Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2023 жылғы 1 ақпаннан 28 ақпанға дейінгі ахуалдың мониторингі

1 ақпан, Ақтөбе қаласы, сот #QANTAR2022-ке байланысты айыпталушы Исаев Нұрсұлтанды ҚР ҚК 380-1-бабының 2-бөлігі, 272-бабының 2-бөлігі бойынша 15 жылға, Қами Дарханды ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі 4 жылға қамауға үкім шығарды. Қалғандарына ҚР ҚК 272-бабы бойынша шартты мерзімдер берілді, ал кейбіреулерін сот залында босатты. Екі адам ақталып шықты[1]

1 ақпан, Алматы қаласы, #QANTAR2022 оқиғасынан кейін құқық қорғаушыларға 190 адам жүгінді, олар тергеу изоляторында ауыр жарақат алғандар. Олардың ішінде 13 кәмелетке толмағандар және 12 әйел бар[2].

1 ақпан, Астана қаласы, шетелдік және қазақстандық құқық қорғаушылар #QANTAR2022 байланысты азаптауларды жаппай қолдану бойынша бірлескен есеп ұсынды. Есепке сәйкес, мемлекет әлі де қорытынды жасаған жоқ, мемлекеттік органдардың өкілдері прогресс туралы айтуда[3].

1 ақпан, Алматы қаласы, «Arbat.mediaРК» басылымы Ресей Федерациясындағы Владимир қаласының Ленин аудандық сотына шақыру қағазын алды. 2022 жылдың қыркүйегінде жарияланып, «Ресей оккупанттары Харьков облысында жеңіліске ұшырады, бірақ оны мойындағысы келмейді» делінген мақаласына байланысты, басылымға Ресей Федерациясы армиясының 19 әскери прокуратурасы талап қойды. «Роскомнадзор» мақалада Ресей Федерациясының заңнамасын бұзатын ақпарат бар деп есептейді[4].

2 ақпан, Алматы қаласы, «Әділ сөзі» қоры үкіметтен Ресейдің мемлекеттік органдары қазақстандық БАҚ пен журналистерге қандай халықаралық міндеттемелер негізінде шақыру қағаздарын жіберетінін түсіндіруді сұрады[5].

2 ақпан, Алматы қаласы, өткен баспасөз мәслихатында Күрентаев Жарқын мен ҰҚК қызметкерлерінің азаптауларды қолданғаны үшін тергеудегілердің туысы Ербол Өтепбаевтың өлімі үшін, басқа да тараптардың  жұмылдырылғанына қарамастан, тек ҰҚК қызметкерлерін кінәлі қылуға тырысып жатқандары туралы мәлімдеді[6].

2 ақпан, Алматы қаласы, «Әділсөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 ж. 26 қаңтар мен 2 ақпан аралығындағы жағдайына шолу жасады[7].

2 ақпан, Семей қаласы, Руфат Хамидуллин, ҚР ҚК 272-бабының  2-бөлігі, бас бостандығынан айыру мерзімі 3,5 жыл, 26.12.2022 ж.,Семей қаласының №2 облыстық соты, апелляциядан бас тартты[8].

2 ақпан, Атырау қаласы, №13 бір мандатты сайлау округі Макс Боқаевқа 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған сайлауда Мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелуден бас тартты. Бас тартудың себебіне Боқаевтың соттылығының болуы түрткі болған[9].

2 ақпан, Астана қаласы, Канада елшілігі тәуелсіз журналистерді қолдау мақсатында кездесу өткізді. Д. Егеубаева, С. Ибраева және В. Борейко шақырылды. Олар өз  оқиғаларымен бөлісті, Қазақстандағы тәуелсіз журналистикаға ықпалды түсіндірді[10].

2 ақпан, Тараз қаласы, «Тергеу қаңтар айында оқтан қаза тапқандардың ісінің сотқа жетпеуі үшін барын салды. Мен қайғыдан есімді жия алмадым, ал мені қорқытып, ҚР ҚК 272-бабы бойынша айыптаумен келісу туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлеуге тырысты, мен көнбедім», – дейді Донбаев Исатайдың жесірі – Шолпан[11].

2 ақпан, Ақтөбе қаласы, Н. Исаевтың жұбайы – А. Хазеева, билікке сұрақ қойды: «Неліктен шопан Е.Қырыкбаевқа 15 оқ атқан әскери адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ал менің күйеуім, оған полицейлердің кінәрат -талаптары жоқ  және орташа ауырлықта зақымдары жоқ болса да, 15 жыл алды?»[12].

3 ақпан, Петропавл қаласы, әкімдік 2023 жылғы 11 ақпанда О.Широбокова мен С. Измайловаға бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Барлық тәуелсіз кандидаттар және тәуелсіз партиялар депутаттыққа тіркелсін. Бас тартудың себебі: «2023 жылғы 25 қаңтар мен 22 наурыз аралығында бұрын келісілген іс-шаралар өтеді»[13].

3 ақпан, Шымкент қаласы, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, Г. Мұратбаева қорғау құқығы бар куә ретінде жауап алуға шақырылды, бұл оппозициялық қозғалыстың көшбасшысы – М. Әблязовпен тікелей эфирде сөйлесу фактісі бойынша ашылған қылмыстық іске қатысты[14].

3 ақпан, Алматы қаласы, әкімдік Б.Иманғалиеваға Ш. Уәлиханов атындағы саябақта 2023 жылғы 11 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттар және тәуелсіз партиялар тіркелсін. Бас тартудың себебі: бұл күні басқадай мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған [15].

3 ақпан, Ақтөбе қаласы, сот#QANTAR2022-де атылған Ақтөбе облысының тұрғыны Р. Жұбаназаровтың өлімін қайта тергеу туралы бірінші сатыдағы соттың шешіміне прокуратураның наразылығын қабылдамай тастады. Бұған дейін тергеу соты Жұбаназаровтың туыстары жәбірленуші деп танылмағанын заңсыз деп шешкен болатын[16].

3 ақпан, Human Rights Watch (HRW) Халықаралық құқық қорғау ұйымы Алматы прокуратурасының ҚР ҚК 272-бабы 1-бөлігі бойынша «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру» бойынша айыптауды Ж.Мамайға қайтару туралы шешімін айыптады [17].

3 ақпан, Астана қаласы, Әбжан Махамбет, сот ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі, 274-бабының 2/3 бөлігімен «көрінеу жалған ақпарат тарату» және «бопсалау» қылмыстық істері бойынша айыпталған журналиске 9 жылға үкім шығарды[18].

