ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША АХУАЛДЫҢ МОНИТОРИНГІ, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін

 

1 қыркүйек, Ақтөбе облысы, Мәртүк ауылы, Рейхерт Роман, ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі («билік өкілін қорлау») және 380-бабы 1-бөлігі («билік өкіліне күш қолдану»), сағат 930-да  азаматтық белсендіге қатысты саяси негізделген іс бойынша апелляциялық сот өтеді[1] . Өзгеріссіз қалдырылды.

1 қыркүйек, Түркістан облысы, Батырбеков Амангелді, ҚР ҚК 411-бабы (судьяға қатысты жала жабу). Судьялар: Айдос Сұлтановтың, Талғат Оңғарбаевтың және Бүркітбай Байдуллаевтың мәлімдемесі негіз болды, олар онда журналистің әлеуметтік желіде жала жапқанын мәлімдеді[2].

2 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Асқар Қайырбек, ҚР ҚК 405-бабы 1/2-бөлігі, прокуратураның өтініші бойынша қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа бұрынғы жазаны тым қатаң емес деп санап, қамауға алу мерзімін 1.5 жылдан 2,2 жылға дейін ұзартты [3].

3 қыркүйекте, Ақмола облысы, Бестөбе кенті, экологиялық белсенді Николай Катчиевтің үйіне полиция қызметкерлері  күштеп кіріп, «Қазақалтын Технолоджи»-ға қатысты ұйымдастыру техникасы мен құжаттарын тәркіледі.  Жоғарыда көрсетілген компания туралы «адамдар тобы» әдейі жалған ақпарат таратқаны туралы мәлімдеме қудалауға себеп болды [4].

3 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Парламенттің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне «Рақымшылық туралы» заң жобасы келіп түсті. Талқылау барысында Берік Дүйсембинов Арон Атабекті және басқа да саяси тұтқындарды босату туралы Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының ұсынысын айтты[5].

6 қыркүйек, Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық сотында «West Oil Software» ЖШС-нің азаматтық талап арызы бойынша ереуілге шыққан 6 жұмысшыға: Серік Қапанов, Жеңіс Союзов, Берік Махмұтов, Базарғали Нұрболғанов, Мұратбек Самаров, Батыржан Жарылғаевқа қарсы ереуілді заңсыз деп тану туралы сот өтті. Сот ереуілді заңсыз деп таныды және оны тоқтатуды талап етті. Тыңдау онлайн, WhatsApp мессенджері арқылы өтті. Процесс мемлекеттік тілде жүргізілді[6]

6 қыркүйекте Ақмола облысының экоактивистері Қазақстанның билік және құқық қорғау органдарына Бестөбе кентінің тұрғыны Николай Катчиевтің қылмыстық қудалауын тоқтатуды талап етіп, сөз сөйледі, олардың айтуынша, кенттегі экологиялық мәселелерді көтеретіндіктен қысымға ұшырап отыр[7].

6 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Мұхамеджанов Мұрат және Ермаханов Нұрсұлтан, «Ел Тірегі» партиясының белсенділері, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі, 15 тәуліктен қамауға алынды, біреуі 7 қыркүйекте сағат 15-00-де, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» монументінің жанында мәжбүрлі вакцинациялауға қарсы наразылық акциясына шығуға шақырғаны үшін және т. б., екіншісі — 25 маусымдағы митингке қатысқаны үшін[8].

7 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласында «Ел Тірегі» партиясының АЭС құрылысына және мәжбүрлеп вакцинациялауға қарсы акциясы өтті, 25-ке жуық адам ұсталды.

7 қыркүйек, Алматы қаласы, сағат 16-00-де «Uralsk NEWS» арнасында құқық қорғаушы Төреғожина Бақытжанмен «Саяси қуғын-сүргін және саяси тұтқындарға көмек туралы» тақырыбы бойынша ағым басталды. Эфир болған жоқ, өйткені интернет тоқтап, дыбыс жоғалып, ағынды үзуге тура келді [9].

7 қыркүйек, Шымкент және Ақтөбе қалалары, балаларға иммундау науқанын таратпауды талап ететін акциялар өтті. Жиналғандарға жергілікті билік органдарының өкілдері шықты, олар вакцинация тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі деп сендірді. Жергілікті жерлерде полиция қызметкерлерінің жиыны көп болды, ұсталғандар болған жоқ[10].

