өзінің сол оқиғадан екі қолының қары көгеріп, екі сандары көгеріп жарақат алғанын, ішкі киімі жыртылғанын. Қ.Ж.Аширбековты 2018 жылдан бері танитынын, онымен өзінің тұрмыстық мәселелері бойынша жиналыстарға аудандық және кенттік әкімдіктерге барғанда көріп, сол жерде таныс болып қалғанын, ұялы телефон номерін де сол кезде алғанын, онымен басқаша қарым қатынасы жоқтығын, көп балалы ана болған соң, оған қоғам белсендісі ретінде өзіне әлеуметтік көмек беруге мекемелерге ықпал жасай алатын шығар, жағдайын жеткізетін шығар деген оймен онымен сол күні кездескенін, осы жағдайдан кейін өзінің осы уақытқа дейін үйінен шықпай, жан күйзелісіне түсіп, күйеуімен араларында қарым-қатынастары дұрыс болмай, өмірінің быт-шыты шыққанын, бұл жағдайды ауызбен айтып жеткізу мүмкін еместігін, өзіне келтірген моральдық шығынды ешқандай сомамен өлшеуге келмейтінін, дегенмен қылмыспен келтірілген моральдық шығын ретінде сотталушы К.Ж.Аширбековтен 60 000 000 теңге өндіруді, сотталушыға қатысты заңда көзделген тиісті қатаң жазасын тағайындауды көрсетіп, азаматтық талап қою арызын қанағаттандыруды сұрады (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 30122220160612, уақыты 15:30-16:15).

Басты сот талқылауында куә қатарында сұралған Ж.С.Жұмабаев өзінің жауабында, өзінің 2019 жылдан бастап Жаңақорған Аудандық Полиция бөлімінің (әрі қарай-АПБ) Криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі қызметін атқаратынын, өзінің қызметтік міндеттеріне аудан көлеміндегі орын алған қылмыстарды ашу және болатын қылмыстардың алдын-алу, жедел іздестіру шараларын жүргізу болып табылатынын,  2022 жылдың мамыр айының 17-і күні АПБ-нің бастығының орынбасары Е.Жақсыбековтың өзіне Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылына қарасты батыс жақ беттегі жайылымдық жерде белгісіз бір күмәнді автокөлік жүргенін, сол автокөлікті тексеру керектігін айтқанын, содан кейін оқиға орнына Е.Жақсыбеков екеуі бірге барған сәтте, қара жолмен өздеріне қарама-қарсы мемлекеттік белгісі Т141 НР/174/ санды «Опел вектра» үлгісіндегі автокөлікті көріп тоқтатып, автокөліктің ішінен аудан тұрғыны К.Ж.Аширбеков түсіп, автокөліктің артқы салонының оң жақ бөлігінен әйел кісі жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың түскенін, не үшін далалық жерде жүргенін сұрағанда К.Ж.Аширбековтің қасындағы әйел кісімен сөйлесіп келе жатқанын айтқанын, сол жерде Э.Р.Шахимеденовадан не себепті жүргенін сұрағанында, оның К.Ж.Аширбековпен өзінің отбасылық мәселесімен аудан орталығында сөйлесіп, әрі қарай оның аудан орталығынан шығып сөйлесейік деп, оның далалық жерге әкеліп, сол жерде өзін еркінен тыс күш қолданып, жыныстық қатынас жасағанын айтқанын, әрі қарай тиісті тергеу әрекеттер жүргізу үшін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырып, өзінің жедел тергеу тобы келгенде кетіп қалғанын көрсетті (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 27102220160612, уақыты 15:30-15:45).

Басты сот талқылауында куә қатарында сұралған Қ.С.Маткәрім өзінің жауабында, өзінің 2021 жылдан бастап Жаңақорған АПБ-нің Криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі қызметін атқаратынын, 2022 жылдың мамыр айының 17-і күні жедел топқа жедел уәкіл болып кезекшілікке түсіп, сағат 18:30 минут шамасында АПб-нің бастығының орынбасары Е.Жақсыбековтен жедел топты сұрату туралы хабарлама түсіп, хабарламада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылына қарасты батыс жақ беттегі жайылымдық жерде белгісіз бір күмәнді автокөлік жүргенін, сол автокөліктің мал ұрлығына қатысы бар жоғын тексеру керектігін айтқасын, оқиға орнына жедел топ құрамымен бірге барғанын, оқиға орнында Жайылма ауылына қарасты қара жолдың үстінде «Опел вектра» көлік құралының иесі Жаңақорған кентінің тұрғыны К.Ж.Аширбеков қасында бір әйел кісімен тұрғанын, әйел кісіден аты-жөнін сұрағанда, ол өзінің отбасылы екенін, К.Ж.Аширбековпен отбасылық мәселесімен аудан орталығында кездесіп, одан кейін аудан орталығынан сыртқа шығып сөйлесеміз деп, оның сол барған жерде еркінен тыс күш қолданып, жыныстық қатынас жасағанын айтып, сол жерде оның арызын алып, автокөліктің иесі К.Ж.Аширбековпен оның автокөлігіне және оқиға орнына қарау жүргізіп, тергеу әркеттері жүргізілгенін көрсетті (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 27102220160612, уақыты 15:50-16:05).

Басты сот талқылауында куә ретінде сұралған Е.У.Жаксибеков өзінің жауабында, өзінің 2020 жылдың сәуір айынан бастап Жаңақорған АПБ-нің бастығының жедел істер жөніндегі орынбасары қызметін атқаратынын, 2022 жылдың мамыр айының 17-і күні кешкі сағат 19:00 дер шамасында өзіне Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінің батыс бөлігіндегі Сырдария өзінінің жағалауындағы тоғай арасында мемлекеттік тіркеу белгісі Т 141 НР/174/ санды «Опел вектра» үлгісіндегі автокөлігінің тұрғаны жөнінде жедел мәлімет келіп түскесін, «суық қару» бар жоғын тексеру мақсатында жедел уәкіл Ж.Жұмабаевпен бірге оның басқаруындағы «JAC» үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу белгісі 847 көлік құралымен оқиға орнына келгенінде қарама-қарсы беттен мемлекеттік белгісі Т141 НР/174/ санды «Опел вектра» үлгісіндегі автокөлігі тоқтап, көлік құралының ішінен аудан тұрғыны К.Ж.Аширбеков, ал артқы салонынан бір жүкті әйел түскенін, сол жерде К.Ж.Аширбековтен не үшін жүргенін сұрағанда, оның Э.Р.Шахимеденовамен сөйлесіп отырғанын, ал Э.Р.Шахимеденовамен сөйлесу барысында К.Ж.Аширбековтың тоғай арасына алып барып еркінен тыс күш қолданып, зорлап, жыныстық қатынас жасағанын айтқасын, сол жерге дереу тергеу тобын шақыртқанын, оқиға орнына келгенде өзінің ешқандай техникалық құралдар арқылы бейнежазбаға түсірмегенін, ал К.Ж.Аширбековте ешқандай бейнежазбаға түсірмегенін, оның өзінің ұялы телефонымен әркімге бір хабарласып жатқанын көргенін, сол жерде жәбірленуші Э.Р.Шахимеденовамен сөйлесу барысында К.Ж.Аширбековпен аудан орталығында кездесіп, әрі қарай оның аудан орталығынан сыртқа шығып сөйлесеміз деп, тоғай арасына алып келіп зорлағанын, оған дәлел ретінде өзінің іш киімі жыртылғанын айтып, ол бойынша арызданамын деп көрсеткенін, сол бойынша оқиға орнында Э.Р.Шахимеденовадан арыз алынып, тергеу әрекеттері жүргізілгенін көрсетті (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 27102220160612, уақыты 16:10-16:25).