3 ақпан, Алматы қаласы, Әлнұр Ильяшев, әкімшілік сот белсендінің № 4 бір мандатты сайлау округінің, алдағы 19 Наурызда сайлауға мәжіліске депутаттыққа кандидатты тіркеуден бас тартқан шешіміне қатысты талабын қанағаттандырусыз қалдырды[19].

3 ақпан, Атырау қаласы, Олеся Вертинская, «Жол бақылауы» порталының тілшісі, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде оның азаптауға шағымы бойынша бұрын жабылған іс бойынша тергеу қайта басталғанын хабарлады[20].

4 ақпан, Алматы облысы, әкімшілік сот журналист -Д. Мұхамедкәрімге бас тарту шешімін шығарды, оған билік Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан болатын.  Сот № 12 сайлау комиссиясының көші-қон заңнамасын бұзғанын алға тартып, сайлауға жол бермеген шешімін заңды деп тапқан [21].

5 ақпан, Алматы қаласы, Халықаралық әйелдер күнінде әйелдер шеруі мен митингісіне рұқсат беруге, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулерді алып тастауға жергілікті билікті шақыру үшін, 150-ден астам адам Ганди саябағындағы митингке жиналды [22].

5 ақпан, Алматы қаласы, журналист Д. Егеубаева, оның ұлына тапаншамен шабуыл жасалғанын хабарлады. Алматы Полиция департаменті журналистің ұлына қарулы шабуыл жасау туралы іс басталғанын мәлімдеді[23].

6 ақпан, Ақтөбе қаласы, Қазыбек Құдайбергенов, ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 380-1-бабының 2-бөлігі, #QANTAR2022-де қаза тапқан, ІІМ Ұлттық ұлан қызметкерінің «өміріне қол сұғушылығы» үшін 17 жылға бас бостандығынан айыру. Сот апелляциялық шағымды қабылдамай тастады және 16,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады[24].

6 ақпан, Алматы қаласы, № 2 Бостандық аудандық соты, Жанболат Мамай, ҚР ҚК 378, 274, 272- баптары,  қорғаушы – Е.Кенжебаев «жаңа айыптау сотталушының қорғау құқығын бұзады» – деп санайды және 26 қаңтардағы жаңа айыптау актісін заңсыз іс жүргізу құжаты деп тану үшін Конституциялық сотқа жүгінуге ниетті[25].

6 ақпан, Алматы қаласы, әкімдік Әсет Әбішевке 2023 жылғы 12 ақпанда Ш.Уәлиханов атындағы скверде  «Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттарды және тәуелсіз партияларды тіркеу» тақырыбындағы  бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Бас тартудың себебі: «бұрын жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шараларды  өткізу» [26].

6 ақпан, Павлодар қаласы, әкімдік Шегенова Жаннатқа  2023 жылғы 11 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттар және тәуелсіз партиялар тіркелсін. Бас тартудың себебі: алаңда басқа мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізіледі[27].

6 ақпан, Көкшетау қаласы, әкімдік белсенділер Ө. Нығметов пен Б. Балташевке 2023 жылғы 11 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттар және тәуелсіз партиялар тіркелсін. Бас тартудың себебі: Толық емес деректердің ұсынылуы [28].

6 ақпан, Астана қаласы, әкімдік Н. Жүсіповаға, А. Жахинге және М. Жыланбаеваға 2023 жылғы 11-12 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттар және тәуелсіз партиялар тіркелсін. Бас тартудың себебі: Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған орындарда «бұрын келісілген іс-шаралар» өтеді[29].

7 ақпан, Атырау қаласы, Меңдіғазиев Бекіжан, ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлігі, 245-бабының 3 -бөлігі, 218 бабының 3-бөлігі, 216-бабының 3- бөлігі, сотталу мерзімі- 5,1 жыл, Жүсіпов Бауыржан ҚР ҚК 245-бабы 3-бөлігі, сотталу мерзімі -5,5 жыл. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды [30].

7 ақпан, Тараз қаласы, № 2 сот ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 287, 379-бөлігі бойынша #QANTAR2022  ісі бойынша айыпталған 9 адамға қатысты үкім шығарды.  Бекбау – 2 жыл бас бостандығынан айыру; Керімбаев – 3 жыл бас бостандығынан айыру және Тәшекеев-2 жыл бас бостандығынан айыру, олар рақымшылыққа ұшырауына байланысты сот залынан босатылды. Рақымшылыққа байланысты Ережеповке 9 ай «шартты түрде» жаза тағайындады-. #QATAR 2022-де қаза тапқан  бес айыпталушы да «кінәлі» деп танылды [31].

7 ақпан, Заречный кенті, №14 мекеме, Ерұлан Әміров, ҚР ҚК 174, 405-баптары, қамау мерзімі 7 жыл, соққыға жығылды. Соққыға жығудың себебі мен соққы жасағандардың аты-жөні белгісіз . Құқық қорғаушылар түсініктеме алу үшін ҚАЖД-ға жүгінді [32].

7 ақпан, «PAPERLAB» зерттеу орталығымен бірлесе жүргізілген «DEMOSCOPE»  қоғамдық пікірдің экспресс-мониторингі бюросының деректері бойынша: «сауалнамаға сәйкес, азаматтардың 71,1% – ы Тоқаевтың «наразылық білдірушілерді жеңіліске ату» бұйрығын мақұлдамайды. Ал 11,3% керісінше, бұл шешімді қолдайды. 11,1%-на  жауап беру қиынға соқты, ал 6,5% бұл туралы ештеңе де білмейді» [33].

 

8 ақпан, Алматы облысы, Заречный кенті, № 14 мекеме, Ермек Нарымбаев, ҚР ҚК 174-бабы, 3 жылға қамау, облыстық сот бірінші сатыдағы соттың қаулысына адвокаттың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды[34]

8 ақпан, Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Әкімшілік сот Д. Мұхаммедқәрімді Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартуды заңсыз деп шешті және №12 аудандық сайлау комиссиясының хаттамасын заңсыз деп таныды [35].

8 ақпан, Тараз қаласы, полиция белсендісі Қанатов Нұрланды ұстады, ол бұрын көлігінің өртелгенін мәлімдеген болатын, полиция көлікті оның өзі өртеген деген айып тағуда. Сынағаны үшін, өзінің полиция басшылығы тарапынан «қудалау мен жасырын қауіптің құрбаны» болғанын Қанатов сонымен қатар мәлімдеді. Ұсталардан бұрын ол, Президент Тоқаевтың атына үндеу жасаған болатын [36].

