Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУЛАР БОЙЫНША 2021 ЖЫЛҒЫ 1 -ЖЕЛТОҚСАННАН 31 -ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІНГІ АХУАЛҒА МОНИТОРИНГ

1- желтоқсан,  «Ар-Бедел» қоғамдық қорының азаматтық талаптары сотта қаралуда,  азаматтық белсенділер: А.Мүбараковқа, А.Әкішеваға, М.Жыланбаевқа, Н.Тастаевқа  қатысты  ҚР АҚ 918 бабымен Н.Назарбаевқа және Қ.Тоқаевқа «зиян келтіру»  және  «ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат тарату» бойынша [1].

1-желтоқсан , Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, “Қаражанбасмұнай” АҚ –да еңбек жағдайын жақсарту және еңбекақыны жоғарлату талабымен жұмысшылардың 2-ші ең үлкен ереуілі басталды[2]. 1-желтоқсан, Орал қаласы, Солодовникова Надежда М. Мәметова атындағы алаңға жалғыз пикетке шықты. Ол оған және тағы 50 отбасына бұзылған тұрғын үйдің орнына меншік құқығын қайтаруды талап етеді[3].  1-желтоқсан, Алматы қаласы, феминистік қозғалыс белсенділеріне 2022 жылғы 8 наурызда әйелдер құқығы үшін марш пен митинг өткізуден әкімдік бас тартты. Осы күні мәдени-көпшілік және ойын-сауық іс-шараларын өткізу бас тартуға негіз болды[4].

1 -желтоқсан, Ақтау қаласы, “FeminaVirtute” тобының  волонтері  және құқық қорғаушысы  Тұрдиева Ұлболсын,  оның бұрынғы жұмыс орнында өзінің қайтыс болуы туралы ақпардың жылдам тарап жатқаны туралы бұрынғы әріптесінен естіп-білді[5].

1 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР ӘҚБтК-нің 667-б.,1-б. лауазымдық тұлғаның хаттамасы бойынша, белсенділер Кенжібеков Әсет пен Матай Алмазға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

2 – желтоқсан, Алматы қаласы, Шаханова Жанель, тіркелмеген «Оян Қазақстан» қозғалысының белсендісі, ақын және диссидент Арон Атабектің өлеңдерін Абай ескерткіші жанындағы еске алу акциясында оқығаннан кейін қауіп-қатермен хат алғанын мәлімдеді[6]. 2 – желтоқсан, Алматы қаласы, Ильяшев Альнұр Бас прокуратураға 2019 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін тексеруді сұрап шағым берді және тергеуді бастап, Н. Назарбаев пен Қ.Тоқаевқа қорғау құқығымен куәгерлер мәртебесін беруді сұрады[7]. 2 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазақстанның ҚАЖК өзін Арон Атабектің өліміне кінәлі деп есептемейді»,— деп мәлімдеді Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев[8].

2 – желтоқсан, Алматы қаласы, «2021 жылғы тамыздан қарашаға дейінгі 4 айда Қазақстанда 22 адам ҚР ҚК 405-бабы 1/2-тармағы бойынша саяси уәжді айыптау бойынша сотталды. Нақты мерзімге сотталғандардың барлығы саяси тұтқындар деп танылды» – деді құқық қорғаушы Б. Төреғожина[9].  2 – желтоқсан, Алматы қаласы, Қытай консулдығының жанында Синьцзяньдағы (Шынжыңдағы)”лагерлерден”, жақын туыстарын босату туралы талап қойып шеру жасаған белсенділер, жаңадан ұстауға ұшырады[10].   2-3 желтоқсанда, Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасы адам құқықтары бойынша 13-ші Диалог пен әділет және ішкі істер жөніндегі 19-шы Кіші комитет онлайн режимінде өткізді. Пікірталастар Президент Тоқаевтың жақында Брюссельге жасаған алғашқы ресми сапарынан кейін болды[11].  3 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Мүгедектердің құқықтары» үшін қазақстандық еңбек, денсаулық сақтау және ішкі істер министрлеріне Еуроодақтың санкцияларын салуды талап етумен митинг өтті. Сондай-ақ Үкімет пен Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгіновтың отставкаға кетуін талап етті. Басталғанға дейін азаматтық киімдегі белгісіз адамдар митингті ұйымдастырушылардың өз үйлерінің жанында  тосқауыл қоюға тырысты[12].   3- желтоқсан, Қоғамдық палатаның депутаты Том Кмик (Канада) Канада Сыртқы істер министріне Алматы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Азамат Ізтілеуовке қатысты адам құқықтарын елеулі бұзушылықтар жасағаны үшін жеке санкциялар (Магнитскийдің санкцияларын) енгізуге шақырды[13]
3- желтоқсан, Орал қаласы, қала әкімдігі  белсенділер  Б.Өтебаев пен М. Ескендіроваға  12,16,18 желтоқсанда бейбіт жиын өткізуден бас тартты, осы күндері мәдени, мерекелік және спорттық іс-шаралар жоспарланғанына байланысты[14].

3- желтоқсан, Алматы қаласы, Мамай Жанболат, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-тармағы бойынша 14585 теңге айыппұл салынды. «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Байбек туралы өзінің тергеуін алып тастау туралы сот үкімін орындамағаны үшін.

4 -желтоқсан, Алматы қаласы, Юсупов Ниязбек, Кеңесхан Ақерке, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 11-бөлігі бойынша,05.10.2021жылы «Intercontinental Almaty» қонақ үйіне қарама-қарсы орында санкцияланбаған бейбіт жиналысқа қатысқаны үшін, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

5-желтоқсан, Алматы қаласы, Сапарғалиев Мүслім,  Нұрланов Мұрат, Мүбәрәков Айдар, ҚР ӘҚБтК 488-б., 6-бөлігімен15 тәулікке қамауға алу,  27.11.2021жылы Уалиханов атындағы алаңдағы митинг пен шеруге қатысқаны үшін[15].

5 -желтоқсан, Талғар қаласы, Қараев Асылбек, ҚР ӘҚБтК 488-б., 7-б.15 тәулікке қамауға алу, азаматтарды 2021 жылғы 16-желтоқсандағы шеруге қатысуға шақырғаны үшін. Шақыру 2021 жылдың 26 -қарашасында “Ақ Сарай” мейрамханасында сөз сөйлеу кезінде айтылған. 6 – желтоқсан, Ақтөбе қаласы, қала әкімдігі Ольга Смирноваға «Зейнетке шығу жасын азайту» талабымен екінші пикетті өткізуге келісуден бас тартты. Шенеуніктердің пікірінше, қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болуы мүмкін, әлеуметтік желілерде пикетті қолдауға шақыру бас тартуға  негіз болды[16]. 6-желтоқсан, Алматы қаласы, Шәріпов Дархан зейнетақы қорында ақшаны пайдалану шарттарын жеңілдетуді және зейнетақылық «жеткіліктілік шегін» төмендетуді талап ететін жеке пикет өткізді. Белсенді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) кеңсесіне плакат ұстап шықты[17].
6-желтоқсан, Брюссель қаласы, Еуропарламентте Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі кіші комитеттің отырысы өтті. Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы соңғы оқиғалар және 2021 жылғы 2 желтоқсандағы ЕО-Қазақстан адам құқықтары жөніндегі диалогының қорытындылары бойынша кейінгі шаралар туралы есептерді ұсынумен өтті[18].