Басты сот талқылауында сарапшы ретінде сұралған Н.Ж.Омарбекова, 1990 жылдан бастап Қызылорда облыстық сот сараптамасы инстутында сарапшы қызметін атқаратынын, Қызылорда облыстық полиция департаметінің Тергеу басқармасының тергеушісі А.Әділованың 27 мамыр 2022 жылғы қаулысы негізінде аталған қылмыстық іс бойынша сот-биологиялық сараптамасын жүргізгенін, сараптама жүргізу барысында жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың, күдікті К.Ж.Аширбековтың қан топтары қай топқа жататынын анықтап, заттай дәлелде ретінде ұсынылған нәрселерге зерттеу жүргізгенін, 10 маусым 2022 жылғы №20-13-09-13/165/2675 санды сот-биологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге заттай дәлелдеме ретінде ұсынылған күдікті К.Ж.Аширбековтың сұр түсті іш киімінде адамның қаны араласпаған ер адамның ұрығы табылды. Тобын анықтау барысында жүргізілген зерттеулермен Н антигені анықталып, 0 /1/ тобына жататын кез келген ер адамның болуы мүмкін екендігі бекітілді. Сондықтан жоғарыдағы көрсетілген айғақты заттағы ер адамның ұрығы күдікті К.Ж.Аширбековтың қан тобына сәйкес болғандықтан оның өзінен болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Зерттеуге ұсынылған жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныстық мүше қынабынан алынған сүртіндіде, қызыл түсті іш киімінде, ақ қызыл түсті гүлдері бар кофтасында, ақ түсті футболкасында, ақ түсті шалбарында, күдікті К.Ж.Аширбековтың қоңыр түсті шалбарында, қызғылт түсті футболкасында, «York» деген жазуы бар тәттілер кленкасында, 2 дана ақ түсті салфеткаларда, 1 дана қызыл түсті салфеткада, 1 дана ақ түсті салфеткада, автокөліктің алдыңғы орындығының жапқышында, жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныстық қынабынан әйнек кесіндісіне алынған жұғындыларда ер адамның ұрығы, яғни биоматериал табылмағаны туралы тұжырымдағанын, осы берген қорытындыны толық қуаттайтынын көрсетті (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 27102220160612, уақыты 16:35-16:55).

Басты сот талқылауында сарапшы ретінде сұралған Б.С.Альжанова, 2014 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институтында жетекші сарапшы болып қызмет атқаратынын, тергеуші А.Әділованың 22 тамыз 2022 жылғы қаулысына сәйкес, аталған қылмыстық іс бойынша сот молкулярлы-генетикалық сараптамасын жүргізіп қорытынды бергенін, аталған қорытындыға сәйкес, зерттеуге ұсынылған жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныс мүше қынабынан алынған сүртіндіде идентификацияға жарамды биоматериал бар, ал қызыл түсті іш киімде идентификацияға жарамды материал жоқ. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныс мүше қынабынан алынған сүртіндіде анықталған аралас биоқартпарлар жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың және күдікті К.Ж.Аширбековтың ДНК-нан болуы мүмкін. Бұл нәтижелер Ү-хромосомалық зерттеулер нәтижелерімен расталған. Анықталған генеткалық белгілердің, сәйкестендірушілік мәнін ықтималды бағалау аллельдердің кездесу жиілігі туралы статистикалық деректер анықталды. Генетикалық белгілердің сәйкестендірушілік мәні, бұл орта есеппен 3,36х1009, адамның ішінен бір адам келесі анықталған нысандарды генетикалық белгілердің үйлесімі бар екендігін білдіреді. Сарапшының тұжырымы ықтималды түрде берілуі әлемдіқ тәжірибеге сәйкес берілді, яғни зерттеуге ұсынылған айғақты заттарда жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға тиесілі биоқартпарлар (ДНК) болмаған жағдайда, тұжырым нақты теріс түрінде беріледі. Анықталған генеткалық белгілердің, сәйкестендірушілік мәнін ықтималды бағалау аллельдердің кездесу жиілігі туралы статистикалық деректер анықталды. Генеткалық белгілердің сәйкестендірушілік мәні, бұл орта есеппен 4,59х1008 адамның ішінен бір адам келесі анықталған нысандарда генетикалық белгілердің үйлесімі бар екендігін білдіреді. Аталған сараптама зерттеуінің толықтығын қамтамасыз ету үшін, қосымша Ү-хромосомалық ДНК-ға (генетикалық ер жынысты тұлғалардың гаплотиптерін анықтауға арналған) тиесілі арнайы зерттеу жүргізу нәтижесінде осындай тұжырымға келгенін көрсетіп, берген сараптама қорытындысын толық қуаттайтынын көрсетті (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 151102220160612, уақыты 15:35-15:55).

Басты сот талқылауында куә ретінде сұралған М.Ж.Баймұратов өзінің жауабында, куә Қ.С.Мәткәрімнің жауабына ұқсас жауап берді (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 151102220160612, уақыты 15:35-15:55).

Басты сот талқылауында куә ретінде сұралған Б.Абжалов куә Қ.С.Мәткәрімнің жауабына ұқсас жауап берді (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 151102220160612, уақыты 15:35-15:55).

Басты сот талқылауында сарапшы ретінде сұралған Б.Усманов, 18 мамыр 2022 жылы жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың денесіндегі жарақаттарға сараптама жүргізгенін, сараптама қорытындысына сәйкес, Э.Р.Шахимеденованың «екі қол қары, екі аяқ сан тіндерінің қанталағандары» түрінде дене жарақаттарын алғаны, аталған жарақат қатты жұмыр заттардың әсерінен, қол саусақтарымен қысу механизмі арқылы алынғаны анықталып, соған сәйкес қорытынды бергенін, қорытындыны толық қуаттайтынын, сонымен қатар тергеушінің қаулысына сәйкес жәбірленушінің жыныстық мүшесінен сүртінді алғанын көрсетті (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 151102220160612, уақыты 15:35-15:55).

Басты сот талқылауында маман ретінде сұралған А.Жаналиев, Қызылорда ОПД-нің жедел-криминалистикалық басқармасында маман-криминалист қызметін атқаратынын, аталған қылмыстық іс бойынша Э.Р.Шахимеденованың іш киіміне зерттеу жүргізгенін, 7 шілде 2022 жылғы ұсынылған қорытындыға сәйкес, зерттеуге ұсынылған қызыл түсті іш киімде оң жақ қапталындағы  тігілген жері тігісінен жыртылған,  зақым жұлқу, тарту әсерінен қалғанын, аталған қорытындыны толығымен қуаттайтынын көрсетті (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 151102220160612, уақыты 15:35-15:55).

Басты сот талқылауында куә қатарында сұралған Ж.Б.Жаңабергенов өзінің жауабында, Жаңақорған АПБ-нің тергеушісі қызметін атқаратынын, 17 мамыр 2022 жылы күдікті К.Ж.Аширбековке қатысты қылмыстық іс тіркеліп, осы іс бойынша жедел тергеу тобы құрылып, осы топқа жетекшілік жасағанын, аталған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізгенін, қылмыстық іс электронды форматта жүргізілгенін, күдікті К.Ж.Аширбековті Жаңақорған аудандық ауруханасына дене жарақаттарын анықтау мақсатында апарған сәтте, оның денсаулығы нашарлауына байланысты жеке тінту хаттамасын аурухананың бірінші қабатында орналасқан мейірбикелерге арналған бөлмеде компьютерде флешкада салынып әкелген хаттамаманы толтырып шығарып, күдікті К.Ж.Аширбековке қол қойдырғанын, кейінннен бөлімде оған қатысты ұстау хаттаммасы рәсімделгенін, хаттаманың басталу уақыты 02 сағат 05 минут, аяқталуы 02 сағат 15 минут деп көрсетілгенін, не үшін электронды хаттамада уақыты басқаша көрсетілгенін білмейтінін, хаттамаға күдікті К.Ж.Аширбеков қол қоюдан бас тартқанын. Сол күні жәбірленуші Э.Р.Шахимеденовадан өкілінің қатысуымен жауап алынып, оның қатысуымен үстінде болған киімдеріне алу, қарап-тексеру хаттамасын рәсімдегенін, аталған хаттамалар заң талаптарына сай рәсімделгенін, алайда қылмыстық іске жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға қатысты киімдерін алу туралы хаттаманың электронды нұсқасы енгізілмей қалғанын, 18 мамыр 2022 жылы күдікті К.Ж.Аширбековтен жауап алу хаттамасына тергеуші ретінде өзінің қолын қоюды ұмытып кеткенін, ал жәбірленушіден қан үлгісін алу туралы қаулыны тергеу тобы мүшесі ретінде қабылдағанын, өзінің тарапынан қылмыстық істі тергеу барысында заң бұзушылықтар орын алмағанын көрсетті. (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 151102220160612, уақыты 15:35-15:55).