8 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ел Тірегі» партиясының белсенділері Арипжан Руслан мен Қаныбеков Пердебай, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі, «Бәйтерек»монументі жанындағы 07.09.2021 акциясына қатысқаны үшін 7-10 тәулік қамауға алынды.

9 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Рысбаев Болат, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 11-бөлігі, «Ел Тірегі» партиясының белсендісі, «Бәйтерек» жанындағы 07.09.2021 акциясына қатысқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды[11].

8 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Нұржан Әлтаев, ҚР ПарламентіМәжілісінің VI шақырылымының экс-депутаты, «Ел Тірегі» партиясының көшбасшысы, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша полициямен ұсталды [12]. Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылмады және 3 сағаттан кейін босатылды.

9 қыркүйек, Алматы қаласы, Санавар Закирова, бұрынғы саяси тұтқын, әрекетсіздігі және оның құқықтарын бұзу туралы өтініштерін адресаттарға жеткізуден бас тартқан Алматы қаласының СИ-18 тергеу изоляторынан азаматтық сотты жеңіп алды[13].

10 қыркүйек, Ақтөбе қаласы, Жаубатыров Асылхан, «Көше партиясы» белсендісі, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігімен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді[14].

13 қыркүйек, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Сыздықбек Сәбит, «Көше партиясы» белсендісі, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық сот болып өтті, сот пробация қызметіне бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға өзгертуден бас тартты және белсендіні босатуды шешті[15].

13 Қыркүйек, Жамбыл облысы, облыстық сот, Бақтыбаев Бағдат, ҚР ҚК 405-бабының 1,2-бөліктері, «Көше партиясы» белсендісі, пробация қызметінің өтініші бойынша жазаның өтелмеген бөлігі (1 жыл 1 ай және 5 күн) бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Сот залында қамауға алынды.

14 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Лесбаева Алтын , «Көше партиясы» белсендісі, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеу және 3 жылға қоғамдық-саяси қызметке және әлеуметтік желілерді, соның ішінде БАҚ қызметтерді пайдалануға  тыйым салу үкімімен сотталды. Мәжбүрлі еңбекке жылына 100 сағаттан тарту. Жәбірленушілердің өтемақы қорына 27780 теңге өндіріп алынсын.

14 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Асхат Ахмедьяров, суретші, Кіші Талдыкөл көліндегі перфоманс үшін күш қолданумен Есіл полиция басқармасына жеткізілді, одан кейін 3 сағаттан кейін босатылды, алайда 15-қыркүйекте ҚР ӘҚБтК 667-бабының 1-бөлігі және 434-бап бойынша «полицияға бағынбағаны» және «ұсақ бұзақылық» үшін кінәлі деп танылып, оған 14 585 теңге айыппұл салынды [16].

15 қыркүйек, Шымкент қаласы, Досмамбетова Ләззат, «Көше партиясы» белсендісі,  ҚР ҚК 405-бабының 1/2 бөлігі, 2,6 жылға бас бостандығын шектеуге, 5 жылға қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға және әлеуметтік желілер пайдалануға тыйым салумен сотталды. Жылына 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту. Зардап шеккендердің өтемақы қорына 20 АЕК төлем жасалсын [17].

15 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәжіліс депутаттары «Байланыс туралы» Заңның 41-1 бабын уәкілетті органның шешімі бойынша интернет-ресурстарды бұғаттау тәртібін өзгерту жөніндегі қосымша тармақшалармен толықтыруды ұсынды [18].

15 қыркүйек, Қапшағай қаласы, Алмат Жұмағұлов саяси тұтқын, 2018 жылы ҚР ҚК 256-бабы және 174-бабы бойынша сотталған, түрме мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыруға байланысты босатылды [19].

15 қыркүйек, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Арон Атабекті түрмеден босату үшін қол жинау бастамасын көтерді. Үндеу Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, 2006 жылғы Шанырақ оқиғаларынан кейін 18 жылға бас бостандығынан айырылған ақын және диссидент Арон Атабекке «кешірім жасау» туралы өтінішімен  Facebook ‘ e парақшасында жарияланды [20].

15 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Венера Жанбаева,  өздерін әкімдіктің қызметкеріміз деп таныстырған белгісіз екі ер адам, бір апта бұрын Венера Жанбаева  жұмыстан шығып кеткен, бұрынғы жұмыс орнына оны іздеп барған. Саяси қудалауға Венераның бейбіт митингке шығуға ниеті туралы әлеуметтік желілерде жариялауы себеп болды[21].