6-желтоқсан, #ActivistsNotExtremists құқық қорғау тобынан 2021 жылғы 29 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңде адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізу[19].

6-желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Закирова Сановар, әкімдікке 2021 жылғы 16 желтоқсанда «Назарбаевты Елбасы мәртебесінен айыру, ол бұл атаққа лайық емес» тақырыбы бойынша шеру өткізу туралы хабарлама жіберді және бас тарту алды [20].


6-желтоқсан, Орал қаласы, 50-ден астам ассенизатор-машиналардың иесі акцияға шықты, екінші жұмысшы кенті ауданындағы төгу станциясы үшінші ай жұмыс істемейтіндігіне байланысты өз жұмысын тоқтатқан. Станцияның жабылуына байланысты олар өз қызметтерінің бағасын 2 есе көтеруге мәжбүр болды, өйткені ағынды кәрізсуларды қаланың екінші шетіне төгу тиімсіз[21].

6-желтоқсан, 2021 жылғы 16- желтоқсандағы Тәуелсіздік күнінің қарсаңында қудаланған белсенділердің тізімі жарияланды[22].  6-желтоқсан, Ақсу қаласы, Павлодар облысы, әкімдік белсенді Емберген Құрмановқа жеке пикет өткізуден бас тартты, хабарламаны дұрыс құрастырмау оған негіз болды[23].

6 желтоқсан, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина:«Тәуелсіздік күні» қарсаңында белсенділерді ұстауды бастады. Ұсталудың себебі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жақындауы болып табылады және бұл біздің билікпен жылдан жылға қайталануда,билік жыл сайын превентивті ұстауларды жүргізуде, белсенділер олардың мерекелік іс-шараларын бұзбауы және көлденең келмеуі үшін алдын-алу шараларын жүргізеді»,- деп мәлімдеді[24].

6-желтоқсан, Алматы қаласы, «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» ғимаратының алдына жүздеген адам жиналып, оларға несиені кешіру туралы өтініш білдірді [25].

6 –желтоқсан, Еуропарламент депутаты Ружа Тун Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты жағдай туралы мәлімдеді: «Саяси тұтқындар азаптауға ұшырап, түрмеде шіріп қамауда отыр». Эльвира Әзімова-қазақ «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» біздің көзімізді жұмып оппозициямен қандай да бір диалог туралы ертегілерді айтады. Үкімет пен оппозиция арасында диалог жоқ. Демократия мен адам құқықтары туралы іс айтылғанда әдемі сөздер жеткіліксіз. Нақты деректерді талап етемін: қазақстандық билік оппозицияның қайсысымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қанша саяси тұтқын түрмеден босатылды!?» [26].

6 желтоқсанда Адам құқықтары жөніндегі кіші комитеттің отырысы кезінде Еуропарламент депутаты Начо Амор ЕО дипломаттары мен омбудсмен Әзімованың сөздерінен кейін: «Ауғанстан мен оның көршілеріне қатысты жағдай, Ауғанстандағы дағдарысты шешу үшін көлік дәлізінің қажеттілігі жиі талқылануда. Бұл тақырыптар Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі міндеттемелерді сақтау туралы мәселелерді талқылаудың маңыздылығынан басым түсетін сияқты болып көрінеді»[27].

6 декабря, заблокированный в Казахстане сайт Kuresker.orgсообщает, что  с 5 ноября по 6 декабряимели три заметных события: несостоявшийся митинг 20 ноября, смерть Арона Атабека, и длящееся преддверие ко Дню независимости Казахстана – 16 декабря

6 желтоқсан, Қазақстанда бұғатталған сайт Kuresker.org 5 қараша мен 6 желтоқсан аралығында үш елеулі оқиға болды деп хабарлады: 20 қарашада өткізілмеген митинг, Арон Атабектің қайтыс болуы және ұзақ болып кеткен 16 -желтоқсандағы Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің қарсаңы [28].

7- желтоқсан, Шымкент қаласы, Файзуллаев Ерлан, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша 27- қараша күні Алматы қаласындағы Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаңда санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін 15 тәулік әкімшілік жауапкершілікке тартылды [29].

7 -желтоқсан, Алматы қаласы, Арон Атабекті қорғау комитеті «диссидент» билік органдарына шаңырақтағы жарылыс қаупі туралы ескерткен. Ол Қазақстан үкіметін қала шетіндегі жағдайды ушықтырмауға шақырды, бұзылатын үйлердің тұрғындары мен билік арасында делдал болды. Шаңырақ оқиғасынан 55 күн бұрын Атабек Парламент депутаттарына мәселені бейбіт жолмен шешу қажеттігі туралы айтқан болатын [30].

7 –желтоқсан, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар Төреғожина мен Ағелеуов Алматы қаласының әкімдігін бейбіт шеру өткізуден бас тартқаны үшін сотқа берді және шенеуніктерді митингілерді мақұлдаған кезде таңдау жасайды деп айыптады [31].

7 –желтоқсан, Алматы қаласы, Ильяшев Әлнұр Медеу аудандық сотына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне талап арыз берді. Министрлік пен БЖЗҚ азаматтарға «жеткіліктілік шегі» деңгейінің алдағы уақытта көтерілетіні туралы алдын ала ескертпегені мәлімдемеге негіз болды[32].

7 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Кензин Ильшат ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша «сот озбырлығына қарсы» тақырыбында ҚР Жоғарғы Соты ғимаратының жанында келісілген пикет өткізгені үшін «ескерту»алды. Сол күні ол ҚР Бас прокуратурасының кеңсесінің жанында осындай акция өткізуді жоспарлады, бірақ полицейлер оны ұстап алғандықтан, ол мүмкін болмады [33].

7- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Президент Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. ҚР СІМ дипломаттары «алдын ала есептеулер бойынша рақымшылық жасауға 2 236 сотталған және пробация қызметінде есепте тұрған 11 310 адам түседі. Бірінші кезекте 1 000-ға жуық адам босатылып, 3 800 адам пробация қызметі тізілімінен шығарылады»[34].

7- желтоқсан, Бішкек қаласы, Еңбек құқықтары жөніндегі халықаралық мониторингтік миссияның 5-ші жыл сайынғы конференциясы Елшібаев Ержанды саяси тұтқыннан босатуды және кәсіподақ көшбасшылары Күшақбаев Нұрбек, Елеусінов Әмин, Харькова Ларисаға қатысты шығарылған барлық үкімдерді дереу жоюды талап етті. Сондай-ақ Роза Төлетаева мен Мақсат Досмағамбетов ақталсын[35].

7- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Мұсабаев Марат ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша, 05.10.2021 жылы Еуроодақ елшілігінің жанындағы бейбіт наразылық акциясына қатысқаны үшін,15 тәулікке қамауға алынды.

8- желтоқсанда, Алматы қаласы, Ермекбай Нұрзат және Халида Ақытхан Қытайдың Шыңжаң өңірінде қамауда отырған туыстарын босатуды талап етіп, плакаттарды ашып, туыстарын босатуды талап еткен кезде қайтадан ұсталды [36].

8 -желтоқсанда Қазақстандағы сот пробация қызметі сотқа ұсыныс жасады, белсенді Серікжан Біләшті іздестіруді және «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Отырыс 2021 жылғы 14 желтоқсанда Алатау аудандық сотында өткізуге белгіленді [37]. Сот бас тартты.

8 -желтоқсанда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстан Үкіметіне журналист Шәріп Құрақбаевтың отбасына 2013 жылы «Правды Казахстана» газетінің жұмысын тоқтатқаны және сот ісі үшін өтемақы төлеуді ұсынды[38].

8 -желтоқсан, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Б. Төреғожина омбудсмен Әзімованың адам құқықтарының бұзылуына жедел әрекет етуін талап етті, себебі еліміздің түрлі қалаларында 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы алдында азаматтарды ойдан шығарылған себептер бойынша қудалау басталды[39].

8- желтоқсан, Алматы қаласының әкімі Сағынтаев Қытай консулдығының алдындағы  акциялар туралы мәлімдеді: «Күн сайын шығып, қоғамдық тәртіпті бұзады» [40].

8 – желтоқсан,  Алматы әкімі Ильяшев Әлнұрға “Назарбаевқа сәлем” пикетін өткізуден бас тартты. Бас тартуға соттың 2020 жылғы 22 маусымдағы үкімі бойынша Ильяшевке 3 жыл бас бостандығын шектеу және қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалғаны негіз болды [41].

8 – желтоқсан, Алматы қаласы, «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы атқарушы органның Іле-Алатау ұлттық паркінің айналасында қорғау аймағын орнатпауына байланысты қала әкімдігіне талап арыз берді[42].

8 -желтоқсанда Protenge жобасының авторы, журналист Маричева Жамиля АҚШ Мемлекеттік департаменті құрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы Anticorruption Champions Award сыйлығының лауреаты атанды. Сыйлық «көшбасшылықты, батылдықты және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны анықтауға және оған қарсы күреске ықпал еткен» адамдарға беріледі [43].

8 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Сембай Асқар, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі, Космонавтар көшесі бойындағы Еуроодақ елшілігінің жанында 05.10.2021 ж. акцияға қатысқаны үшін, 15 тәулік қамауға алынды.

8- желтоқсан, Алматы қаласы, Аймұхаметова Сәуле, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша, 28.11.2021 жылы Абай атындағы алаңдағы пикетке қатысқаны үшін, 15 тәулік қамауға алынды.9 –  желтоқсан, Мубараков Айдар (Алматы қаласы), Файзуллаев Ерлан (Шымкент қаласы) ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынғандар, бейбіт митингке қатысқаны үшін 2021 жылғы 27 қарашада сот шешімімен келіспейтіні және олардың құқықтарының бұзылғаны үшін аштық жариялады [44].

9- желтоқсан, Алматы қаласы, «Оян Қазақстан» белсенділері Оспанова Тамина, Альжанов Димаш, Шарипов Дархан және Әбілсейіт Айзаттың телофондарының NSOGroup “Pegasus” тыңшылық бағдарламасын жұқтырғанын «Амнести Интернешнл»компаниясы хабарлаған болатын. Ұйым Қазақстандық тоғыз құқық қорғаушының смартфондарына сот-медициналық сараптама жүргізді, олардың төртеуі осы жылдың 3-5 маусымы аралығында бұзып ашылған болып шықты [45].

9 желтоқсан, Алматы қаласы, сот құқық қорғаушылар Төреғожина мен Агелеуовтың 20 қараша мен 11 желтоқсанда шерулер өткізу туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бас тартуға Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негіз болды, ол бойынша қалада ойын-сауық, мәдени бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, қалалық мобильділік басқармасы шеру өтетін жерде жөндеу-монтаждау жұмыстарын жоспарлады[46].

9 -желтоқсан, Алматы қаласы, «Орда.кз» сайтының журналисін Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың аты аталған іс бойынша сот отырысына  жіберілмеді. МЖӘ бағдарламасы бойынша Алматының көшесін жарықтандырумен айналысатын “ABM-Building 2007” компаниясы қала әкімдігімен соттасуда. Коммерциялық құпияға негіздеумен, сот процесті жабық жүргізді[47].

9- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Блялов Болатбек, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 7-бөлігі, 15 тәулікке қамауға алынды, 3 желтоқсанда «Мүгедектердің құқықтары үшін» митингісіне қатысуы оған  негіз болды[48].

9 – желтоқсан, Орал қаласы, Надежда Солодовникова Тұңғыш Президент атындағы алаңға жақындағанда  Мәжіліс спикері Нығматуллин келген күні пикет ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды [49].

 10 – желтоқсанда Human Rights Watch (HRW) Халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстанды Алматы қаласында әйелдер шеруін өткізуге рұқсат етуге шақырды және «Алматы қаласы билігінің 2022 жылғы 8 наурызда әйелдер құқығы үшін марш өткізуден бас тарту шешімі биліктің әйелдер құқығына, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың елеулі проблемасына бей-жай қарайтындығын көрсетеді» деп мәлімдеді [50].

10 -желтоқсан, Атырау қаласы, Боқай Макс саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, қаланың орталық алаңына жеке пикетке шықты. Қолында «Саяси тұтқындарға бостандық» деген жазуы бар плакат ұстап тұрды және  19,5 жылға сотталған Құрманғазы Өтегеновті босатуды талап етті. Алаңда онымен бірге 7 адам болды [51].

10 -желтоқсан, Алматы қаласы, «Астана Интеротель» қонақ үйі 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғаларға арналған фильмді көрсету үшін Жанболат Мамайға орын-жай беруден бас тартты. Бас тартуға қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы негіз болып табылды [52].

 10- желтоқсы, Алматы қаласы, БҰҰ-ға адам құқықтарын бұзғаны үшін Қазақстанға жаңа шағымдар түседі, деп хабарлады құқық қорғаушы Төреғожина Бақытжан [53].