8 ақпанда, Алматы қаласы, блогер Н. Айтеленов 9 жылға сотталған журналист М.Әбжанды қолдау мақсатында сот ғимаратына пикетке шықты. Блогер бұл істі ойдан шығарылған деп санайтынын айтты, себебі ол «басқа журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары қабылдамаған оқиғалармен хабардар етті» [37].

8 ақпанда, Орал қаласы, белсенді Бекболат Өтебаев жеке пикетке шықты тақырыбы: «Біз өмір сүрмейміз, бірақ аман қаламыз». Қала прокурорының орынбасары оның әрекеттері заңсыз екенін және ұсталу қаупі бар екенін мәлімдеді, алайда, Б .Өтебаев ұсталған жоқ[38].

8 ақпан, Астана қаласы, «UlysMedia.kz» редакциясына басылым редакторы Ибраева Самалдың отбасылық суреті мен жануардың ішектері салынған қорап жіберілді. С. Ибраева мұны редакцияны қорқыту әрекеті деп санайды. Құқық қорғау органдары бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады[39].

 8 ақпан, Алматы қаласы, Әкімшілік сот жоба журналистерінің талабы бойынша қанағаттандырудан бас тартты. Журналистер Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы ақпаратты жасыруды сотқа жүгінудің себебі деп атады. «BES.media.  сайлау науқаны басталғаннан бері мәжіліс депутаттығына кім ұсынылып жатқандығы туралы ақпарат алуға тырысуда» [40]

8 ақпан,Петропавл қаласы, «ДостықМолл» сауда орталығының күзет қызметінің бастығы С. Сағандықов, ҚР ҚК 158-бабы «журналистік қызметке кедергі жасау» бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеуге кесілді. «Рақымшылық туралы» заңға сәйкес жазадан босатылды [41]

8 ақпан, Орал қаласы, әкімдік Өтебаев Бекболатқа 2023 жылғы 20, 21 және 22 ақпанда бейбіт пикет өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Мүгедектік бойынша жәрдемақыларды арттыру және мүгедектігі бар адамдарды қажетті дәрі-дәрмектермен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Бас тартудың себебі: толық емес ақпараттар беру [42].

8 ақпан, Көкшетау қаласы, полиция қызметкерлері М.Жанұзақовты ұстады, ол сайлау комиссиясына құжаттарын тапсыру үшін бармақшы болған. Бұл құжаттарды тапсырудың соңғы күні болғандықтан, полицияның әрекеті депутаттыққа кандидатты тіркеуге кедергі келтірді[43].

8 ақпан, Астана қаласы, «Алға, Қазақстан!» Партияны тіркеуді бастау үшін Әділет министрлігіне бастамашыл топтың тізімін 11-і рет тапсырды. «Саяси партиялар туралы» Заңның 8-бабына сілтеме жасай отырып, билік қайтадан бас тартты, бастамашыл топтың тізімі заңға сәйкес келмейді. Ненің сәйкес келмейтінін, билік нақты жауапта көрсеткен жоқ [44].

9 ақпан, Алматы қаласы, «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының  2023 жылғы 02-09 ақпан аралығындағы жағдайына шолу жасады [45].

9 ақпанда, Орал қаласы, белсенді О.Оқасовтың көлігін полицейлер, оны көлігін мас күйінде жүргізіп жатқандай етіп тоқтатты. Ол қандағы алкогольді тексеруден бас тартты. Полицейлер жол ережесін бұзу және полиция қызметкерінің талабын орындамау туралы баптар бойынша екі хаттама толтырды [46].

 

9 ақпан, Орал қаласы, О.Оқасов, медициналық сараптама белсендіге дене жарақаты салынғанын растады. Травматологияда дәрігер Оқасовта бас терісінің жұмсақ тіндерінің көгеруі, сол қолдың жұмсақ тіндерінің көгеруі, кеуде қуысының екі жағынан көгеруі бар деген қорытынды берді[47].

9 ақпан, Ақтөбе қаласы, әкімдік 2023 жылғы 11 ақпанда С.И. Құжахметоваға бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттар және тәуелсіз партиялар тіркелсін. Бас тартудың себебі: толық емес ақпараттар ұсыну[48].

9 ақпанда Атырау қаласы, «Жол бақылауы» желілік басылымының журналистері О. Вертинская мен С. Қожаниязов, өздерін облыстық полиция бастығының орынбасары Е. Биғамбаевтың тарапынан қудалауға ұшырадық деп есептейді, ол оларға қарсы өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіргені туралы сотқа арыз берген, ал ақпан айының басында жала жапқаны үшін С. Қожаниязовты жауапқа тарту туралы өтініш берген[49].

9 ақпан, Атырау қаласы, О. Вертинская және С. Қожаниязов сол кезде Е. Биғамбаев қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары болған деп есептейді және журналистерді полиция басқармасының ішкі ауласында орналасқан «Динамо» спорт кешеніндегі #Qantar2022 азаптауларды сипаттағаны үшін соттауға тырысады[50].

8 ақпан, «бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жаңа заңға сәйкес, қазақстандық журналистиканы Солтүстік Кореяның стандарттарына сәйкестіруі  мүмкін. БАҚ мақалаларын шенеуніктермен келісуге мәжбүрлі етпекші, журналистерді есепке қойып және  материалдары үшін, оларды өмір бойы жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр», – деп мәлімдеді баспасөз қорғаушылары [51].

9 ақпан, тәуелсіз бақылаушылар бірлестіктері 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлауды бақылауға дайындықты бастай алмайды, өйткені олар құқықтарды шектейтін деп санайтын жаңа түзетулерге сәйкес ОСК – дан аккредиттеуді күтіп, белгісіздік жағдайында отыр, – деп мәлімдеді белсенділер [52].

10 ақпан, Батыс-Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, әкімдік Байтеміров Едігеге  2023 жылғы 18 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттар және тәуелсіз партиялар тіркелсін. Бас тартудың себебі: Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған орындарда және мерзімде спорттық іс-шаралардың және ауылшаруашылық жәрмеңкенің өтуі [53].

10 ақпан, Талдықорған қаласы, қалалық сот,  #QANTAR2022-де ұсталғандарды азаптағаны үшін ҚР ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталған 5 полиция қызметкеріне үкім жариялады. А. Кенжебаевты және  Н. Жанбақытұлын – 4 жылға, Е.Жұмашевты, А.Бақановты -3 жылға және С.Тоқташты – 3,5 жылға бас бостандығынан айыру. Осы іс бойынша 23 адам жәбірленуші болып танылды[54].