 16 қыркүйек, Тараз қаласы, Исламбек Дастан, Turaninfo.kz агенттіктің тілшісі «куә» ретінде және  Данияр Әлімқұл «7 арнаның» тілші репортері «қорғау құқығы бар куә» ретінде полицияға шақыртылды,  онда жарияламау туралы қолхат алынған, бұл ҚР ҚК-нің 158-бабын «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» және 159-бабын «Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті заңсыз шектеу» бұзушылық болып табылады [22].

16 қыркүйек, Алматы қаласы, Әлнұр Ілияшев, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляцияны қарау барысында белсендінің аудандық соттың «ол ұшыраған қылмыстық қудалауды саяси қуғын-сүргіндер деп тану талабымен» арызды қараудан бас тарту шешіміне берген шағымын қанағаттандырды. Іс материалдары қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберілді[23].

17 қыркүйек, Алматы қаласы, Санавар Закирова Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік сотынан  ҚК үкіметіне қарсы талапты қабылдаудан бас тарту, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Грехпен  ҚР цифрлық трансформациялау жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жөніндегі әрекетін заңсыз деп тану туралы ұйғарым алды [24].

17 қыркүйек, Алматы қаласы, Тоқтасын Ырысбек, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 7-бөлігі, ҚДП белсендісі, 18 шілде күні  Абай атындағы ескерткіш жанында өткен «АЭС құрылысына қарсы», «Саяси тұтқындарға бостандық», «Қазақ тілін қорғау және дамыту» митингке шақырғаны үшін әкімшілік қамауға алынды[25].

18 қыркүйек, Алматы қаласы, Қазақстанның тіркелмеген Демократиялық партиясының митингі өтті (көшбасшы Ж.Мамай). Абай ескерткіші алдындағы митингте белсенділер Қазақстан Тәуелсіздігіне төнген қатер, Үкіметтің АЭС салу, цифрландыру жөніндегі бастамасы, елдегі қытайлық нысандар және Үкіметтің әлеуметтік желілерді шектеу әрекеттері туралы айтты. Митинг алдында кем дегенде алты Демократиялық партияның белсенділері ұсталды, содан кейін үшеуі 15 тәулікке қамауға алынды, екеуіне айыппұл салынды [26].

18 қыркүйек, Алматы қаласы, ҚДП белсенділері Теміртас Нағиметоллаев, Дәурен Достияров және Абзал Достияров ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша ҚДП митингісіне қатысқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Гүлнар Мирмамбетоваға, Аружан Дүйсебаеваға  ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігімен «Мерей» СО алдында «Б. Байбекке садақа» акциясына белсенді қатысқандары үшін 87510 теңге көлемінде айыппұл салынды.

19 қыркүйек, Жаңаөзен қаласы, 30.08.2021 жылы қала әкімдігі ғимаратының алдында мәжбүрлеп вакцинациялауға қарсы акцияға қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК 488-бабының 6-бөлігі бойынша Маханбетов Ғазиз, Тілеубаев Серік, Нұрбаев Келбет 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

19 қыркүйек, Жаңаөзен қаласы, 16.08.2021 жылы әкімдік ғимараты алдындағы жиналысқа қатысқаны үшін, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 11-бөлігі бойынша, Ерғазеев Жаңбыр және Жұмағалиев Мұратбай 20 тәуліктік қамауға алынды.

19 қыркүйек, Жаңаөзен қаласы, Сабиев Бағтықалы, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі бойынша, «Тәуелсіздік»алаңында мемлекеттік туды суретке түсіру кезінде билік өкіліне бағынбағаны үшін, 4 тәулікке қамауға алынды.

20 қыркүйек, Күрескер.орг сайты 2021 жылдың 01-нен бастап 20 қыркүйегі аралығындағы  превентивті репрессиялар мен азаматтық белсенділерді қудалаудың инфографикасын құрастырды [27].

20 қыркүйек, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Мұрат Сәпиев , «Көше Партиясы» белсендісі,  ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, ұсталды және одан кейін  сотқа дейінгі тергеу кезеңіне 2 айға қамауға алынды. Тергеушілердің пікірінше, Мұрат Сәпиев митингілерді ұйымдастырған және оған қатысқан [28][29].