10 – желтоқсанда омбудсмен Э. Әзімованың баспасөз қызметі 2021 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына 1614 өтініш келіп түскенін хабарлады. Прокуратура мен полицияның лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне 298 өтінішке, сот актілеріне шағым жасауға 215 өтінішке, «азаптаулар» бабы бойынша 655 қылмыстық іс қозғады. Осы бап бойынша ішкі істер министрлігінің 7 қызметкері сотталды, олардың бірі түзеу мекемесінің қызметкері болды [54]

10 – желтоқсан, Алматы қаласы, «Дүниежүзілік адам құқықтары күні» адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро Қазақстандағы саяси тұтқындарды қолдау мақсатында ақпараттық науқанды іске қосты [55].

10 – желтоқсан, Алматы қаласы, әкімдік Шегебекұлы Нұртай мен Иманғалиева Бибігүлге «Саяси тұтқындардың бостандығы, 2021 жылғы 11 ақпандағы Адам құқықтары жағдайы бойынша Еуропарламенттің қарарын орындау» тақырыбындағы митингті 16.12.2021 жылы өткізуден бас тартты. Бас тарту себебі: «Ashyq» жұмысын қамтамасыз ету және «жасыл» мәртебесі бар қатысушылардың іс-шараға жіберілуін және олардың санын бақылауға мүмкіндігі жоқ үй-жайлардан тыс жерде іс-шараларды өткізуге тыйым салынғандар қатарында» [56].

10 – желтоқсан, Маңғыстау станциясы, Маңғыстау облысы, Тұрдиева Ұлбосын, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі бойынша, 16 желтоқсан күні “Фейсбук”әлеуметтік желісінде митингке шақырғаны үшін, 145 850 теңге айыппұл алды.

12-  желтоқсан,  Нұрқанов Руслан (Шығыс Қазақстан облысы, Айыртау ауылы) және Есілбеков Бердібек (Алматы қаласы), ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша, 27.11.2021 жылы Алматы қаласындағы Уәлиханов алаңында өткен митингке қатысқаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды.

13 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, 40-қа жуық мұнара крандарының машинистері 4 талап орындалмаған жағдайда жалпы ереуіл жариялайтындарын мәлімдеді: жалақыны көтеру, президент пен үкіметтің отставкаға кетуі, зейнетке шығу жасын төмендету, шетелден жұмыс күшін әкелуге тыйым салу [57].

13 – желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, омбудсмен Әзімованың кеңсесі аштық жариялап қамауда отырған  Мубараков Айдар мен Файзуллаев Ерланға бару туралы сұрау салуға бас тартумен жауап берді[58].

13- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 7-бөлігімен 15 тәулікке қамауға алынған Болатбек Бляловтың әйелі Ақмарал Блялова, сот шешімімен келіспегендіктен, Бас прокуратура ғимаратына пикетке шықты [59].

13 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Сейдахметова Сәуле, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, астананың желілік паркіндегі акцияға қатысқаны үшін 10 тәулікке қамауға алу [60].

14- желтоқсан, Алматы қаласы, журналист Татьяна Ковалеваны қорғауға арналған баспасөз конференциясы, ҚР Әскери соттың судьясы журналистің объективтілік принципін бұзды және сотқа әсер етті деген жеке сот қаулысын шығарған. Жаза ретінде судья АҚДМға жауап беруді ұсынды. АҚДМ өз кезегінде редакцияға материалдарды алып тастауды “ұсынды” [61].

14 -желтоқсан, 16 желтоқсанда жалпықазақстандық бейбіт наразылық жариялануына байланысты саяси қудалауға ұшыраған белсенділердің тізімі[62].

14- желтоқсан, 2021 жылғы 22 қарашадан 14 желтоқсанға дейінгі кезеңде адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізу [63].

14 желтоқсан, Алматы қаласы, #НЕТУТИЛЬСБОРУ! Боқаев Санжар, Садырбаев Алмасбек, Ким Владимир басқа қазақстандықтармен бірлесіп баспасөз-митинг өткізді, онда мемлекеттің жекелеген жеке тұлғаларды байыту және партия құру жөніндегі заңсыз бастамаларына қарсы тұру ниеті айтылды. Үкіметке мәселені шешу үшін 1 ай уақыт берді[64].

15- желтоқсан, Алматы қаласы, Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентіндегі қайғылы оқиғалардың 10 жылдығына байланысты Қазақстанның құқық қорғау ұйымдарының мәлімдемесі. Мұнайшылардың бірнеше айлық ереуілінен кейін полицияның атыс қаруын қолдануы нәтижесінде ресми мәліметтер бойынша 17 адам қаза тауып, 86-дан астам адам жарақат алды[65].

15- желтоқсан, Алматы қаласы, «Қахарман» құқық қорғау қоры: 16 желтоқсан қарсаңында ықтимал наразылықтар қарсаңында кемінде 18 адам қудаланды. 14 адам «бейбіт жиналыстар туралы заңды бұзғаны» үшін сияқты болып 10-нан 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды [66].

15- желтоқсанда құқық қорғау ұйымдары БҰҰ өкілдерінің Қазақстанға 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларына тәуелсіз тергеу жүргізу туралы үндеуін қолдайтындықтарын мәлімдеді және азаптаулар мен зорлық-зомбылықты қолдануға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуды талап етті. «Либерти» қоры, Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро, «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымы және «Ар. Рух.Хак»ҚҚ мәлімдемеге қол қойды [67].

15 – желтоқсан, Алматы қаласы, ҚДП партиясының көшбасшысы Жанболат Мамайды «несиелік рақымшылық туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» ісі бойынша полицияға жауап алуға шақырды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өтінішінен кейін іс басталды. Мамайдың айтуынша, бұл қорқыту және азаматтарды 16 желтоқсанда өтетін жалпықазақстандық митингке қатысуға жол бермеу үшін жасалған [68].

15- желтоқсан, Алматы қаласы, Алматы мәслихатының депутаттары шерулер маршрутының өзгеруі туралы түсінік беруден және бейбіт жиналыстар, шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін маршрутты қысқарту туралы ұсыныстан бас тартады. Жаңа жоба бойынша маршрутты шамамен үш есеге – 4,4 шақырымнан 1,5 км-ге дейін қысқарту жоспарлануда [69].

15- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Кензин Ильшат, «Сот жүйесін реформалау» тақырыбы бойынша Қазақстан Жоғарғы соты ғимаратының жанында пикет өткізді, ұсталды [70].15 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Төлеген Мұратбек, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 12-бөлігімен, 23.10.2021 жылы “Facebook” – те «Кенесары хан кесенесі» жанындағы митингке шығу туралы ақпарат таратқаны үшін 10 тәулік қамауға алынды.

16- желтоқсан, Алматы қаласы, Хуаныш Досжан, ҚР ӘҚБтК 488-бабы 11-бөлігі, 15 тәулік қамауға алынды, 27.11.2021 жылы Алматы қаласындағы Уәлиханов атындағы алаңдағы шеруге қатысқаны үшін.