 10 ақпан, Алматы қаласы, №72 мекеме, М. Козачков, ҚР ҚК 262-бабының 2-бабы, 249-бабының 3-бөлігі, 185-бабының 3-бөлігі, « Бүгінде журналист қорғаушыларсыз тергеу әрекетіне қайта шығарылуда! Бүгін 10.02.2023 жылы сағат 12.00-де тергеу әрекеті туралы хабарланды, ол туралы тек бір сағат және бір ғана қорғаушыға хабарланды», – деді оның адвокаты Мұрат Адам[55]

10 ақпан, Алматы қаласы, «Қазір жәбірленушілердің өздері және құқық қорғаушылардың қолдауымен қаза тапқандардың туыстары оңалту мәселесіне бастамашылық жасайды және оларды «2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты не олардың жолын кесу кезінде зардап шеккен немесе оқиғалардың құрбаны болды» деп тануға азаматтық талап қояды», – деп хабарлады Бақытжан Төреғожина [56].

10 ақпан, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қарасай Әшірбеков, ҚР ҚК 120-бабы бойынша 6,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Жабық сот болды, құқық қорғаушылар мен бақылаушыларды  кіргізбеді [57].

12 ақпан, Алматы қаласы, № 2 Бостандық аудандық соты, «Власть»  интернет-журналының журналисі О.Логиновадан жауап алу кезінде прокурор Е .Баймағамбетов дөрекі түрде: «Мен қарап отырсам, сіз Ж. Мамайдың және оның жақтастарының барлық сұрақтарын есте сақтайсыз, ал прокурордың сұрақтары жадыңызда сақталмайды» – деді[58].

13 ақпан, Алматы қаласы, «Қазжол парк» қонақ үйінде «Жабайы Арман» деген лақап атпен танымал А.Жұмагелдиевтің адвокаттарының баспасөз конференциясы тағайындалды. Ғимаратта күтпеген жерден электр қуаты жоғалып кетті, осылайша баспасөз мәслихаты бұзылды. Адвокаттар өздерінің қорғауындағы  іс  туралы жаңа ақпараттар ұсынбақ болған [59].

14 ақпан, Астана қаласы, журналист Серік Жолдасбай оған қауіп төніп тұрғанын айтады. Журналистің айтуынша, белгісіз адам өзін барлау қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, қатысы жоқ іске  кіріспеуді бұйырған. С.Жолдасбай полицияға арыз жазды [60].

15 ақпан, Көкшетау қаласы,  әкімдік  белсенділерге Ресейдің Украинаға басып кіруінің біржылдығында  соғысқа қарсы пикет өткізуден бас тартты. Сондай-ақ, ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуды талап ету жоспарланды. Бас тартудың себебі: Пикет кезінде дыбысты күшейтетін техникалық құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Тек плакаттарды, транспаранттарды және «көрнекі үгіттің өзге де құралдарын» пайдалануға жол беріледі [61].

15 ақпан, Орал қаласы, қалалық сот М.Ескендірова мен А. Оразбаевқа үкім шығарды, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлімі бойынша, қоғамдық-саяси қызметке екі жылдық тыйым салумен 1,5 жылға бас бостандығын шектеу үкімін жариялады. Сот М.Ескендіроваға сонымен қатар жазаны өтеу мерзімі кезінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбек тағайындады [62].

15 ақпан, Астана қаласы, 9 жылға бас бостандығынан айырылып,  сотталған журналист М. Әбжанды  қорғау үшін жеке пикет өтті. Министрліктер Үйінің жанында сотталған адамның ағасы Абжанды және басқа да тәуелсіз журналистерді босатуға шақырған плакатты жайды [63].

15 ақпан, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының әкімдігі Едіге Байтеміровке 2023 жылғы ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Депутаттыққа барлық тәуелсіз кандидаттарды және тәуелсіз партияларға тіркеу. Бас тарту себебі: толық емес ақпарат ұсыну[64].

15 ақпан, Астана қаласы, ішкі саясат басқармасы журналистер мен баспасөз қорғаушыларының пікірінше, мемлекеттің БАҚ-қа бақылауын күшейтетін «Масс-медиа туралы» жаңа заңның үкіметтік жобасын қабылдауға қарсы жария акция өткізуден бас тартты. Бас тартудың себебі, бұрын жоспарланған басқа іс-шараларды өткізу [65].

15 ақпан, Алматы қаласы, өткен жылдың қаңтар айында оқ жарақатынан қайтыс болған 4 жасар Айкөркем Мелдеханның қаза тапқаны туралы істі сотқа беру жоспарлануда. Іс бойынша  бір күдікті бар және ҚР ҚК-нің 451-бабымен «өкілеттігін асыра пайдалану» бойынша тексерілетін болады[66].

16 ақпан, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының  2023 жылғы 09-16 ақпан аралығындағы жағдайына шолу [67].

16 ақпан, Қарағанды қаласы, Парламент Мәжілісіне сайлауға түсуге шешім қабылдаған, құқық қорғаушы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлестіктің басшысы Айтмағанбетов Жаслан, 19 наурызға белгіленген мерзімінен бұрын парламенттік сайлау алдында оған қысым көрсетілгенін мәлімдеді[68].

16 ақпан, Астана қаласы, М. Жыланбаев, Парламент Мәжілісіне сайлауға түсу туралы шешім қабылдаған, мерзімінен бұрын болжанған үгіт үшін оған қарсы әкімшілік іс қозғалғаны туралы хабарлады. Мұндай қаулыны А. Джахин де алды, ҚР ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша «Тыйым салу кезеңінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу» бойынша, кінәлі деп танылған жағдайда екеуіне де 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қаупі бар [69].

17 ақпан, Атырау қаласы, «Nasar Solutions» ЖШС-нің экоактивисттер О. Мартынюк пен Г. Черноваға кәрізге қауіпті химиялық ағындарды төгу фактілері және әкімдік пен «Аманат» партиясында лицензияны қайтарып алу талаптары туралы «жалған ақпарат тарату» туралы шағымы. 10 күндік мерзімде ЖШС бірқатар құжаттарды ұсынуды талап етеді, ал егер ұсынылмаса, бұл ҚР ҚК 274-бабы бойынша іс қозғау туралы арызға себеп болуы мүмкін [70].