20 қыркүйек, Алматы қаласы, Достияров Абзал, әкімшілік жазасын өтеуші, белсендіні ұстау барысында  оны ұрып-соғу, азаптау және қатыгездік көрсету орын алғанын адвокат арқылы жеткізді. Дәрігерлер мойын мен бастың жарақатын тіркеген, емшаралар тағайындаған. Сондай-ақ, тұрғылықты және тіркелген жері Алматы қаласына жеткізілмей, Есік қаласына апарумен оның құқықтары бұзылған. Сонымен қатар, олар оны дөрекілікке көндіруге тырысқан және оны «Демпартия» жетекшісі Жанболат Мамайға жала жабуға мәжбүрлеген [30].

21 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Е. Қуандық,  И.Кензин, Н. Филимонова және «Әділетсіз» сот шешімдерімен келіспеген он шақты азамат Қазақстанның Жоғарғы Сотының жанында пикет өткізді. Жиналғандардың шағымдары әртүрлі, олардың барлығы қайта тергеуді және олардың істері немесе жақындарының істері бойынша шешімдерді қайта қарауды талап етеді. Олар сот жүйесін реформалауға шақырды және «әділетсіз» сот шешімдері «адамдарды үмітсіздікке әкеледі» деп мәлімдеді [31].

21 қыркүйек, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Үмбетова Әлима ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігімен («экстремистік ұйымға қатысу») күдікті деп тану туралы қаулымен таныстырылды. Саяси қылмыстық қудалауға, оның 2020 жылғы қыркүйекте «КДТ» қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязовпен, Zoom-конференцияға қатысуы негіздеме болды [32].

22 қыркүйек, Павлодар облысы, Байет ауылы, Жаналиев Жанат, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі, 5 тәулікке қамауға алынды («Сот үкімін орындамау»). Ербол Есхожинді қолдап, «Facebook» әлеуметтік желісінде бейнероликке қатысқаны, «Ербол Есхожинге бостандық/Freedom to Yerbol Yeskhozhin» плакатымен түскені үшін.

22 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Есхожин Ербол, ҚР ҚК 405-бабының 1-бөлігі, апелляциялық сот 2.5 жылға сотталған белсендінің «тыйым салынған ұйымның қызметін ұйымдастыру» және осындай бірлестіктің «қызметіне қатысу» айыптауы бойынша шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сот онлайн режимде сотталған адамның қатысуынсыз өтті, оның қатыспау себебін сот түсіндірген жоқ [33].

22 қыркүйек, Ақтөбе қаласы, Әбдірова Алима, құқық қорғаушы облыстық әкімшілік жанындағы пикетке шықты. Талаптар: «Адам құқықтары жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтау», «Мемлекеттік органдардың ұлттық алауыздықты қоздыруын тоқтату», «Ақтөбелік құқық қорғаушы Ольга Климонованың отбасын қорғау». Пикеттің 6-шы күні Әбдірова, Климонова және Қаласов  күш қолдану арқылы ұсталды және Зауыт полиция бөліміне жеткізілді. Кезекші прокурорды шақыру және қоңырау шалуға мүмкіндік беру туралы заңды өтініш қабылданбады. 5 сағат ұстағаннан кейін,  оларды ұстау себептерін түсіндірместен босатты [34].

23 қыркүйек, Сәтбаев қаласы, Насырханов Бүркітбай. Сот ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша 1,5 жылға бас бостандығын шектеу үкімін өзгеріссіз қалдырды (Қазақстанда тыйым салынған «ДВК» және «Көше партиясы» қозғалысына қатысу). Айыптау ҚР ҚК 55-бабының 2-бөлігі 1-тармағын » жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайда,  қылмыстық теріс қылық және ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыс үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды» қолданыстан алып тастауды сұрады [35].

23 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Синьцзянда туыстарын босатуды талап ету үшін Нұрсұлтан қаласындағы Қытай елшілігінің алдына жиналған 10-ға жуық адам ұсталды. Олар сондай-ақ, Астанадағы БҰҰ кеңсесіне барып, ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жолдады [36].

24 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, 22.09.2021жылғы ҚХР елшілігіне қарсы маңда өткен наразылық акциясына қатысқаны үшін, ҚР ӘҚБтК-ң 488-бабының 11-бөлігі бойынша 10 адамға  61257 бастап 145850 теңге көлеміндегі  айыппұл салынды: Ақытхан Қалида, Мәкен Жәмиля, Өмірәлі Гүлбаран, Қазыбек Гүлпям,  Ермекбай Нұрзат, Мырзан Алмахан, Қосдаулет Гүлнұр, Күнболат Байболат,Қалиолла Ақиқат және Құрманалиева Гаухар. 