16 -желтоқсан, АҚШ сенаторы Бен Кардин Қазақстандағы бес заңсыз сотталған саяси тұтқындарды: Меңдіғазиевті, Құсманқызын, Есхожинді, Бегімбетовті және Қылышевті босатуға шақыру туралы твит жазды[71].

16 –желтоқсан, Өскемен қаласы, “Өскемен Водоканал” КМК-ның 100-ден астам қызметкері «Жалақы мөлшерін арттыруды талап етеміз!» плакатымен қарсылық акциясына шықты. Жұмысшылардың басты талабы-жалақы мөлшерін 100% – ға арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту [72].

16 – желтоқсан, Алматы қаласы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткішке  митингке «Желтоқсан, Жаңаөзен! Ұмытпаймыз, кешірмейміз!» лозунгімен ҚДП көшбасшысы Жанболат Мамай бастаған жүзге жуық адам жиналды. Алаңға жақын жолдарды полиция жауып тастады, сағат 11-00-ден бастап интернет жұмысын тоқтатты, митингшілерді іріктеп ұстау болды [73].

16 – желтоқсан, Алматы қаласы, бұрынғы саяси тұтқын Алмат Жұмағұлов үйден шыққан бетте ұсталып, күш қолданумен полицияға жеткізілді. Әблязовтың ҚДТ қозғалысына қатысы туралы сұрақтарды қоя отырып, себептерін түсіндірместен ұстап отырды және 20-00 сағатқа жуық босатты[74].

16- желтоқсан, Алматы қаласы, таңертеңнен бастап полиция Тәуелсіздік алаңын Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев көшесіне дейін қоршап алды[75].

16 -желтоқсан, Жаңаөзен қаласы, «Біз жендеттердің қолынан қаза таптық», 2011 жылы адам құқықтарының бұзылуы туралы, Жаңаөзен оқиғаларының куәгерлерінің айтуынша[76].

16 -желтоқсанда Алматы қаласында “Оян Қазақстан” Жастар қозғалысының он шақты өкілі Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғаларының құрбандарын еске алуға арналған арт-перформанс өткізді. Олар ақ жұмыс костюмдерді киіп алды, онымен Қазақстанның заңға бағынатын бейбіт азаматтарын бейнеледі. Костюмдердің арқа тұсында нысана белгісі(символы) бейнеленген [77].

16- желтоқсан, Орал қаласы, Мұқамбетжанова Сандуғаш, Өтебаев Бекболат және Хасанов Василий полицияға жеткізіліп, куәгер ретінде жауап алынып, үйлеріне жіберілді.Құжаттар мен түсіндірмелерді ұсынбай 3 белсендіні Полиция департаментінде ұстауды «жеткізу» деп атады [78].

16- желтоқсанда Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларында ондаған адам 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларының құрбандарын еске алды. Елордада еске алу акциясы Отан қорғаушылар монументінің жанында өтті, жиналғандар гүл шоқтарын қойып, дұға оқыды. Шымкентте жиналғандар дұға оқыды, оларды полиция тарапы бақылап тұрды. Кейбір белсенділер өз үйлерінде полиция кезекшілікте болғанын хабарлады [79].

16 -желтоқсан, Нұр-сұлтан қаласы, әкімдік SOS Taldykol белсенділеріне цирк аумағында көлді қорғауға митинг өткізуден бас тартты. Бас тартуға 16-19 желтоқсан аралығында цирк ғимаратының алдындағы алаңда қойылым өтетіндігі негіз болды [80].

16- желтоқсан, құқық қорғаушы Б. Төреғожинаның Қазақстан бойынша 16 желтоқсан қарсаңындағы әкімшілік жазалар тізімі [81].

16- желтоқсан, Нұр-сұлтан қаласы, Мұстафин Саркетпек, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша Еуроодақ елшілігі ғимаратының жанында санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін, оған 145 850 теңге айыппұл салынды [82].

17 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, журналист Татьяна Ковалеваға байланысты ҚР Әскери сотының 2021 жылғы 5 қазандағы қаулысына қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «sotreport.kz. интернет-ресурста орналастырылған материалдарда интернет-ресурстың қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату үшін негіздер байқалмайды» деген ұстанымды ұстанады[83].

17 -желтоқсан, Семей қаласы, “ELIMAY-defence of human rights in Kazakhstan” құқық қорғау тобынан 2021 жылғы 16 желтоқсандағы митинг қарсаңында Семей қаласы бойынша адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізу [84].

19- желтоқсан, Орал қаласы, Солодовникова Надежда, азаматтық белсенділігі үшін биліктің қысымына наразылық білдіріп, әйел өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады және сірке суын ішіп алды. Жақындарының хабарлауынша ауыр халде, ессіз жатыр[85].

19 -желтоқсан, Алматы облысының Талғар қаласы, Хасанова Клара Қазақстан Президенті мен Алматы облысының әкіміне «оның жеке пикетті өткізу құқығы бұзылды» деп жүгінді[86].

19- желтоқсанда, Алматы қаласы, Луганск көшесінде полиция қызметкерлері «Қайда әрі қарай» деген иммерсивті (әрекетке батыратын) аудиоспектакльдің (жазбаның) әртістерін жасырын “абыржып ашуланған” азаматтың қоңырау шалуына байланысты ұстады [87].

20 -желтоқсан, Алматы қаласы, ТИ-155/18, саяси тұтқын Рахымжанов Ноян, қолдау көрсету, назар аудару және тергеу изоляторына беріп жіберген сәлем-сауқыттар үшін алғыс сөздерін жеткізеді. Достар, сіздің қолдауыңыз Ноян мен басқа саяси тұтқындарға күресті жалғастыруға көмектеседі [88].

20 – желтоқсан,  Алматы қаласы, Алатау аудандық соты Шыңжаңдағы байырғы этностардың құқықтарын қорғаумен танымал белсенді Серікжан Білашты іздестіруді талап еткен пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырудан бас тартты [89].

20- желтоқсан, Орал қаласы, белсенді Надежда Солодовникованың суицид жасау әрекетінен кейін полицияда ҚР ҚК 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды және «сотқа дейінгі тергеу» басталды [90].

20 желтоқсан, Ақтау қаласы, Исмакова Айжан, ҚР ҚК 405 бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу және 2,5 жылға әлеуметтік желілерді пайдалануға және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салу үкімін жариялады [91].

21 желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, азаматтық белсенділер бейбіт азаматтарды қудалауды тоқтатуды және саяси тұтқындарды босатуды талап етеді және Алматыдан келген 13 азаматтық белсендіге қатысты саяси негізделген іс бойынша апелляциялық сот өтуі тиіс екенін еске салады – бірақ сот 28 желтоқсанға ауыстырылды [92].