18 ақпан, Алматы қаласы, фемактивистер, 8 наурыздағы әйелдер құқығына арналған шеруді ұйымдастырушылары қала әкімдігінен бас тарту алды. Биылғы тақырып «Дене автономиясы үшін. Жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы». 8 наурызға 4 бас тарту алынды, шеруге 2 бас тарту және митингке 2 бас тарту алынды[71].

18 ақпан, Алматы қаласы, журналист М. Козачковтың  ҚР ҚК 262-бабы 2-бөлігі, 249-бабының 3-бөлігі, бұлтартпау шарасы қамаудан үй қамауына алуға өзгертілді. Ол жеке деректерді заңсыз таратқаны үшін кінәні мойындады және оған тағылған айыптардың бір бөлігін алып тастау туралы айтты. «Менің өкінуіме байланысты мен заңсыз жариялаған мемлекеттік құпияларды ашу ісі тоқтатылды», – деді М.Козачков[72].

18 ақпан, Астана қаласы, «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ әкімдіктің « Масс-медиа туралы» заң жобасына қарсы 18 ақпанда митинг өткізуден бас тартуын заңсыз деп санайды. Жетекшісі Д. Өкремова мен заңгер Г. Біржанова цирк алдындағы алаңға келіп, онда қандай іс-шара өткізіліп жатқанын көрді, бірақ алаң бос тұрды [73].

18 ақпан, Орал қаласы, О. Оқасов, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 15 тәулікке қамауға алынды. Ол сондай-ақ 8 жыл бойы жүргізуші куәлігінен айырылды. Судья Оқасовты «мас күйінде белгіленген тәртіппен куәландырудан» өту туралы полиция қызметкерінің заңды талабын орындамау бабы бойынша кінәлі деп таныды [74].

18 ақпан, Алматы қаласы, №3 аумақтық сайлау округі Мәжіліске сайлауға кандидат ретінде Әйгерім Тілеужанды тіркеген жоқ. 18 ақпанда, кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін 15 минут бұрын Комиссия мүшелері сайлау жарнасын төлеу көрсетілген банктік құжаттың түпнұсқалығына күмән келтірді [75].

19 ақпан, Алматы қаласы, Ганди атындағы саябақта бір мандатты округтер бойынша мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар болып тіркелген белсенділер алғашқы «үгіт-насихат митингісін» өткізді [76].

18 ақпан, Алматы қаласы, Сараптамалық кеңестің шешімімен саяси тұтқындар деп танылды Аслан Өтепов, ҚР ҚК 190, 194, 367-баптары, қамауда, «Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ҚБ басшысы, құқық қорғаушы, белсенді Махамбет Әбжан, ҚР ҚК 194-бабы және 274-бабы мерзімі 9 жыл, журналист және «Abzhan News» жеделхат-арнасының негізін қалаушы[77].  

20 ақпан, Алматы қаласы, әкімдік Б.Иманғалиеваға 2023 жылғы 24 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Украйнаны қолдау. Бас тартудың себебі: «Мәлімделген тақырып бойынша бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі бар екенін тәжірибе көрсетеді» [78].

20 ақпан, Астана қаласы, әкімдік М. Жыланбаевқа  2023 жылғы 24 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты.  Тақырыбы: Украинаны қолдау. Бас тарту себебі: бұрын келісілген іс-шаралар[79].

20 ақпан, Алматы қаласы, полиция журналистерге қарсы заңсыз әрекеттері үшін 18 адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia Telegram-арнасы [80].

20 ақпан, Орал қаласы, Б. Өтебаев, Абай атындағы Орталық Алаңда әкімдік ғимаратының жанында жеке пикет өткізді, «Мен өмір сүргім келеді. I wantlive». 2-ші мүгедектік тобы бар зейнеткер зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруді және зейнеткерлік жасты төмендетуді талап етті[81].

20 ақпан, Алматы қаласы, «ҚазФем» қозғалысының белсендісі Вероника Фонова Алматы әкімдігі мен әкім Е. Досаевқа талап арызбен жүгінді. Белсенді соттан жауапкерді әйелдер шеруі мен 2023 жылғы 8 наурызда шеру өткізуді келісуге міндеттеуді, сондай-ақ әкімдікті «бұдан былай құқықтар мен бостандықтарға қатысты ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілерді қабылдамауға» міндеттеуді сұрайды [82].

20 ақпан, Алматы қаласы, әкімдік А. Әбішевке 2023 жылғы 24 ақпанда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Украинаны қолдау. Бас тартудың себебі: «Тәжірибе мәлімделген тақырып бойынша бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі бар екенін көрсетеді»[83].

20 ақпан, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының әкімдігі Едіге Байтеміровке, Ресейдің Украинаға басып кіруінің біржылдығына орай, 2023 жылғы 24 ақпанда бейбіт наразылық білдіруден бас тартты. Тақырыбы: Украинаны қолдау, ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығу. Бас тартудың себебі: Бұрын жоспарланған іс-шараларды өткізу [84].

20 ақпан, Алматы қаласы, журналист Вадим Борейко, «Гиперборей» арнасының авторы, оның операторының екі машинасының жарылғанын мәлімдеді. «Мен машиналардың жарылуын (немесе өртенуін) қаңтардағы оқиғамен және менің кәсіби қызметіммен байланыстырамын», – деп мәлімдеді Борейко [85].

20 ақпанда, Алматы қаласы, журналист В. Борейкомен жұмыс істейтін операторға тиесілі 2 автомобиль жарылысынан кейін, полиция ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғады [86].

22 ақпан, Алматы қаласы, ҚМППО баспасөз орталығында Мәжіліске депутаттықтың бұрынғы кандидаттары М. Бишуинова, К. Сәбитбекұлы, С. Шардаровтың  баспасөз конференциясы өтті, оларға округтік сайлау комиссиялары әртүрлі сылтаулармен олардың кандидатураларын тіркеуден бас тартқан болатын[87].

22 ақпан, Шымкент қаласы, Абай сотында ҚР ҚК 269-бабының 2-бөлігі, 405-бабының 2-бөлігі, 272 –бабының 2-бөлігі, Ж. Әштаевтың 3 жыл 1 ай мерзіміне қатысты жазаны ауыстыру бойынша сот өтті. Ол сот туралы оның басталуына 2 сағат қалғанда ғана білді, сотқа дайындалуға мүмкіндік бермеді, адвокат тағайындалмады, судья адвокат беру туралы талапты елемеді. Үш қызметкер Ж. Әштаевқа келіп, оны ұрып-соғып, оны түрме режимін бұзды деп мойындауға мәжбүр етті. Түрме режимін бұзғаны үшін жазасы бар болғандықтан, Ж. Әштаевқа жазаны ауыстырудан бас тартылды [88].