Басты сот талқылауында куә қатарында сұралған А.Әділова өзінің жауабында, өзінің 19 мамыр 2022 жылдан бастап күдікті К.Ж.Аширбековке қатысты  қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізгенін, қылмыстық іс электронды форматта жүргенін, сол кезде өзінің өндірісінде бірнеше қылмыстық іс жүріп, әрі арасында басқа да  істер бойынша іс-сапарларда болуына байланысты, тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық істің электронды нұсқалары кеш енгізілгенін растайтынын, сонымен қатар жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға тиесілі ұялы телефонды алу туралы хаттаманы жүргізбей, бірден оған қарап-тексеру хаттамасы жасалғанын көрсетті. (Аудио-бейнежазба файлы:4352-22-00-1/52, 151102220160612, уақыты 15:35-15:55).

Қорғау тарапынан ұсынылып, куә қатарында сұралғандар С.Тұрлыбекова мен Ұ.Садибековалар сотталушы К.Ж.Аширбековтің жәбірленуші Э.Р.Шахимеденова бұрыннан танитынын, екеуінің араларында бұған дейін де ерлі-зайыптылық қатынастар болғанын білетіндерін көрсетті.

Ал, куәлар Н.Отарбаев пен Н.Жахановтар 2022 жылдың 17 мамырында оқиға орнына қарап-тексеру барысында куә ретінде қатысқандарын, өздерінің көзінше полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргіздерін, сол жерде полиция қызметкерлерінен сотталушы К.Ж.Аширбековтың жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованы еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған деп арызданғанын естігендерін көрсетті.

Қорғау тарапы сотталушы К.Ж.Аширбековты ақтауды сұрап бірнеше  өтінішхаттар келтірген.

№1 өтінішхатында жәбірленуші Э.Р.Шахимеденова мен сотталушы К.Ж.Аширбековтың араларында бұрыннан өте жақын қарым-қатынас орын алғанын негіздеп, осы жағдайды дәлелдеу мақсатында, сотталушы К.Ж.Аширбековтың пайдалануында болған 8 747 471 60 24 және жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың пайдалануында болған 8 708 694 21 86 абоненттік нөмірлері арасында 2022 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығындағы қоңыраулар, СМС хабарламалар туралы мәліметтерді ТЕЛЕ-2 байланыс орталығынан алдыруды сұраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және басты сот талқылауы барысында жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жауабынан оның сотталушы К.Ж.Аширбековты 2018 жылдан бастап танитынын, онымен хат-хабар алмасып тұрғанын жоққа шығарылмайды, бұл мән-жайды сот тергеуінде сотталушы К.Ж.Аширбековтың өзі де бекітті.

Яғни   жәбірленушімен сотталушының арасындағы 2022 жылдың 17 мамырында болған зорлау оқиғасына оған дейінгі қоңыраулармен хат алмасулардың қатысы жоқ деп есептейді.

Себебі жәбірленуші кез келген уақытта өзінің еріктілік құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен айқындалған.

Сондықтан қорғау тарапының бұл өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп сот санайды.

№2 өтінішхатында Қызылорда ОПД-нің тергеушісі А.Әділованың сотталушы К.Ж.Аширбековтың «SAMSUNG» үлгісіндегі ұялы телефонын заттай дәлелдеме деп танудан бас тарту туралы қаулысының қарар бөлігіне өзгерту енгізіп, аталған ұялы телефонды иесіне немесе қорғаушысына қайтаруды сұраған.

Қылмыстық іс құжаттарына тіркелген Қызылорда ОПД-нің Тергеу басқармасының тергеушісі А.Әділованың 2022 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысымен аталған қылмыстық іс бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған сотталушы К.Ж.Аширбековке тиесілі «SAMSUNG» үлгісіндегі ұялы телефоны жайлы Жаңақорған АПБ-нің тергеушісі Ж.Жаңабергеновтің іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін Қызылорда ОПД-нің АЕК-не тіркелген №224300030000569 санды қылмыстық іс құжаттары бөлектеліп, бөлектенген құжаттар Қызылорда ОПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына тергеулігімен жолданған.

2022 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен сотталушы К.Ж.Аширбековке тиесілі «SAMSUNG» үлгісіндегі ұялы телефоны және оған қарап-тексеру жүргізілген бейнежазба көшірілген «DVD-R» дискі заттай дәлелдеме деп танудан бас тартылып, Қызылорда ОПД-ның айғақ заттарды сақтау камерасына сақтауға қойылған.

Яғни, жоғарыда аталған ұялы телефон тағдыры бөлектенген қылмыстық істің аясында шешілуге жатады.

Осыған сәйкес, қорғау тарапының бұл өтінішхаты да қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп сот санайды.

№3 өтінішхатында осы аталған қылмыстық іс бойынша 2022 жылдың 18 қыркүйегінен кейін, яғни 20 қыркүйек күні электронды қылмыстық іске енгізілген тізім кестесіне сәйкес, барлығы 101 құжаттарды, яғни куәлардың жауаптарын, сот сараптама қорытындыларын, заттай дәлелдеме деп тану қаулыларын және басқа да процестік құжаттарды заңсыз деп танып, жарамсыз дәлелдемелер деп тануды сұраған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 03.01.2018 жылғы №2 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі» Нұсқаулықтың 4) тармағына сәйкес, электрондық сот ісін жүргізу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді электрондық форматта жүзеге асыру, оның ішінде лауазымды адам қабылдаған процестік шешімдер мен әрекеттердің негізінде СДТБТ-ға электрондық құжатты енгізу немесе PDF-құжатты салу арқылы, сондай-ақ ЭЦҚ-мен қол қойылатын электрондық ақпараттық есеп құжаттарының қажетті деректемелерін (бұдан әрі – электрондық нысандар) толтыру болып табылады.  

Сондай-ақ, Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес, шығу арқылы жүргізілген тергеу әрекеттерінің (қарап-тексеру хаттамасы, эксгумациялау хаттамасы және басқа) қағаз түрінде құрылған немесе электрондық форматта енгізуге мүмкін болмаған қағаз жүзінде жасалған қылмыстық істің басқа материалдары бойынша, е-ҚІ модуліне кірістіріле отырып PDF-құжаты қалыптасады. Қағаздағы форматта келіп түскен және электрондық қылмыстық іс материалдарына тіркелетін құжаттар (өтінішхаттар, қолхаттар), қылмыстық процесті жүргізуші тұлғаға келіп түскеннен кейін осылайша PDF-құжатына ауыстырылады және е-ҚІ модуліне кірістіріледі. Көрсетілген құжаттар PDF-құжатына ауыстыру және е-ҚІ модуліне кірістіру, құжат жасалған немесе келіп түскен кейін дереу, бірақ жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Қылмыстық істің құжаттарды кеш енгізуіне байланысты  прокурормен кемшіліктерді жіберген қызметкерлерге қатысты тәртіптік жауапкершілік мәселесін шешу үшін ұсыным келтірілген.