21 желтоқсан, Ақтау қаласы, Қаналиев Абзал, ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі және 293-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеуге, 2,5 жылға әлеуметтік желілерді пайдалануға және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуға үкім шығарды[93].

22- желтоқсан, Павлодар қаласы, Есхожин Ербол, ҚР ҚК 405-бабы 1-бөлігі, сот түрме мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырды. Қалған мерзім, бір жыл және екі ай, ол бас бостандығын шектеумен, қоғамдық шараларға қатысуға және әлеуметтік желілерді пайдалануға бес жылдық тыйым салумен және 100 сағаттық мәжбүрлі жұмыстармен айналысады [94].

22 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмарал Блялова қалалық әкімдік алдындағы пикетке шығып, тұрғын үй мәселесін «Біз өмір сүргіміз келеді, күнелтіп өмір сүргіміз келмейді. Біздің құқықтарымызды шектемеңіз!»  Оның жанындағы қызы мүгедектер арбасында отырды. Кешке қарай елордалық билік Бляловаға жалдамалы тұрғын үйге төлем жасау үшін 200 мың теңге беріп жіберді[95].

22- желтоқсан, Алматы қаласы, Қуанышалин Жасарал, Мубараков Айдар, Иманғалиева Бибігүл баспасөз мәслихатында полиция қызметкерлерінің «заңсыз әрекеттерінен» зардап шеккенін айтты, күш қолданып, дөрекі ұстау кезінде жарақат алғанын хабарлады[96].

22 -желтоқсан, Алматы қаласы, қалалық апелляциялық сот отырысы белсенді Инга Иманбайдың уақыты өтіп кеткен жүргізуші куәлігінің орнына жаңасын шығаруға тыйым салу туралы Алматы қаласының №2 Әуезов сотының шешімін күшінде қалдырды [97].

22- желтоқсан, Шымкент қ.аласы, ҰҚКД СИ, Әміров Ерұлан, ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігі,256-бабы 1, 2-бөлігі, 405-бабы 2-бөлігі, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенді! Ол камерада асылып қалуға әрекет жасады, оны жіптен босатып алып, оған көмек көрсетілді [98].

22 -желтоқсан, 2021 жылғы 16 желтоқсандағы бейбіт наразылықтарға байланысты саяси қудалау туралы «Қахарман» құқық қорғау қорының тізімі [99].

23 желтоқсан, «Ар-Бедел» ҚҚ азаматтардың ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін дәлелсіз көрінеу жалғансөз жеткізулерімен айыптаулары ұсынылған жалған сот талап-арыздары арқылы биліктің қарсыластарын ғана саяси қудалайды [100].

23- желтоқсан, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Экологиялық белсенділер Николай Катчиев пен НазаренкоАлександраға ҚР ҚК-нің 174-бабы «адамдар тобында әлеуметтік алауыздықты тудыру» қолданылды, іс материалдары прокуратураға жолданды [101].

23 -желтоқсан, Нұр-сұлтан қаласы,  Қазақстан Парламентінің Сенаты өлім жазасын жою мәселесі бойынша Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер пакетін мақұлдады. Заң жобасында «өлім жазасы» ұғымы заңнамадан толығымен алынып тасталады [102].

24- желтоқсан, Алматы қаласы, тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық партиясының» белсенділері ұсталды.16 желтоқсанда “Тәуелсіздік” монументі жанындағы митингке қатысу оған негіз болды. Достияров Абзал – 20 тәулікке қамау, Байтереков Нұрбол, Ырысбек Тоқтасын- 15 тәулікке қамау, Дүйсебаева Аружан- 145850 теңге айыппұл, Жолаев Мейірхан -ҚР ӘҚБтК 488  бабы бойынша «ескерту» [103].

27 –желтоқсанда, Алматы қаласында, Қытай консулдығының  алдындағы мерзімсіз пикеттерге қатысушылар тобы көлік салонында наразылық акциясын өткізді. Бұрын бірнеше рет ұсталған адамдар көлік салонынан шыққан жоқ. Полицейлер консулдыққа іргелес көшедегі жүру жолдарды бұғаттады[104].

27- желтоқсан,Түркістан облысы, Шымкент қаласы менТүркістан облысының белсенділері Әміров Ерұланды босатуды талап етіп билікке жүгінді [105].

27- желтоқсан, 2021 жылғы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік наразылықтар. Биыл ел тұрғындары жалақының төмен болуына байланысты жиі наразылықтар білдірді. Мұнайшылар, дәрігерлер мен жүргізушілер ереуілге шықты. «Азаттық»  радиосы басты  әлеуметтік наразылықтарды қорытындылады [106].

28 -желтоқсан, Нұр-сұлтан қаласы, азаматтық белсенділер Әсия Бақаева мен Асқар Сембай Қазақстан Жоғарғы сотының ғимаратына пикетке шықты. Олар, аппеляциялық шағымдарын қазір сот қарайтын, Алматыдан келген 13 белсендіні толық ақтауға шақырды[107].

28 -желтоқсан, Алматы қаласы,13 белсендіні қолдау белгісі ретінде қалалық сот ғимаратының алдына 50-ден астам адам жиналды. Көшеде жиналғандар ауа температурасы нөлден төмен болғандықтан, процестің барысын бақылау үшін ғимаратқа кіруді талап етті. Алайда, жиналғандарға ешкім шықпады және кіреберісте полиция кордоны қойылды. Көбісі бұған наразылықпен жауап берді: «Полиция бізді қорғамайды, олар белсенділерді өлтіреді»[108].

28- желтоқсан, Алматы қаласы,  сотталған 13 белсендінің онлайн отырысы өтті. Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасы ҚРҚК 405-бабы 1/2-бөлігі бойынша сотталғандардың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сот алқасы бірінші сатыдағы сот 2021 жылғы 11 қазанда сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді деген қорытындыға келді [109].

28 -желтоқсан, Алматы қаласы, Мамай Жанболат адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне «Нұр-Отан»партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы фильмді алып тастау туралы сот шешімін заңсыз деп тану туралы өтініш жасауға ниетті екенін мәлімдеді. Себебі, осы уақытқа дейін Қазақстандағы барлық дерлік инстанциялардан өтіп шықты [110].

28- желтоқсан, Алматы қаласы, Ақытхан Халида, Құрманалиева Гаухар, Қазыбек Гүлфия, Күнболатұлы Байболат Алматы қаласындағы  Қытай консулдығынан алыс емес жерде  полициямен  ұсталды. “Азаттық” радиосының тілшісінің ұстау негіздері туралы сұрағына оларды ұстап алған қызметкерлердің бірі: «Олар көліктен шығып, содан кейін айқайлай бастады, сол үшін олар ұсталды”, – деп мәлімдеді[111].