2023 жылғы 22 ақпан, «Алға, Қазақстан!» партияны тіркеуді бастау үшін бастамашыл топтың тізімін Әділет министрлігіне қайта тапсырды. Билік саяси партиялар туралы Заңның 8-бабына сілтеме жасаумен, заң талаптарына сәйкес келмейтіндей санап,  бас тартты [89].

22 ақпан, Орал қаласы, Аслан Өтепов, ҚР ҚК 194, 190, 367- баптары, қамауда отыр, қылмыстық істің материалдары прокуратурада. А.Өтепов  жәбірленушілер мен Антикор қызметкерлерінің барлық әрекеттерін оның қоғамдық қызметіне жауап ретінде арандатушылық деп санайды [90].

22 ақпан, Астана қаласы, баспасөз конференциясында «Мемлекеттік органдар адвокаттың рөлін, оларға конституциялық-құқықтық миссия жүктелгенін ескермей, қарапайым қазақстандықтың рөліне қарай жиі төмендетеді, сондықтан тең емес жағдайлар туындайды», – деп мәлімдеді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы А. Бикебаев[91].

22 ақпан, Алматы қаласы, журналист Д. Молдабеков тергеу жанрындағы мақалалардың авторы, бетперде киген белгісіз адам оған кіреберісте соққы жасағанын хабарлады. Шабуылдаушыдан мағынасы жағынан «сыртқа шықпа!» дегенді білдіретін дөрекі сөзді ескертуді естіді.

23 ақпан, Орал қаласы, әкімдік Б. Өтебаевтың 6 хабарламасына жауап ретінде 2023 жылғы 1,7, 8, 13,14 және 15 наурызда бейбіт пикет өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Мүгедектік бойынша жәрдемақыны арттыру және зейнетақыны арттыру, зейнеткерлік жасты төмендету. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген мәдени-бұқаралық іс-шаралар [92].

23 ақпан, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының  2023 жылғы 16-23 ақпан аралығындағы жағдайына шолу [93].

23 ақпан, Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратының алдында қазақстандық феминистер қала билігінен 8 наурызға жоспарланған Әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап ететін екі жеке пикет өткізді [94].

23 ақпан, Алматы қаласы, Қосай Маханбаев, ҚР ҚК 272-бабының 2-бабы, 269-бабының 3-бөлігі, қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша үй қамауында болған мәслихат депутаттығына сайлаудан «тергеуге қысым жасамау үшін» шығарылды. Территориялық сайлау комиссиясына мұндай талап іс жүргізу прокурорынан келді, үгіт басталғанға дейін К .Маханбаевтың кандидатурасын тіркеу жойылды [95].

23 ақпан, Алматы қаласы, Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев, журналистерге ерекше мәртебе қажет және сөз бостандығын бұзғаны үшін қатаң жазалау қажет деп санайды [96].

24 ақпан, Астана қаласы, әкімшілік сот М. Жыланбаеваға және А. Джахинаға ҚР ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша  51750 теңгеге айыппұл салды. Оларға « Тыйым салу кезеңінде үгіт-насихат жүргізу» деген айып тағылды [97]

24 ақпан, Қарағанды қаласы, Ж. Айтмағанбетов, ҚР ӘҚБтК-нің 102-бабы «Тыйым салу кезеңінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу». Әкімшілік сот депутаттыққа кандидатқа 51 750 теңге айыппұл салды [98].

24 ақпан, Астана қаласы, елордадағы Адам құқықтары бюросының қызметкері Артур Алхасовты полиция қызметкерлері ұстады, ол соғыс басталғанына бір жыл толғанда Ресей елшілігіне пикетпен шығуы керек еді. Сондай-ақ, оны іздеуге аттанған «Еркіндік қанатының» екі құқық қорғаушысы ұсталды.  Оны полицияда шамамен 1 сағат ұстады және босатты[99].

24 ақпанда, «Журналистерді қорғау комитеті» (Committee toProtectJournalists, CPJ) ұйымы Қазақстан билігін «тәуелсіз журналистерге жасалған шабуылдардың жаңа толқынын» мұқият тергеуге және осы шабуылдарға қатысы бар барлық адамдарды жауапқа тартуға шақырады [100].

24 ақпан, Алматы қаласы, әкімдік И.Иманбайға Ресей шапқыншылығының біржылдығында Украинаны қолдау үшін пикетті келісуден бас тартты. Қала әкімі Е. Дасаевтың қолы қойылған жауапта: «акцияны өткізу туралы хабарлама жоспарланған күннен 5 күн бұрын жіберілуі қажет болатын, ал ол 4 күн бұрын жіберілген» делінген[101].

24 ақпан, Астана қаласы, «Маѕа Media» ақпараттық ресурсы, олардың SMM-редакторы Айдар Әлкеевтің Ресей елшілігінің жанында Украинаны қолдауға арналған акцияда ұсталғанын мәлімдеді [102].

24 ақпан, Астана қаласы, журналист Сұлтан-Хан Аққұлұлы Мәжіліс депутаттығына сайлаудан шығарылды, өйткені ол мемлекеттік меншік тізіліміне сәйкес өзіне тиесілі мүліктің бір бөлігін тіркемеген [103].

26 ақпан, Талдықорған қаласы,#Qantar2022 кезінде қайтыс болған Мұқашев Алмастың ағасы кінәлі қауіпсіздік қызметкерлерін жазалауды талап етеді. 2022 жылғы 4 қаңтарда 43 жастағы Алмас Талдықорғанда газдың күрт қымбаттауына байланысты бейбіт шеруге қосылды. 13 қаңтарда Алмастың денесі мәйітханадан табылды, оның денесінде тірі орын қалмаған [104].

26 ақпан, Алматы қаласы, Әсия Төлесова, Алматы мәслихатына үміткер аудандық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде сайлауға дейін жіберілмегенін хабарлады. Бұл ретте кандидатқа осы шешімнің хаттамасы ұсынылмады [105].

27 ақпан, Алматы қаласы, Әйгерім Тілеужан, Жоғарғы Сотта №3 аудандық сайлау комиссиясына талап арызды жеңіп алды, ол бұрын оны Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан болатын. Жоғарғы сот оның талабын «Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде сайлауға қатысуға кедергілер жоқ» деп қанағаттандырды [106].