Аталған қылмыстық іс бойынша электронды фоматта жүргізілген, қылмыстық іс құжаттары толығымен электронды форматта тізімге сәйкес енгізілген.

Бұндай жағдайда, 20 қыркүйек 2022 жылы қылмыстық істің барлығы 101 құжаттарын заңсыз деп тануға негіз жоқ деп сот санап, өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп сот санайды.

№4 өтінішхатында 2022 жылдың 15 қыркүйектегі №20-13-08-14/128/4147 санды қосымша сот-медициналық комиссиялық сараптама қорытындысын жарамсыз деп тануды, сотталушы К.Ж.Аширбековтың еркектік мүшесінің жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігі (қабілеті) жоқ деп тануды сұраған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік Кодексінің (бұдан-әрі-ҚПК-нің) 281-бабы 2, 4-бөліктеріне сәйкес, комиссиялық сараптама күрделi сараптамалық зерттеулер жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бiр мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргiзедi.

Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді тәуелсіз және дербес түрде толық көлемінде жүргізеді. Сараптама комиссиясының мүшелерi алынған нәтижелердi бiрлесiп талдайды және ортақ пiкiрге келгенде қорытындыға не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарға қол қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң қорытындыларына сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.

ҚПК-нің 283-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманы жүргізу мерзімдері мен орны; сот сараптамасын жүргізу негіздері; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәліметтер; сараптаманы жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); өзінің көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертілгені туралы сарапшының (сарапшылардың) қойған қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; олардың жай-күйі, қаптамасы, мөрленгені, куәгерлердiң қатысуы кезінде олардың қойған қолдарымен расталғаны; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндерінің негіздемесі мен тұжырымдалуы көрсетілуге тиіс.

Қылмыстық іс құжаттарына тіркелген 15 қыркүйек 2022 жылғы №20-13-08-04/128/4127 санды қосымша сот-медициналық комиссиялық сараптама қорытындысы бойынша, сотталушы К.Ж.Аширбековтың  Виагра тест арқылы зерттеуден үзілді-кесілді бас тартуына байланысты жыныстық қатынасқа түсу қабілеті бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік болмағанын көрсеткен.

Аталған сараптама тергеуші М.Әділованың 22 тамыз 2022 жылғы қаулысы негізінде тағайындалып, сараптама жүргізу үшін екі сарапшы, яғни сарапшы Б.Б.Садуов және үйлестіруші сарапшы С.Ж.Токатаев қатыстырылған, оларға тиісті түрде ҚК-нің 420 бабы негізінде қылмыстық жауапкершілігі ескертілген.

Ал, №6 емхана дәрігер-уроандрологі Д.А.Букаев тек маман ретінде қатыстырылған. Аталған қорытынды да Д.А.Букаев дәрігер-уролог ретінде сотталушы К.Ж.Аширбековтың жыныстық мүшесіне қарау жүргізіп, дәрігерлік кеңес берген. Алайда, оның маман ретінде қылмыстық жауапкершілігін ескерту заң талабында көрсетілмеген.

Яғни, қосымша сот-медициналық комиссиялық сараптама ҚПК-нің 283-бабы талаптарына сәйкес жүргізіліп, тиісті сарапшылармен сараптама қорытындысы негізделіп жасалған. Сондықтан оны жарамсыз дәлелдеме деп тануға негіз жоқ деп табады.

Сондықтан, қорғау тарапының бұл өтінішхаты да қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп сот санайды.

№5 өтінішхатында электронды форматта рәсімделген 2022 жылғы 18 мамырда, яғни күдікті К.Ж.Аширбековті күдікті ретінде ұстау хаттамасын заңсыз деп тануды, себебі бұл хаттама тергеуші Ж.Жаңабергеновпен емес, хаттаманы толтыруға құқығы жоқ лауазымды тұлғамен заңсыз әрі бұрмаланып толтырылғанын. Қорғауындағы К.Ж.Аширбековті күдікті ретінде заңсыз ұсталған деп танып, оны ақтау және заңсыз әрекеттермен келтірілген зиянды өтеу жөнінде  шаралар қабылдауды, себебі күдікті ретінде ұстау хаттамасы К.Ж.Аширбековтің нақты ұсталған уақытынан бастап 3-сағат ішінде толтырылмаған, хаттамада К.Ж.Аширбековтің қолтаңбасы жоқ және оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін ауызша түсіндірілмегенін. Күдікті ретінде ұстау туралы хаттамасының заңсыз толтырылып, хаттамадағы нақты ұсталу және хаттаманы толтыру уақыттарының бұрмалау дерегі бойынша жеке қаулы қабылдауды және оны тексеру жүргізу үшін прокурорға жолдауды сұраған.

ҚПК-нің 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу – қылмыстық қудалау органы қылмыстың жолын кесу және оған күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында немесе адамның жасырынуы не неғұрлым ауыр қылмыс жасауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, қылмыстық теріс қылық бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын процестік мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстық іс құжаттарына тіркелген электронды форматта рәсімделген 18 мамыр 2022 жылғы күдікті К.Ж.Аширбековті күдікті ретінде ұстау хаттамасы ҚПК-нің 128-131-баптарының талабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген негіздер жеткілікті болуына орай Жаңақорған АПБ-нің тергеушісі Ж.Жаңабергеновпен ұстап алу хаттамасы рәсімделген. Алайда, сол күні базаның жұмыс істемеуіне байланысты электронды жүйеге ұстап алу хаттамасы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 04:21-де рәсімделген. Жаңақорған АПБ-нің анықтаушысы Б.Абжаловпен ұстап алу хаттамасы аудандық ауруханада К.Ж.Аширбековке таныстырылған. Осы негізде, Жаңақорған АПБ-нің 2022 жылдың мамыр айының 17-і мен 18-і аралығында түсірілген бейнежазбаларынан нақты Ж.Б.Жаңабергеновтың электронды цифрлық жүйесімен басқа адам іс бойынша шешім қабылдауы өз дәлелін таппауына байланысты іс материалдары бұрмаланды деуге еш негіз жоқ.

Сонымен қатар, тергеуші Ж.Б.Жаңабергеновтің 18 мамыр 2022 жылғы қаулысымен аталған қылмыстық іс бойынша күдікті К.Ж.Аширбековке қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, заңдылығы қадағалаушы прокурормен келісіп, сотпен санкцияланған. Аталған қаулы заңды күшінде.

Демек, бұл жағдайда сот күдіктіні ұстап алу хаттамасында айтарлықтай заң бұзушылықтар орын алмауына байланысты оны бұрмаланған деуге негіз жоқ деп санайды.

Сондықтан, қорғау тарапының бұл өтінішхаты да қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп сот санайды.