29 -желтоқсан, Нұр-сұлтан қаласы, журналист Қоскина Айнұр сұхбат барысында Парламент депутаты Тілеухан Бекболаттың өзіне күш қолданғанын хабарлады. Журналистің шақыруы бойынша полиция Парламентке келді, журналист полицияға «журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасау» туралы арыз бергенін айтты [112].

29 – желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Әділет министрі Марат Бекетаев Еуропарламенттің Қазақстандағы саяси тұтқындардың болуы туралы өтінішін «арандатушылық» деп атады. Министрдің айтуынша, бұл  қарапайым қылмыс жасаған адамдар [113].

29 -желтоқсан, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Төреғожина Бақытжан Қазақстандағы саяси құқықтар бойынша 2021 жылдың қорытындысын шығарды: саясаттанушылар-12 адам, босатылғандар-21 адам, қудалау-547 адам, оның ішінде ҚР ҚК 405-бабы бойынша -136 адам, 2018 жылдан бастап ҚР ҚК 405-бабы бойынша -88 адамға үкім шығарылды, 2021 жылы БҰҰ ҚК-не 9 шағым берілді [114].

29 -желтоқсан, Шымкент қаласы, Әміров Ерұлан ҰҚКД тергеу изоляторынан ҚР ҚАЖД ТБ-167/11 изоляторына ауыстырылды. Ерұлан ісі сотқа жіберілді, Әміров Ерұлан ҚР ҚК 174, 256 және 405-баптары бойынша айыпталуда [115].

29- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, «Бізге түбегейлі шаралар қабылдауға тура келеді» – деп ескертті елордалық ЖҚАЖ Тоқаевқа. Өтініштің себебі тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы төлеудің үш айлық кешігуі болды. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа ешқандай түсініктеме берген жоқ [116].

29 желтоқсан, “Қахарман” құқық қорғау қорынан мониторинг және Қазақстанда 2021 жылғы 19-28 желтоқсан аралығында адам құқықтарының бұзылуы [117].

29 желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңға қол қойды [118].

29- желтоқсанда сот ҚР АК 918-бабы бойынша «құқықтарды бұзатын және болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын іс-әрекеттерге тыйым салу туралы» Айжан Ақышеваға «Ар-Бедел»ҚҚ азаматтық талап-арызын қанағаттандырды [119].

29- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Президент Тоқаев өлім жазасын жою мәселесі бойынша заңнамаға түзетулерге қол қойды[120].

29- желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Әділет министрі Марат Бекетаев брифингте министрлік бастамашыл топқа “Ел тірегі” партиясын құру жөніндегі құжаттар пакетін 16 рет “талаптарға сәйкес келмейді”деген себеппен қайтарғанын хабарлады. Атап айтқанда, қайтыс болған адамдар мен басқа партия мүшелерінің тізімде болуы. Сондай-ақ, министр «Ел тірегі» «құрбандық бейнесін жасауға» тырысады  деп айыптады[121].

30 -желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы, Әлтаев Нұржан Әділет министрі Бекетаевқа жауап берді. Біздің тізімдерімізде қайтыс болған адамдар мен басқа партиялардың мүшелері жоқ. Сондай-ақ, ол кейбір “Ел тірегі” қатысушыларына арнайы қызметтер мен әкімдік тарапынан жұмыс орнынан босату қаупі түрінде қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді [122].

30 -желтоқсан, Алматы қаласы, Лондондағы «Ұйғыр трибуналында» Қытайдағы мұсылмандардың этникалық, діни қудалануы туралы сөз сөйлеген, Синьцяндағы «қайта тәрбиелеу лагерінің» бұрынғы тұтқыны Бақытәлі Нұр белгісіз біреулер ескерту жасап, «тыныш жүруді» талап етумен қысым жасағандары туралы мәлімдеді[123].

 

 

 

 

 

 

 

 

 



[1]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-ar-bedel-gongo–the-honor-and-dignity-of-the-ex-president/31587975.html

[2]https://www.youtube.com/watch?v=7yz64SImZRE

[3]https://www.facebook.com/uralskweek/posts/5095292243832266

[4]https://rus.azattyq.org/a/31588245.html

[5]https://www.facebook.com/groups/808593333258423/posts/1065258070925280/

[6]https://rus.azattyq.org/a/31591000.html

[7]https://orda.kz/nazarbaeva-i-tokaeva-kak-svidetelej-s-pravom-na-zashhitu-almatinec-obratilsja-v-gp/

[8]https://rus.azattyq.org/a/31589991.html

[9]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4903132439699302

[10]https://rus.azattyq.org/a/31590240.html

[11]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4923090844370128

12https://www.facebook.com/qaharman.kz.7/posts/617467082920432

13  https://www.facebook.com/photo/?fbid=4899290073443493&set=pcb.3143966765922585

 

 

[15]https://acca.media/kazahstan-za-nedelyu-svyshe-15-grazhdan-podverglis-politicheskomu-presledovaniyu/

[16]https://rus.azattyq.org/a/31596417.html

[17]https://rus.azattyq.org/a/31595906.html

[18]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3142557049396890/

[19]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3143635945955667/

[20]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1346165922505136&id=100013352235450

[21]https://www.youtube.com/watch?v=li4jmP9XM44

[22]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3143914105927851/

 

[23]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3144699875849274/

[24]https://orda.kz/v-preddverii-dnja-nezavisimosti-nachali-zaderzhivat-aktivistov-pravozashhitnica/

[25]https://rus.azattyq.org/a/31596058.html

[26]https://www.facebook.com/rozathun/posts/454314899392691 т

[27]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3145608869091708/

[28]http://kuresker.org/archives/4107

[29]https://rus.azattyq.org/a/31598133.html

 

[30]https://rus.azattyq.org/a/31598017.html

[31]https://orda.kz/ne-uspeli-otvetit-akimat-almaty-ulichili-v-diskriminacii-iz-za-otkaza-v-mitinge/

[32]https://orda.kz/almatinec-podal-v-sud-na-enpf-iz-za-pensionnyh-deneg/

[33]https://ulysmedia.kz/interview/3194-protestovavshie-protiv-proizvola-u-verkhovnogo-suda-prosili-priema-zhakipa-asanova/?fbclid=IwAR332uqWRxzF4bn7PaX5-ZYhwVx3oqlQPTuNv9pT7KmrJ9LH9i-5iWKsYiY

[34]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3145544265764835/

[35]https://www.facebook.com/groups/defenderskz/posts/4822125957832439/

[36]https://rus.azattyq.org/a/31599365.html

[37]https://rus.azattyq.org/a/31599062.html

[38]https://mediazona.ca/news/2021/12/08/pravda-kazakhstana?fbclid=IwAR27nCJHiyRTfo8anedMVZk4WB1fLsTRr4DLEpxRnGrSTI4mhFUlv9n-J-M