27 ақпан, Алматы қаласы, И.Иманбай, Мәжіліс депутаттығына кандидат болған, «ұлтаралық алауыздықты қоздыру»  бойынша оны полицияға шақырғаны туралы хабарлады. Полицияға шақыру 24 ақпанда Алматы қаласындағы Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның үй-жайында жеке пикет өткізгеннен кейін бірнеше күн өткен соң орын алды [107].

28 ақпан, Астана қаласы, Төлеген Мұратбек, ҚР ӘҚБтК-нің 667, 653-баптарына сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзуға және М. Әбжан ісі бойынша үкімнің жария етілуіне кедергі келтіруге байланысты, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына әкімшілік хаттама жасауға шақырылды [108].

24 ақпан, Алматы қаласы, тергеу сотының қаулысымен ҚР ҚК 115, 147, 158, 202, 293-баптарына қатысты екі ай мерзімге, яғни 22 сәуірге дейін,  журналистерге жасалған шабуылды бағыттаушы О.Токаревке қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға рұқсат етілді[109].

28 ақпан, Алматы қаласы, мамандандырылған сот Алматы мәслихатының депутаттығына кандидат Маханбаев Қосайдың тіркелуін жою туралы хаттамалық шешімді заңсыз деп таныды және оның күшін жойды, енді ол қайтадан кандидат [110]

28 ақпан, Алматы қаласы, Бибігүл Иманғалиева, дүкенге кіре берісте полиция қызметкерлері оны түсіндірусіз ұстады және ол 2023 жылдың 10 ақпанынан бастап тыйым салу кезеңінде сайлау алдындағы үгітті бастады деген әкімшілік іс материалдарымен танысу үшін аудандық прокуратураға жеткізілді[111].

28 ақпан, Астана қаласы, әкімдігі 2023 жылғы 4 наурызда Сембай Асқарға бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Қытаймен визасыз режим құру жоқ. Бас тартудың себебі: Толық емес деректерді ұсыну [112].

28 ақпан, Алматы қаласы, Тілеужан Әйгерім, Мәжіліс депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырғаннан кейін бірден оны полиция ұстады. ОСК-ға полиция қызметкерлері келіп, үй қамағын бұзғанын мәлімдеді. Полиция оны «үйге апарамыз, өйткені ол үй қамауында болуы керек» деген жауап берді [113].

28 ақпан, Алматы қаласы, Ілияс Юсупжанов, № 7 аудандық сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутаттығына кандидатқа зияткерлік меншік объектілерін декларацияда көрсетпегендіктен сайлаудан шығарылғаны туралы хабарлады, ол 4 кітаптың авторы [114].

28 ақпан, Алматы қаласы, Алматының тәуелсіз кандидаттар Альянсының «ДЕРБЕС ДЕПУТАТ»(DERBES DEPUTAT) мүшелерін сайлаудан түрлі сылтаулармен алып тастайды, деп мәлімдеді депутаттыққа кандидаттар [115].

28 ақпан, Шымкент қаласы, Ниязбекова Шарипа, ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі, 256-бабының1-бөлігі, 405-бабының 2-бөлігі бойынша 7 жылға қамауға алынған саяси тұтқын Әміров Ерұланның анасы. Ол АҚШ, Еуроодақ, Канада Ұлыбритания және басқа елдердің үкіметтеріне ұлын босатуға көмектесуді және жәрдемдесуді сұрап жүгінеді [116].

[1]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-aktobe-qantar-judgment-of-eighteen-people/32252967.html

[2]https://ulysmedia.kz/news/12185-ia-khochu-zabyt-i-nichego-ne-vspominat-13-detei-podvergalis-pytkam-posle-ianvarskikh-sobytii/

[3]https://bureau.kz/novosti/kantar-sorval-masku/

[4]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3935

[5]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3940

[6]https://bureau.kz/novosti/beznadzornoe-bezzakonie/

[7]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3942

[8]https://t.me/AdalSotKz/1075

[9]https://rus.azattyq.org/a/32252670.html

[10]https://kaztag.kz/ru/news/posolstvo-kanady-v-astane-provelo-vstrechu-v-podderzhku-nezavisimykh-zhurnalistov

[11]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-bloody-january-taraz-isatay-donbayev/32253568.html

[12]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0QX8R51jtCzy2Dy316s3eeFAjyoAkiZPs13Ad5tWaeT7x9QX1gmzq4mNd5Q5MsJkul

[13]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3487860021533256/

[14]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3484559658529959/

[15]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3486099471709311/

[16]https://rus.azattyq.org/a/32254478.html

[17]https://rus.azattyq.org/a/32254351.html

[18]https://rus.azattyq.org/a/32254069.html

[19]https://rus.azattyq.org/a/32254014.html

[20]https://rus.azattyq.org/a/32255214.html

[21]https://rus.azattyq.org/a/32255612.html

[22]https://rus.azattyq.org/a/32256236.html

[23]https://rus.azattyq.org/a/32257122.html

[24]https://rus.azattyq.org/a/32258800.html

[25]https://orda.kz/zashhita-mamaya-gotovitsya-obratitsya-v-konstituczionnyj-sud-po-obvineniyu-k-prichastnosti-k-yanvarskim-sobytiyam/

[26]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3490254677960457/

[27]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3488609994791592/

[28]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3488563868129538/

[29]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3488533928132532/

[30]https://rus.azattyq.org/a/32260333.html

[31]https://rus.azattyq.org/a/32260346.html

[32]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3488665331452725/

[33]https://demos.kz/otnoshenie-kazahstancev-k-janvarskim-sobytijam/?fbclid=IwAR1VFvg9gU5Uwolb52AKJQ4ChhOSP9WT06S9i2BY7Nhzi5ujyzQ0ftTKO1o

[34]https://rus.azattyq.org/a/32262011.html

[35]https://kaztag.kz/ru/news/otkaz-izbirkoma-v-registratsii-dumana-mukhametkarima-kandidatom-v-deputaty-priznan-nezakonnym

[36]https://rus.azattyq.org/a/32261407.html

[37]https://rus.azattyq.org/a/32261646.html

[38]https://ulysmedia.kz/news/12531-ne-zhiviom-a-vyzhivaem-na-odinochnyi-piket-vyshel-muzhchina-v-uralske/

[39]https://ulysmedia.kz/news/12525-v-ofis-ulysmedia-kz-prislali-korobku-s-potrokhami-zhivotnogo-i-semeinym-foto-glavreda/

[40]https://kaztag.kz/ru/news/sud-v-almaty-vynes-otritsatelnoe-reshenie-po-isku-zhurnalistov-bez-ikh-uchastiya-v-zasedanii