№6 өтінішхатында электронды қылмыстық іске 2022 жылы 20 қыркүйекте енгізілген, Қызылорда ОПД-ң тергеу басқармасының тергеушісі А.Сейдеханның 2022 жылғы  28 шілдеде қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жоюды, Қызылорда ОПД-ң тергеу басқармасының тергеушісі А.Әділованың 2022 жылғы  18 тамызда қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жоюды, электронды қылмыстық іс бойынша, 2022 жылдың 28 шілдесінен бастап, 2022 жылғы 17 қыркүйек аралығында қабылданған, яғни К.Ж.Аширбековтің іс-әрекетін саралау қаулысын, сот-молекулярлы генетикалық сараптаманы тағайындау қаулысын, жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың ұялы телефонын алу қаулысын заңсыз деп тануды, сонымен қатар, осы аралықта жүргізілген 2022 жылғы 8 қыркүйектегі №270-санды сот-молекулярлы генетикалық сараптама қорытындысын, 2022 жылғы 14 қыркүйектегі жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың ұялы телефонын алу туралы хаттаманы жарамсыз дәлелдеме деп тануды, Қызылорда ОПД-ң тергеушілері А.Сейдахан мен А.Әділоваға қатысты жеке қаулы қабылдауды сұраған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 03.01.2018 жылғы №2 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі» Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес, шығу арқылы жүргізілген тергеу әрекеттерінің (қарап-тексеру хаттамасы, эксгумациялау хаттамасы және басқа) қағаз түрінде құрылған немесе электрондық форматта енгізуге мүмкін болмаған қағаз жүзінде жасалған қылмыстық істің басқа материалдары бойынша, е-ҚІ модуліне кірістіріле отырып PDF-құжаты қалыптасатыны қарастырылған.

Сондықтан бұл өтінішхат та қанағаттандырудан бас тартылуға жатады.

№7 өтінішхатында    электронды қылмыстық ісіне енгізілген, яғни қағаз нұсқада рәсімделген  2022 жылғы 18 мамырдағы К.Ж.Аширбековтан күдікті ретінде жауап алу хаттамасын жарамсыз дәлелдеме деп тануды, себебі электронды істегі хаттамада тергеушінің қолтаңбасы қойылмағанын көрсеткен.

ҚПК-нің 199-бабы талаптарына сәйкес, хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық өзге де адамдар қол қоятыны көрсетілген.

«Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі №4 Нормативтік қаулысының 19-шы бөлігіне сәйкес, тергеу іс-әрекетінің хаттамасын дәлелдеме ретінде бағалаған кезде, оның ҚПК-нің 123-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру қажет. Егер тергеу іс-әрекетінің хаттамасын жасаған кезде іс жүргізу заңдарын елеулі бұзушылықтарға (хаттамада тергеушінің, куәгердің қолы қойылмаған болса және т.б.) жол берілсе, онда ол жарамсыз дәлелдеме деп танылуы тиіс.

Сондықтан сот 18 мамыр 2022 жылғы күдікті К.Ж.Аширбековтың жауап алу хаттамасында тергеушінің қол қоймауына байланысты жарамсыз деп танылып, қорғау тарапының бұл өтінішхаты қанағаттандыруға жатады деп санайды.

№8 өтінішхатында жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың ұялы телефонын алуды заңсыз деп тануды және қорғауындағы К.Ж.Аширбековтің СМС хабарламаларын жарамсыз дәлелдемелер деп тануды сұраған. 

«Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі №4 Нормативтік қаулысының 17-ші бөлігіне сәйкес, қылмыстық процестік заңы (хаттама жасалмай, куәгердің қатысуынсыз және т.б.) бұзыла отырып алынған және іске қосылған заттай дәлелдемелер жарамсыз дәлелдемелер деп танылуы тиіс.

Қылмыстық іс құжаттарында тергеуші А.Әділова ҚПК-ң 256,221,118 баптарының талаптарын сақтамаған, заттай дәлелдемені алу үшін, алдымен алу туралы қаулысын қабылдап, осыдан кейін осы қаулының негізінде заттай дәлелдемені  алу туралы хаттаманы толтыру арқылы ұялы телефонды алуға тиіс болатын. Осыдан кейін барып,  ұялы телефон  ҚПК-ң 224 бабына сәйкес қарап тексеріледі.

Яғни жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың ұялы телефонын алу туралы хаттамасы тергеушімен мүлде жасалмағаны анықталды.

Осыған орай, сот қылмыстық іс бойынша Қызылорда ОПД-нің Тергеу басқармасының тергеушісі А.Әділовамен жәбірленуші Э.Р.Шахимеденовадан ұялы телефонын алу барысында ҚПК-нің                          талаптары сақталмай, алу жүргізу қаулысынан кейін, алу жүргізу хаттамасы жасалмай, нәрселерге қарап тексеру хаттамасы жүргізілмеуіне байланысты К.Ж.Аширбековтың СМС хабарламаларын жарамсыз дәлелдемелер деп тануға,  қорғау тарапының бұл өтінішхатын қанағаттандыруға жатады деп санайды.

№9 өтінішхатында  жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың киімдерін алу хаттамасы және фотокестесі ҚПК-ң талаптары өрескел бұзылып  толтырылғандықтан және электронды форматтағы іске енгізілмегендіктен, айыптау жағының бұл дәлелдемелерін жарамсыз дәлелдеме деп тануды сұраған.

Жәбірленуші Э.Р.Шахимеденовадан киімдерін алу жүргізу барысында ҚПК-нің 254-бабының талаптарына сәйкес жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес алынғандықтан бұл өтінішхаты қанағаттандырудан бас тартылуға жатады деп санайды.

№10 өтінішхатында тергеуші Ж.Жанабергеновтің 27 мамыр 2022 жылы жәбірленуші Э.Р.Шахимеденовадан қан үлгісін алу туралы қаулысын шығаруға және жәбірленушіден қан үлгісін дәрігердің көмегімен алуға ешқандай процестік құқығы болмағандықтан, Э.Р.Шахимеденовадан қан үлгісін алу қаулысын заңсыз деп танып, қан үлгісін алу туралы  хаттаманы және одан алынған қан үлгісін жарамсыз дәлелдемелер деп тануды. 18 мамыр 2022 жылғы тергеуші Ж.Жанабергеновтің жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныстық мүшесінен сүртінді үлгісін сот сарапшысы М.Усмановтан  алу туралы қаулысын  және  жәбірленушінің жыныстық мүшесінен сүртінді үлгісін  сот сарапшысы М.Усмановтан  алу туралы хаттамасын заңсыз деп танып, алу туралы хаттаманы және жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың  жыныстық мүшесінен  алынған сүртінді үлгісін жарамсыз дәлелдеме деп тануды. Жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың қан үлгісі бойынша және оның жыныстық мүшесінен алынған үлгі бойынша жүргізілген, сот-молекулярлы генетикалық сараптама қорытындысын жарамсыз дәлелдеме деп тануды сұраған.

2022 жылғы 17 мамырдағы тергеу тобын құру туралы қаулысына сәйкес №224340031000099 қылмыстық істі тергеп тексеру үшін тергеу тобы құрылып, тергеу тобының жетекшісі Ж.Б.Жаңабергенов, мүшелері Н.Н.Дәулет және Б.К.Абжалов болып бекітілген.

ҚПК-нің 194-бабы 4 бөлігінің тәртібінде, топ жетекшiсi осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу әрекеттеріне қатысуға, тергеу әрекеттерін жеке өзi жүргiзуге және шешімдер қабылдауға құқылы.

Яғни 2022 жылы 27 мамырдағы тергеу тобының мүшесі  Ж.Жаңабергеновпен қан үлгісін алу туралы қаулысы заңды және негізді болып табылады.

Одан бөлек Э.Р.Шахимединовада алынған сүртінді сарапшының қолтаңбасы алынбағанын көрсеткен. Алайда сот отырысында сарапшы сүртіндіні өзімен алынғанын, қолтаңбалар тиісті құжаттарға қойылғанын жоққа шығарған жоқ.

Бұндай жағдайда қорғау тарапының өтінішхаты қанағаттандырудан бас тартылуға жатады.

11 өтінішхатында Қызылорда облыстық полиций Департаментінен алынған  8 дана DVD-R  дискілері дәлелдемелер қатарында іс құжатарына тіркеуді сұраған.