[39]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4923168594362353

[40]https://rus.azattyq.org/a/31599401.html

[41]https://rus.azattyq.org/a/31599500.htm

[42]https://orda.kz/jekoaktivisty-podali-v-sud-na-akimat-almaty-iz-za-otsutstvija-ohrannoj-zony-u-nacparka/

[43]https://rus.azattyq.org/a/31600821.html

[44]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3146063135712948/

 

[45]https://vlast.kz/novosti/47753-telefony-cetyreh-aktivistov-oyan-qazaqstan-byli-zarazeny-spionskim-po-pegasus.html?fbclid=IwAR30uwQMn9kY65MZ2fKBm0Kh7R78PdB7cY3ajwV8xp2skPAdxPlUJSqNJ6

[46]https://orda.kz/sud-vstal-na-storonu-sagintaeva-v-iske-pravozashhitnikov-iz-za-otkaza-v-mitinge/

[47]https://orda.kz/zhurnalista-orda-kz-ne-dopustili-na-sud-po-delu-gde-upominaetsja-sagintaev/

[48]https://rus.azattyq.org/a/31601602.html

[49]https://www.uralskweek.kz/2021/12/10/menya-sxvatili-za-ruki-dva-parnya-i-potashhili-po-snegu-v-mashinu-kak-sobaku-na-zhivodernyu-obshhestvennuyu-aktivistku-v-uralske-zaderzhali-na-ploshhadi-pervogo-prezidenta-video/

[50]https://orda.kz/oni-bojatsja-pravdy-otel-rezko-otkazal-mamaju-i-imanbaj-v-pokaze-filma-o-zhanaozene/

[51]https://orda.kz/aktivist-maks-bokaev-vyshel-na-odinochnyj-piket-v-atyrau/

[52]https://orda.kz/oni-bojatsja-pravdy-otel-rezko-otkazal-mamaju-i-imanbaj-v-pokaze-filma-o-zhanaozene/

[53]https://orda.kz/toregozhina-anonsirovala-potok-zhalob-na-kazahstan-v-oon-za-narushenija-prav-cheloveka/

[54]https://orda.kz/kakie-zhaloby-postupili-upolnomochennoj-po-pravam-cheloveka-v-2021-godu/

[55]https://bureau.kz/

[56]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3147135428939052/

[57]https://orda.kz/vseobshhuju-zabastovku-objavjat-stroiteli-kazahstana-v-sluchae-nevypolnenija-chetyrjoh-trebovanij/

[58]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4939392202739992

 

[59]https://rus.azattyq.org/a/31606993.html

[60]https://rus.azattyq.org/a/31607099.html

[61]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=4839656756102085&id=100001734259584

[62]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1911454335718968&id=100005632590344

[63]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3149833055335956/

[64]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1134140710454195&id=100015748305788

[65]https://www.facebook.com/galym.ageleuov/posts/10227055018264095

[66]https://rus.azattyq.org/a/31609899.html

 

[67]https://rus.azattyq.org/a/31609899.html

[68]https://orda.kz/dopros-zhanbolata-mamaja-dlilsja-chetyre-chasa/#part=1

[69]https://orda.kz/kak-ja-mogu-otvetit-jeto-zhe-politicheskij-vopros-deputaty-maslihata-almaty-ob-izmenenii-marshruta-shestvij/#part=1

[70]https://www.facebook.com/watch/?v=4817901111564965

[71]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4950207454991800

[72]https://bureau.kz/novosti/uchites-vyzhivat/

[73]https://rus.azattyq.org/a/31611827.html

 

[74]https://rus.azattyq.org/a/31611747.html

 

[75]https://rus.azattyq.org/a/31611742.html

[76]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-zhanaozen-residents-10-year-of-tragedy/31611733.html

[77]https://rus.azattyq.org/a/31611896.html

[78]https://orda.kz/v-policii-zko-nazvali-zaderzhanija-aktivistov-dostavleniem/

 

[79]https://rus.azattyq.org/a/31612131.html

 

[80]https://orda.kz/aktivistam-sos-taldykol-otkazali-v-provedenii-mitinga-soslavshis-na-plany-mestnogo-cirka/

[81]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4951947841484428

[82]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3151648605154401/

[83]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3446

[84]https://www.facebook.com/groups/388278668962474/posts/651136869343318/

[85]https://orda.kz/grazhdanskaja-aktivistka-v-uralske-vypila-uksus-iz-za-davlenija-vlastej/

[86]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2003966746450751&id=100005123340436

[87]https://kz.media/archives/56423?fbclid=IwAR18DubGNvTZ6c0p8pUdVLGnDkb68r-nzwqqMXXrvt4h76c5JvnBi-drTTk

[88]https://www.facebook.com/groups/388278668962474/posts/653248905798781

[89]https://rus.azattyq.org/a/31617834.html

[90]https://tirek.info/wp-admin/post.php?post=17435&action=edit

[91]https://rus.azattyq.org/a/31621060.html

[92]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3155235474795714/

[93]https://rus.azattyq.org/a/31621060.html

[94]https://rus.azattyq.org/a/31621519.html

[95]https://rus.azattyq.org/a/31621362.html

[96]https://rus.azattyq.org/a/31621439.htm

[97]https://rus.azattyq.org/a/31621151.html

[98]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4980022452010300

[99]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3155935701392358/

[100]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3156484001337528/

[101]https://rus.azattyq.org/a/31622997.html

[102]https://rus.azattyq.org/a/31622680.html

[103]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-detention-of-democratic-party-activists/31625489.html

[104]https://rus.azattyq.org/a/31627732.html

[105]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/

[106]https://www.youtube.com/watch?v=TwqXCE1znfQ

[107]https://rus.azattyq.org/a/31629296.html

[108]https://rus.azattyq.org/a/31629156.html

[109]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3161146570871271/

[110]https://rus.azattyq.org/a/31629684.htm

[111]https://rus.azattyq.org/a/31629611.html

 

[112]https://rus.azattyq.org/a/31631451.html

[113]https://rus.azattyq.org/a/31631519.html

 

[114]ttps://www.facebook.com/toregozhina/posts/5008321912513687

[115]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5008273782518500

[116]https://ulysmedia.kz/news/4018-nam-pridetsia-prinimat-radikalnye-mery-stolichnyi-sobr-predupredil-tokaeva/?fbclid=IwAR2ULWRnATyfXaXCOtg90WWHB15T1CnC2mxsjsZkCny3HLcweHTVHqHqOzA

[117]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3160953394223922/

[118]https://orda.kz/ombudsmen-po-pravam-cheloveka-v-rk-stal-neprikosnovennym/

[119]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3161809604138301/

[120]https://rus.azattyq.org/a/31632575.html

[121]https://rus.azattyq.org/a/31633225.html

[122]https://orda.kz/nurzhan-altaev-iz-el-tiregi-otvetil-ministru-na-obvinenija-v-popytke-sozdat-obraz-zhertvy

[123]https://www.youtube.com/watch?v=gTNzxk0DuR8

 

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.