24 қыркүйек, Павлодар облысы, Байет кенті, Жанат Жамалиев, ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі, «Саяси тұтқын Ербол Есхожинді босату» талабымен челленджге қатысқаны үшін заңсыз тұтқындауға наразылық білдіріп, аштық жариялады. Әкімшілік қамауға алынғандарды арнайы қабылдау орындарына орналастыру қажеттігіне қарамастан, оны мәжбүрлеп УҰИ-ға орналастырды [37].

26 қыркүйек, Алматы қаласы,  Полиция департаменті санкцияланған бейбіт шерулер мен демонстрациялар маршрутын 4,4 км-ден 1,5 км-ге дейін 3 есе қысқартуға бастама жасады[38].

27 қыркүйек, Қапшағай қаласы, Әбішев Кенжебек, саяси тұтқын, 2018 жылы ҚР ҚК 256-бабы бойынша сотталған, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру бойынша босатылды. К. Әбішев 15 күннен кейін бостандыққа шығады[39].

27 қыркүйек, Алматы қаласы, Төреғожина Бақытжан омбудсмен Эльвира Әзімоваға өтініштер мен хаттарды ескермеген  әкімшілік әрекетсіздігі үшін, сотқа дейінгі наразылық жариялады[40].

28 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы, Сыздықов Айдар, «ар-намысы мен абыройын, іскерлік беделін қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы» СИ-166/1 қызметкерлерінен келіп түскен талапарыз бойынша сотқа шақырылды.   «Қарабет аптасы: Астана тергеу изоляторы – қарабет ұясы» атты тікелей эфир жүргізу, оған  негіз болды[41].

28 қыркүйек, Алматы қаласы, ҚР ҚК 405-бабы 1/2-бөлігі бойынша 13 белсендінің соты өтіп жатты, жарыссөзде прокурор Асхат Жексебаевқа, Қайрат Қлышевке, Рахымжанов Ноянға және Абай Бегімбетовке 5 жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салумен 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Қалғандары үшін бостандықты шектеудің әртүрлі шарттары[42].

28 қыркүйек, Шымкент қаласы, Абдурахим Бейсен, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі және 667-бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алынды. 30 -қыркүйекте жүргізушілердің «ақылы жолдарды енгізуге, дизель отыны бағасының өсуіне және мәжбүрлі вакцинацияға қарсы» наразылықтарға шығатыны туралы ақпарат негіз болды[43].

28 қыркүйек, Шымкент қаласы, ауыржүк көліктерінің жүргізушілері қыркүйектің 28-нен 29-на қараған түні Шымкент қаласының полиция УҰИ ғимаратының жанында ереуіл мен наразылық акциясын өткізіп, ереуіл ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған жолдасы Абдурахим Бейсенді босатуды талап етті[44].

28 қыркүйек, Күрескер.орг сайты.2021 жылғы 21-27 қыркүйек аралығындағы саяси қуғындаулар туралы ақпаратты (инфографика) шығарды [45].

29 қыркүйек, Шымкент қаласы, Серғали Пірәлиев, Дүйсен Жұмашев және Қахарман Жолдыбеков тергеу изоляторына Абдурахим Бейсенге сәлем-сауқыт алып келген кездерінде ұсталды. 30 қыркүйекке жоспарланған «ақылы жолдарды енгізуге, дизель отыны бағасының өсуіне және мәжбүрлі вакцинацияға қарсы» наразылық акциясына қарасты, олардан түсініктемелер алынды [46].

29 қыркүйекте, Алматы қаласы, Қазақстанның азаматтық қоғамының «Шетелдік интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулерді қабылдаудан бас тарту қажеттігі туралы» ашық мәлімдемесіне журналистер бастама көтерді [47]

30 Қыркүйек , БҚО, Ақсай қаласы, Сәпиев Мұрат, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, азаматтық белсендіге қатысты бұлтартпау шарасы бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Отырыс барысында бұлтартпау шарасы тергеу изоляторларына қамау, тергеу кезінде 2 ай мерзімге үйқамаққа ауыстырылды [48].

30 қыркүйек, Түркістан облысы, Қарашық ауылы, жанармай бағасының өсуіне, жол жиындарын енгізу, сондай-ақ балаларды коронавирусқа мәжбүрлеп вакцинациялауға қарсы жүргізушілердің акциясы. Акция өтетін жерде полиция қызметкерлері тарап кетуді талап етті[49].