Алайда аталған дискілер ҚПК-нің заң талаптарына сай алынбағандықтан дәлелдемелер қатарында жатқызылуға жатпайды, бірақ іс құжаттарына тіркелуі тиіс.

ҚПК-нің 24-бабына сәйкес, іс материалдарын және істің мән-жайларын зерттеп, әрбір дәлелдемеге қатыстылығы, жол берілушілігі, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелерге олардың жиынтығында істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан баға беріп, сот төмендегі тұжырымға келеді.

Сот сотталушы К.Ж.Аширбековтың сотта кінәсін мойындамағанын, жәбірленушіні зорламағаны, ондай жағдайдың болмағаны, оған қатысты полиция қызметкерлерімен қысым көрсетілді деген жауабына сын баға береді.

Себебі, бұл оның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдетуге бағытталған қорғану тәсілі деп санайды.

Сотталушының бұл уәждері сотта зерттелген дәлелдемелермен жоққа шығарылып, оқиғаның мән-жайына қайшы, керісінше кінәсі төмендегі дәлелдемелермен бекітіледі.

Жәбірленуші Э.Р.Шахимединова 2022 жылдың 17 мамырында 18 сағат 00 минут шамасында сотталушы К.Ж.Аширбековтің өзін Жаңағорған кенті, Жайылма ауылына қарасты далалық жерде күш қолданамын деп қорқытып, еркінен тыс жыныстық қатынас жасағаны үшін заң жүзінде шара көруді сұрап, оқиға орнында Жаңағорған АПБ-не арызымен (іс 1-том 7-8 беттер).

Полиция қызметкерлері Б.Абжалов пен Ж.Жаңабергеновтер оқиға орнында жәбірленушінің сотталушының еркінен тыс жыныстық қатынас жасағаны туралы айтып, оқиға орнында арыз жазғанын көрсеткен. Арыздың оқиға орнында жазылғанын сотталушы да жоққа шығарған жоқ.

Себебі сотталушы сот тергеуіндегі жауабында жәбірленушіні полиция инспекторлары оқиға орнында мәжбүрлеп жаздыртты деп  жауап берген. 

Жәбірленуші Э.Р.Шахимединовадан  2022 жылдың 18 мамырында жауап алынып, хаттамаға сәйкес сотталушының жәбірленушіге күш қолданып еркінен тыс жыныстық қатынас жасағанын көрсеткен. (іс 1-том 73-79 беттер).

2022 жылдың 20 мамырындағы сот қаулысымен жәбірленушінің жүктілігіне және отбасылы болуына байланысты жауаптары ҚПК-217 бабының талаптарымен сақталған (іс 1-том 142-143 беттер).

Аталған жауаптарды жәбірленуші сот тергеуінде де толық қуаттап, өзінің еркінен тыс сотталушының жыныстық қатынас жасағанын, денсаулығына жеңіл жарақат келгенін көрсеткен.

2022 жылғы 16 маусымдағы №20-13-08-26/1586/2472 санды жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға қатысты жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Э.Р.Шахимеденованың «екі қолы қары, екі аяқ саны тіндерінің қанталағандары» түріндегі дене жарақаттарын алған, олар қатты жұмыр заттың әсерінен салынған, яғни қол-саусақтарымен қысу механизмі арқылы алынуы мүмкін. Бұл дене жарақаттары Э.Р.Шахимеденованың денсаулығына «жеңіл» зиян келтірген және оқиға болған күнге сәйкес келетіні тұжырымдалған (іс 2 том, 61-64 беттер).

Сондай-ақ, сот отырысында сарапшы маман М.Усмановта осы аталған сараптама қорытындысын толық қуаттап бекітті.

2022 жылғы 7 шілдедегі №350 санды криминалисттік зерттеу қорытындысына сәйкес, жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға тиесілі зерттеуге ұсынылған қызыл түсті іш киімде зақым бар. Зерттеуге ұсынылған ақшыл қызыл түсті іш киімде оң жақ қапталындағы тігілген жері тігісінен жыртылып ажыраған зақым бар. Зақым жұлқу, тарту әсерінен қалған деп тұжырымдаған (іс 2 том, 164-168 беттер).

Демек, сараптама қорытындысына жасалған талдауға сай, жәбірленуші Э.Р.Шахмиденоваға келтірілген бұл дене жарақаттары, сотталушы К.Ж.Аширбековтың оған күш қолданып, еркінен тыс жыныстық қылмыстық іс-әрекеттерін жасағанын көрсетеді. Бұған қоса бұл анықталған жарақаттар, іш киіміндегі зақымдар жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың берген жауаптарымен сәйкес келеді.

Қылмыстық іс құжаттарына тіркелген 2022 жылғы 10 маусымдағы №20-13-09-13/165/2675 санды сот-биологиялық зерттеу сараптамасының қорытындысына сәйкес, 1) жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың қан тобы анти-А және анти-В изогемагглютининдері бар 0/1/ тобына жатады. 2) Күдікті К.Ж.Аширбековтың қан тобы анти-А және анти-В изогемагглютининдері бар 0/1/ тобына жатады. 3) Зерттеуге заттай дәлелдеме ретінде тапсырылған күдікті К.Ж.Аширбековтың сұр түсті іш киімінде адамның қаны араласпаған ер адамның ұрығы табылды. Тобын анықтау барысында жүргізілген зерттеулермен Н антигені анықталып, 0/1/ тобына жататын кез-келген ер адамнан болуы мүмкін екендігі бекітілді.

Сондықтан жоғарыдағы көрсетілген айғақ заттағы ер адамның ұрығы күдікті К.Ж.Аширбековтың қан тобына сәйкес болғандықтан күдікті К.Ж.Аширбековтың өзінен болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. 4) Зерттеуге заттай дәлелдемелер ретінде тапсырылған жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныстық мүше қынабынан алынған сүртінді де, қызыл түсті іш киімінде, ақ қызыл түсті гүлдері бар кофтасында, ақ түсті футболкасында, ақ түсті шалбарында, күдікті К.Ж.Аширбековтың қоңыр түсті шалбарында, қызғылт түсті футболкасында, «York» деген жазуы бар тәттілер кленкасында, 2 дана ақ түсті салфеткаларда, 1 дана қызыл түсті салфеткада, 1 дана ақ түсті салфеткада, автокөліктің алдыңғы жолаушылар орындығының жапқышында тексеру барысында қан және ер адамның ұрығы табылмады. Жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныстық қынабынан әйнек кесіндісіне алынған жұғындыларда ер адамның ұрығы табылмады деп бекітілген (іс 2-том, 51-57 беттері).

Қосымша тағайындалған сот-молекулярлы-генетикалық сараптаманың 2022 жылғы 8 қыркүйектегі №2740 санды қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныс мүше қынабынан алынған сүртіндіде (№3 объект) идентификацияға жарамды биоматериал бар, ал қызыл түсті іш киімде (№6 объект) идентификацияға жарамды биоматериал жоқ. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың жыныс мүше қынабынан алынған сүртіндіде (№3 объект) анықталған аралас биоқатпарлар жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың және күдікті К.Ж.Аширбековтың ДНҚ-нан болуы мүмкін. Бұл нәтижелер Ү-хромосомалық зерттеулер нәтижелермен расталғанын бекіткен (іс 3 том, 112-133 беттері).

Сонымен қатар, басты сот талқылауында сарапшы маман ретінде жауап берген Б.С.Альжанова қылмыстық іс бойынша жүргізген сот – молекулярлы-генетикалық сараптаманың қорытындысын толығымен қуаттап,  сараптама зерттеуінің толықтығын қамтамасыз ету үшін, қосымша Ү-хромосомалық ДНК-ға (генетикалық ер жынысты тұлғалардың гаплотиптерін анықтауға арналған) тиесілі арнайы зерттеу жүргізу нәтижесінде қорытындыда көрсетілген тұжырымға келгенін бекітті.