[41]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3947

[42]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3491047687881156/

[43]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3489384998047425/

[44]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3490154197970505/

[45]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3953

[46]https://rus.azattyq.org/a/32265758.html

[47]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3493421997643725/

[48]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3490940994558492/

[49]https://bureau.kz/novosti/nesportivnoe-povedenie/

[50]https://bureau.kz/novosti/nesportivnoe-povedenie/

[51]https://ratel.kz/scandal/kazahstanskuju_zhurnalistiku_mogut_privesti_k_standartam_severnoj_korei

[52]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-ndependent-observers-and-their-worries-parliamentary-elections/32261303.html

[53]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3492689344383657/

[54]https://rus.azattyq.org/a/32265662.html

[55]https://kaztag.kz/ru/news/mikhaila-kozachkova-povtorno-lishayut-prava-na-zashchitu-advokat

[56]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid068b2PM2yzHhtTyB7uL2PWEv6BDvvfpTrzsW6wTMnchYrev7EDrVQn5yQja35A4Nvl

[57]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02SQu47U6eLNzncvsZrbHEvCcu1F4qpQ5L3K9axrVdQN4Dokzgr2m1KQ7DXn6pQ1F4l

[58]https://orda.kz/na-voprosy-prokurora-u-vas-pamyat-otshiblo-gosobvinitel-otchital-zhurnalistku-dayushhuyu-pokazaniya-po-delu-zhanbolata-mamaya/

[59]https://bureau.kz/novosti/advokatov-armana-zagasili/

[60]https://www.youtube.com/watch?v=9BA7-YqsRdg&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[61]https://rus.azattyq.org/a/32273116.html     

[62]https://rus.azattyq.org/a/32272992.html

[63]https://rus.azattyq.org/a/32272364.html

[64]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3495985704054021/

[65]https://rus.azattyq.org/a/32273781.html?fbclid=IwAR1bMPYO9phQkVST2wH89zzkyrt3r6buurykHi08GGIzk4I5Ft-vMw_Svlw

[66]https://www.youtube.com/watch?v=ore813lH4yo&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[67]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3958

[68]https://rus.azattyq.org/a/32273154.html

[69]https://rus.azattyq.org/a/32276149.html

[70]https://azh.kz/ru/news/view/89482

[71]https://www.facebook.com/667547154/posts/pfbid038PRWQ3ofhoerTLKHwngpXHwW8Qj9tfmBc9zR3w5uTrY8GNxmW1zdrkH4aqpZPYCpl/

[72]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02zukW9j2pq9jidzfHefhnJZHPEAJuVqFcbHvF8evH7eNFpvK2vyumUUVVhW1HSmB8l&id=100000342318404&mibextid=Nif5oz

[73]https://rus.azattyq.org/a/32277158.html

[74]https://rus.azattyq.org/a/32276484.html

[75]https://rus.azattyq.org/a/32277946.html

[76]https://rus.azattyq.org/a/32278239.html

[77]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02wH5qHYWUARKMMy8m8dPTJsaENWPDsr6Mz2CifkKzzunDMwvY8sDj1Zy8xEk2kimyl

[78]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3500817900237468/

[79]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3501799003472691/

[80]https://rus.azattyq.org/a/32281757.html

[81]https://rus.azattyq.org/a/32279681.html

[82]https://rus.azattyq.org/a/32280704.html

[83]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3499648887021036/

[84]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3499644580354800/

[85]https://www.facebook.com/vadim.boreiko/posts/pfbid02yKU7gUHGMaA1EbFRBixCsYv5ka8Zib6shXv6k4bc5PAZKu9oXSkwt2rNXpFw3xRPl

[86]https://rus.azattyq.org/a/32279003.html

[87]https://bureau.kz/novosti/zayavili-o-diskriminaczii/

[88]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3501980453454546/

[89]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3501679893484602/

[90]https://www.uralskweek.kz/2023/02/22/v-uralske-okoncheno-sledstvie-po-delu-aktivista-aslana-utepova/?fbclid=IwAR309FPds6YcpBEMFDhHR0OfRce-6HdMyxOyjC91OKjhFLDw9frpi7LmK-0

[91]https://orda.kz/bolshe-zhdat-uzhe-nelzya-naczdoklad-o-sostoyanii-advokatury-predstavili-v-astane/

[92]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3501741270145131/

[93]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3971

[94]https://rus.azattyq.org/a/32284560.html

[95]https://rus.azattyq.org/a/32284757.html

[96]https://kaztag.kz/ru/news/mataev-zhurnalistam-nuzhen-osobyy-status-i-za-narusheniya-svobody-slova-nuzhno-zhestko-nakazyvat

[97]https://rus.azattyq.org/a/32286586.html

[98]https://rus.azattyq.org/a/32286366.html

[99]https://mediazona.ca/news/2023/02/24/piket

[100]https://cpj.org/2023/02/cpj-calls-on-authorities-to-arrest-organizers-of-attacks-on-independent-journalists-in-kazakhstan/

[101]https://rus.azattyq.org/a/32285914.html

[102]https://t.me/masamedia/7355

[103]https://ulysmedia.kz/news/13116-oppozitsionera-sultan-khan-akkuly-sniali-s-vyborov/

[104]https://orda.kz/krovavyj-yanvar-pytayut-odni-nakazyvayut-drugih/

[105]https://mediazona.ca/news/2023/02/26/asiya

[106]https://rus.azattyq.org/a/32289894.html

[107]https://rus.azattyq.org/a/32289850.html

[108]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0VYBtUMVnhZeLQFk8CZ6zEahL3fWhkeL6wLkBRGbbibL2ktbKcvpkRQQAzcMLUyQgl&id=100025842811805

[109]https://kaztag.kz/ru/news/predpolagaemyy-koordinator-atak-na-kazakhstanskikh-zhurnalistov-arestovan-na-dva-mesyatsa

[110]https://rus.azattyq.org/a/32292044.html

[111]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3505634863089105/

[112]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3506174399701818/

[113]https://rus.azattyq.org/a/32291996.html

[114]https://vlast.kz/novosti/54111-pisatela-usupzanova-snali-s-vyborov-iz-za-togo-cto-on-ne-ukazal-v-deklaracii-napisannye-im-knigi.html

[115]https://kaztag.kz/ru/news/alyans-nezavisimykh-kandidatov-almaty-my-stolknulis-s-prepyatstviyami-so-storony-gosorganov

[116]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3505784156407509/

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.