[1]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3068415856811010/

[2]https://rus.azattyq.org/a/31438644.html?fbclid=IwAR2t2UsJYEBkkJJ_EJRlT5wZXHL5Yxz-zYWD1WJ48hrSrgDzYpS93WVrWG4

[3]http://tirek.info/aktivistu-askaru-kajyrbeku-tyuremnyj-srok-uvelichili-na-vosem-mesyatsev/

[4]http://tirek.info/ekoaktivistu-katchievu-nikolayu-politseskie-vorvalis-v-dom/

[5]http://tirek.info/ryad-deputatov-podderzhal-initsiativu-ob-amnistirovanii-arona-atabeka/

[6]https://t.me/AdalSotKz/723

[7]https://rus.azattyq.org/a/31446385.html

[8]https://rus.azattyq.org/a/31447973.html?fbclid=IwAR2OCriWMy9_0FE6-qyy4fZpBhxdDBGZtCIeX093WaH5whW1osWchTqu8Ac

[9]http://tirek.info/toregozhina-bahytzhan-intervyu-o-politicheskih-repressiyah/

[10]http://tirek.info/v-shymkente-i-aktobe-proshli-aktsii-nesoglasnyh-s-detskoj-vaktsinatsiej-ot-koronavirusa/

[11]https://rus.azattyq.org/a/31447973.html?fbclid=IwAR2OCriWMy9_0FE6-qyy4fZpBhxdDBGZtCIeX093WaH5whW1osWchTqu8Ac

[12]https://kaztag.kz/ru/news/za-eks-mazhilismenom-liderom-el-tiregi-nurzhanom-altaevym-prishla-politsiya?fbclid=IwAR23fiAgcnNKM0raheUKFwJfdtkJji1rp3kJUl-TPovWJQmObB9RbTLGjU8

[13]http://tirek.info/sanavar-zakirova-vyigrala-u-si-18/

[14]https://rus.azattyq.org/a/31453445.html?fbclid=IwAR2ObxRSKN36iDHcrRDh7MMx-ukfXgMnpGBGO_OTg2lTNHNGuqgtUcdnnds

[15]https://www.facebook.com/toregozhina

https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3078283439157585/

[16]https://rus.azattyq.org/a/31462605.html

[17]https://rus.azattyq.org/a/31460203.html

[18]https://rus.azattyq.org/a/31461224.html

[19]https://rus.azattyq.org/a/31461304.html

[20]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3080817478904181/

[21]http://tirek.info/wp-admin/post.php?post=14658&action=edit

[22]https://rus.azattyq.org/a/31462889.html

[23]https://rus.azattyq.org/a/31462729.html

[24]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1293504337771295&id=100013352235450

[25]https://rus.azattyq.org/a/31464522.html

[26]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-protest/31466597.html?fbclid=IwAR0p2AdsJiPZ_zjkmjcQxp9QyzmDva2qGHrpWeEUVV8_V7_ViavRIWmsjIg

[27]https://kuresker.org/archives/3996

[28]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/

[29]https://rus.azattyq.org/a/31472877.html

[30]https://www.facebook.com/inga.imanbay/posts/4285080378211927

[31]https://rus.azattyq.org/a/31472134.html

[32]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3086546361664626/

[33]http://us.azattyq.org/a/31472983.html

[34]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=133701765652327&id=100070375115161

[35]https://rus.azattyq.org/a/31474751.html

[36]https://rus.azattyq.org/a/31476410.html

[37]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3087854278200501/

[38]https://rus.azattyq.org/a/31478781.html

[39]https://rus.azattyq.org/a/31480155.html

[40]http://tirek.info/v-sud-na-ombudsmena-azimovu/

[41]https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/posts/2905069966488501/

[42]https://rus.azattyq.org/a/31481975.html

[43]https://rus.azattyq.org/a/31483289.html

38https://rus.azattyq.org/a/31484228.html

[44]https://infoprof.su/voditeli-kamazov-v-shymkente-vyshli-na-zabastovku-s-trebovaniem-osvobozhdenija-tovarishha/?fbclid=IwAR0cNzqi8eBHh4xXyB4jS8JHWhktF_0NoaN8NnnEBFqIZIoeCkRknxRXZb4

[45]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=402266361458235&id=108893537462187

[46]https://rus.azattyq.org/a/31484228.html

[47]https://secure.avaaz.org/community_petitions/ru/administratsiia_prezidenta_parlament_kazakhstana_leumettik_zhelini_bugattauga_karsy_protiv_popravok_v_zakony_o_sotssetiakh/

[48]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3091741724478423/

[49]https://rus.azattyq.org/a/31485404.html