Жоғарыда аталған дәлелдемелер айып негізінде жатқызылуға жатады.

«Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы №4 нормативтік қаулысының 1 бөлігіне сәйкес, зорлау деп әйел жынысты адаммен оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып табиғи нысанда жасалған жыныстық қатынасты түсіну керек. Әйел немесе еркек жынысты адамға табиғи емес нысанда жасалған жыныстық құштарлықты қанағаттандыруды өзге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер деп түсіну керек.

Аталған Нормативтік қаулының 2,3-тармақтарының талабы бойынша,  зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді саралау кезінде жәбірленушінің моральдық келбеті, әлеуметтік мәртебесі, мінез-құлқы, кінәлі адамның және жәбірленушінің бұрынғы өзара қарым-қатынастары маңызды емес. Күш қолдану деп жәбірленушінің қарсылығын басуға бағытталған, мысалы, ұрып-соғу, тыныс алу жолдарын қысып жабу, аяқ-қолдарын ұстап жібермеу, киімін жырту, және с.с. әрекеттер жасауды түсіну керек. Зорлау, өзге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасау немесе оларды жасауға оқталу кезінде жәбірленушілердің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК-нің) 120 немесе ҚК-нің 121-баптарының диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді. Жәбірленушінің дәрменсіздігі деп оның дене немесе психикалық жағдайда (жастығына, қарттығына, дене кемтарлығына, ақыл-есінің ауысуына, басқаша ауру немесе есінен айырылу және т.с.с.жағдайларда) болуына байланысты кінәліге қарсылық көрсету мүмкіндігінің болмағандығын, соңғысының жәбірленушінің тап осындай халде екенін біле тұра, оны зорлауын немесе өзге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасауын түсіну керек екені қарастырылған.

Сотталушы К.Ж.Аширбековтің жәбірленуші  Э.Р.Шахимеденовамен оқиға болған күні жыныстық қатынасқа түспедім, соңғыға Жаңақорған АПБ-нің қызметкерлері тарапынан қысым көрсетілгенін, оның жалған арыз ұйымдастырып отырғанын көрсеткен жауаптары шындыққа жанаспайды.

Себебі сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, сотталушы К.Ж.Аширбековтің жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға күш қолданып, оған жеңіл дене жарақатын салып, іш киімін тартып жыртып, оның аяғы ауыр екенін біле тұра, оның дәрменсіз күйін пайдаланып еркінен тыс жыныстық қатынас жасағаны толықтай өз дәлелін тапты.

Сотталушы К.Ж.Аширбековтің іс-әрекеті ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен дұрыс сараланған, себебі, ол жәбірленушіге күш қолданып, еркінен тыс жыныстық қатынас жасап, зорлаған.

ҚК-нің 11-бабы 2-бөлігінің талабына сәйкес, сотталушы К.Ж.Аширбековтің ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігіндегі қылмыстық әрекеті  ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сот, ҚК-нің 53-бабына сәйкес сотталушының жас балалаларының  болуын қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайы деп таниды.

ҚК-нің 54-бабына сәйкес сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайы деп жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасауын таниды.

ҚК-нің 52-бабы 2,3-бөліктеріне сәйкес, қылмыс жасаған адамға  оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті жаза тағайындалуға тиіс.

Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі сотталушының жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі  және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, жәбірленушінің жеті баланың анасы екенін, оның отбасылы және соңғының жүктілік жағдайында екенін біле тұра қылмыс жасауын, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның  түзелуіне  және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік  жағдайына ықпалы  ескеріледі.

«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы №4 нормативтік қаулысының 1-тармағына сәйкес, сот қылмыстық жаза тағайындаған кезде, ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтай отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайдың болуын, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау негіздерін ескере отырып, сотталушының жеке басына қатысты мәліметтердің жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар екенін назарға ала отырып, оларды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеп, қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, тағайындалған жазаның түзелуіне ықпалын ескереді.

Сот жәбірленушінің, оның өкілінің, сотталушы мен оның қорғаушыларының, қоғамдық қорғаушылардың пікірлерін, мемлекеттік айыптаушының қорытындысын тыңдап, сотталушыға жаза тағайындаған кезде, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушы К.Ж.Аширбековке қоғамнан оқшаулату арқылы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп есептейді.

ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігі 2) тармағына сәйкес, сотталушы К.Ж.Аширбеков ауыр қылмыс жасаған, бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген адам ретінде жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуі тиіс.

ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігі 2) тармағына сай сотталушы К.Ж.Аширбековтің 2022 жылдың 18 мамыр пен үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақытының бір күні орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылуға жатады.

ҚК-нің 98-2-бабы 4) тармағының талабына сәйкес сотталушы К.Ж.Аширбековтен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни   61 260 (алпыс бір мың екі жүз алпыс) теңгеден жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндіруге жатады.

ҚПК-нің 166-бабы 1-бөлігінің талабы бойынша, азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.                                                                                                        

Басты сот талқылауы барысында жәбірленуші Э.Р.Шахимеденова сотталушы К.Ж.Аширбековтен азаматтық жауапкер ретінде оның қылмыстық әрекетімен келтірілген 60 000 000 теңге моральдық шығынды өндіруді сұраған талап қоюын берген.

Басты сот талқылауында азаматтық талап қоюшы Э.Р.Шахимединова талапты толық қуаттап, азаматтық жауапкерден моральдық зиян 60 000 000 теңгені өндіруді сұрады.

Азаматтық жауапкер К.Ж.Аширбеков азаматтық талапты мойындамай, келтірілген моральдық зиянды өзінен өндіруге қарсы екенін көрсетіп түсінік берді.

ҚПК-нің 166-бабы 1-бөлігінің талабына сәйкес, бойынша азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 951-бабы 1, 2-тармақтарының талабына сәйкес, моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.). Моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi.

«Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 3-тармағының талабы бойынша,  моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің немесе олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет.

Жан азабы (адамның эмоциялық-еріктік уайымдары) деп оның басынан кешкен қорлануына, ызалануына, қысым жасалуына, ашулануына, ұялуына, түңілуіне, залал шегуіне, қолайсыз жағдайға болуына және т.б. қатысты сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер жәбiрленушiнiң өзiнің, сондай-ақ оның жақын туыстарының, жұбайының/зайыбының өмiрi мен денсаулығына құқыққа қарсы қол сұғылудың; бас бостандығынан заңсыз айырылудың немесе шектелудің, не емiн-еркiн жүрiп-тұру құқығынан заңсыз айырылудың; денсаулығына зиян келтірілуiнің, оның iшiнде адамның бет әлпетiне танымастай болып жарақат пен сызат түсiретiн; отбасылық, жеке немесе дәрiгерлiк құпиясы ашылуының; хат-хабар алмасу, телефон немесе телеграф ақпараты құпиясы бұзылуының; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердiң таратылуының; өз атына, өз бейнесiне құқықтарының бұзылуының; оның авторлық құқығының және аралас құқықтарының бұзылуының және т.б. салдарынан келтірілуі мүмкiн.

Осы нормативтік қаулының 7-тармағының талабы бойынша моральдық зиян өтемақысы сомасын сот ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып анықтайды.  Моральдық зиян өтемақысының мөлшерін, егер оны анықтаған кезде азаматтың өзіндік мүліктік емес құқықтарының бұзылуына байланысты мән-жайлар ескерілсе, ақыл-парасатқа сай әрі әдiл деп есептеген жөн. Ақшалай өтемақының мөлшері құқыққа қарсы әрекет жасалғаны үшін және оның зиян келтірушіге келтірілген салдары үшін жауапкершілік шарасы болады.

Моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде азаматқа келтiрiлген жан мен тән азабының ауырлығын, оның субъективтік бағалануын, сондай-ақ осы жағдайларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда:     өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың (өмiрi, денсаулығы және т.б.) өмiрлiк маңызын; жәбiрленушiнiң басынан кешірген жан немесе тән азабының дәрежесін (дене жарақаттарының келтірілуі, еңбек қабiлетiн жоғалтуы немесе оның шектелуi және т.б.) назарға алу қажет.

Соттың тұжырымы бойынша сотталушы К.Ж.Аширбеков жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға қатысты құқық бұзушылық жасаған кезде жәбірленушінің өзі және оның жақын туыстары жоғарыда аталған сезімдерді басынан кешірген, олардың бойларында жан, тән азабы туындаған. Сондықтан моральдық зиянды кінәліден өндіру туралы талап-арызы заң талаптары бойынша ақша нысанында өтелуі қажет.

Бұл жағдайда, іс құжаттарымен азаматтық талап қоюшы Э.Р.Шахимеденованың азаматтық жауапкер К.Ж.Аширбековтен қылмыстық іс әрекеті салдарынан отбасында әртүрлі келеңсіз жағдайлар туып, көп балалы ана ретінде және отбасылық өмірі бұзылып, көпшілік алдына шығуға ұялып, оның артынан түрлі жағымсыз сын әңгімелер айтылып, жан және тән азабын басынан кешіргені бекітіледі.

Сондықтан, сот талап қоюды ішінара қанағаттандырып, азаматтық жауапкер К.Ж.Аширбековтен азаматтық талапкер Э.Р.Шахимеденованың пайдасына 2 000 000 теңге моральдық зиян өндірілуге жатады деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар сот қылмыстық іспен орын алған нақты мән-жайларды, одан кейінгі оқиғаларды ескере отыра, әділеттілік пен жеткілікті және ақылға сыйымды принциптерді басшылыққа алды.

ҚПК-тің 167-бабы 3-бөлігіне сәйкес, талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылатындықтан, талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

Бұл жағдайда, моральдық зиян өндіру үшін төленетін мемлекеттік баж сомасы 1 725 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж мемлекет кірісіне баж төлеуден босатылмаған азаматтық жауапкер К.Ж.Аширбековтен өндірілуге жатады.

ҚПК-нің 170-бабы 2-бөлігінің талабына сәйкес, азаматтық жауапкер К.Ж.Аширбековке үкімді азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындауы үшін үкім заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзім белгіленуі тиіс.

ҚПК-нің 178-бабы 9-бөлігіне сай, сотталушыдан процессуалдық шығындар өндірілуге жатады.

Қылмыстық іс бойынша жүргізілген сот сот-сараптамалар шығындары жалпы – 581 420 теңге құраған. Сондықтан аталған процестік шығындар сотталушы К.Ж.Аширбековтен өндірілуге жатады.

Қылмыстық іске тіркелген заттай дәлелдемелердің тағдыры ҚПК-нің 118-бабы талабына сәйкес шешілуге тиісті.

 

ҚАРАР БӨЛІГІ:

 

ҚПК-нің 387-390, 392-393, 395-398, 401-402-баптарын басшылыққа ала отырып, сот

ҮКІМ ЕТТІ:

 

Сотталушы Карасай Жорабекович Аширбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 (алты) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айырылсын.

Сотталушы Карасай Жорабекович Аширбеков жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленсін.

Сотталушы Карасай Жорабекович Аширбековтің «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.

Сотталушы Карасай Жорабекович Аширбековтің жаза өтеу мерзімі 2022 жылдың 18 мамырдан бастап есептелсін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабы 3-бөлігі 2) тармағына сай, сотталушы Карасай Жорабекович Аширбековтің 2022 жылдың 18 мамырдан бастап, үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақытының бір күні орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір  жарым күні есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылсын.

Сотталушы Карасай Жорабекович Аширбековтен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 61 260 (алпыс бір мың екі жүз алпыс) теңге жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілсін.

Сотталушы Карасай Жорабекович Аширбековтен қылмыстық іс бойынша сараптама жүргізу үшін жұмсалған процестік шығын 581 420 (бес жүз сексен бір мың төрт жүз жиырма) теңге мемлекет пайдасына өндірілсін.

Азаматтық талапкер Э.Р.Шахимеденованың азаматтық жауапкер К.Ж.Аширбековтен моральдық зиянды өндіру талабы ішінара қанағаттандырылсын.

Азаматтық жауапкер Карасай Жорабекович Аширбековтен азаматтық талапкер Эльмира Рустемовна Шахимеденованың пайдасына 2 000 000 (екі миллион) теңге моральдық зиян өндірілсін.

Азаматтық жауапкер Карасай Жорабекович Аширбековтен мемлекет пайдасына 1 725 (бір мың жеті жүз жиырма бес) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.

Сотталушы Карасай Жорабекович Аширбековке азаматтық жауапкер ретінде үкімнің азаматтық талаптар бойынша бөлігін өз еркімен орындауы үшін 1 (бір) ай мерзім белгіленсін және осы мерзім өткеннен кейін сот актісінің азаматтық талап бөлігінде мәжбүрлеп орындауға жататындығы туралы түсіндірілсін.

Заттай дәлелдеме ретінде танылып, Қызылорда облысының Полиция Департаментінің сақтау камерасына қойылған: жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың мен күдікті К.Ж.Аширбековтің қан үлгілері, жәбірленуші Э.Р.Шахимеденованың 1 дана қызыл гүлдері бар көйлегі, 1 дана ақ түсті футболкасы, 1 дана ақ түсті шалбары, 1 дана қызыл түсті іш киімі, жәбірленушінің жыныс қынабынан алынған сүртінді, жәбірленушінің жыныс қынабынан алынған әйнекке алынған жұғынды, күдіктіні К.Ж.Аширбековтің басқаруындағы автокөлікке қарап тексеру жүргізу барысында алынған автокөліктің орындығының жапқыштары (чехол), автокөлік артқы салоннан алынған микробөлшектер, күдікті К.Ж.Аширбековтен алынған 1 дана қара түсті шалбары, 1 дана сұр түсті іш киімі, 1 дана қызғылт футболкасы, оқиға орнына қарап тексеру жүргізу барысында алынған 3 дана ақ түсті, 2 дана қызыл түсті салфеткалар, 1 дана тәттілер кленкасы үкім күшінен енгеннен кейін жойылсын;

  • «Жаңақорған Тазалық» ЖШС-нің ақылы айып тұрағына қойылған, сотталушы К.Ж.Аширбековке тиесілі мемлекеттік белгісі РФ тіркеу белгісі Т041 НР 174 RUS «Opel» маркалы сұр түсті автокөлігі меншік иесіне қайтарылсын;
  • іске тіркелген, тергеу әрекеттерінің бейнежазбалары басылған 3 дана «DVD-R», «CD-R» дискісі іспен  бірге сақталсын;
  • жәбірленуші Э.Р.Шахимеденоваға қолхат арқылы қайтарылған «Iphone 11» үлгісіндегі ұялы телефон өзінде қалдырылсын.
  • Қорғаушы Қ.Дуйсембаевпен ұсынылған 8 (сегіз) дана бейнежазба дискілері және құжаттар іспен бірге сақталсын.

Үкімге апелляциялық шағымдар, өтінішхаттар осы сот арқылы үкім жария етілген күннен бастап, күзетпен ұстаудағы сотталушыға үкім көшірмесі табысталған күннен бастап он бес тәулік ішінде Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына берiлуi мүмкiн.

 

Судья                                                                                       Ж.Т.Сарбасова

Бакытжан Төрегожина

 

 

 

 

        

 

 

                            

Поделись, чтобы люди узнали:
.