Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2022 ЖЫЛҒЫ 1 МАМЫРДАН 31 МАМЫРҒА ДЕЙІНГІ АХУАЛДЫҢ МОНИТОРИНГІ

 

1 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, белсенді Мұсабаев Марат, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі, 15 тәулікке қамауға алу, күні бұрын жарияланған «Украинаны қолдау. ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу үшін» жалпы республикалық халықтық митингке Facebook желісіндегі шақыруы, сот шешіміне негіз болды[1].

1 мамыр, Жаңаөзен қаласы, белсенділер Досекеева Жадыра, Құлманова Бақтыгүл, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша сот қаулысымен 64323 теңге айыппұл салынды. Оған 2021 жылдың 30 тамызында балаларға екпе салуға қарсы рұқсат етілмеген митингіге қатысу негіз болды[2].

1 мамыр, Көкшетау қаласы, белсенділер Жанұзақов Марат, Нигметов Валихан, Балташев Бауыржан, Мұхамеджанов Қуат, Шәкенова Гаухар. Белсенділер 14 сәуірдегі Украинаны қолдауға арналған рұқсат етілмеген «митингке» қатысқаны үшін ұсталып, сот шешімімен ескерту алды [3].

1 мамыр, Жаңаөзен қаласы, Украинаны қолдап соғысқа қарсы митингке шықпақ болған Өтекеева Шолпан мен Зияданы, Досекеева Жадыраны, Құлманова Бақтыгүлді полиция қызметкерлері ұстады. Олардың плакаттарын тәркілеп, өртеп жіберді [4].

1 мамыр, Алматы қаласы, Украинаны қолдауға арналған соғысқа қарсы митинг өтетін жер болып белгіленген  Орталық демалыс саябағы аумағында белсенділер- Ұлжабаев Темірханды, Мубараков Айдарды, Юсупов Ниязбекті, Құлманова Күмісті полиция қызметкерлері ұстады[5].

1 мамыр, Қызылорда қаласы, белсенді Жұбанов Мирас орталық алаңда жалғыз пикет кезінде ұсталды, одан митинг тақырыбы жазылған плакатты тартып алды, 4 сағаттан кейін ол босатылды[6].

1 мамыр, Алматы қаласы, «Qaganat» (Қағанат) асханалар желісінің директоры Бұғымбаева Чинара полиция қызметкері асханаға келіп, қалада митинг болып жатқандықтан, оны жабуды және ешкімді кіргізбеуді талап еткенін хабарлады[7].

1 мамыр, Алматы қаласы, белсенділер Гүлбала Жанақбаева, Күлбаршын Ережепова, Гүлмира Мұқанова және Жұлдыз Полатова қонақтан шығып бара жатқан кездерінде полиция қызметкерлерімен дөрекі түрде ұсталды. Ұстау себебі туралы түсініктемелер немесе құжаттар ұсынылған жоқ. Олар Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді және кейін босатылды [8].

1 мамыр, Алматы қаласы, белсенді Жұлдыз Полатова өзіне қол жұмсады. Бұған оның адамдық ар-намысын қорлау мен кемсіту себеп болды. Қазір ол ауруханада жатыр. Полиция қызметкерлері оны аутоагрессиялық жағдайға жеткізген [9].

1 мамыр, «Қаһарман»  құқық қорғау қозғалысы Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізді[10].

3 мамыр, Шымкент қаласы, Сәдібеков Молдабай, 272-бап, 293-баптың 2-бөлімі, 380-баптың 3-бөлімі,  Әл-Фараби аудандық соты қаңтар айындағы наразылықтарға байланысты қылмыстық істі қарай бастады. Сәдібековке «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» және «билік өкіліне күш қолдану» деген айыптар тағылып отыр[11].

3 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қаңтар оқиғасына қатысты 473 айыпталушыға қатысты 288 қылмыстық істі тергеу аяқталды, материалдар сотқа жіберілді, оның ішінде 208-і Алматыда, 49-ы Алматы облысында, 10-ы Жамбыл облысында, Шымкентте – 9, Қызылордада – 5, Ақмолада – 2 және Атырауда – 1», – деп хабарлады Бас прокуратура өкілі [12].

3 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, «Прокуратура тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған 721 күдіктіні анықтады, 281 адам қамауға алынды: Алматыда – 72, Шығыс Қазақстан облысында – 35, Жамбыл облысында – 44, Шымкентте – 43, Алматы облысында – 5, Қызылордада. – 36 адам», – деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі[13].

3 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, «1050 қылмыстық іс қаралуда, оның 157-сі ұрлық, 146-сы заңсыз қару айналымы, 23-і мүлікке қасақана зиян келтіру, 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, қазір қамауда отыр, 333 күдікті мен 81 айыпталушы қамаудан босатылды»,  – деп хабарлады ІІМ өкілі [14].

3 мамыр, Алматыоблысы, Заречныйауылы, Жексебаев Асхат, ҚР ҚК 405-бабының 1/2 бөлігі, 5 жылға бас бостандығынан айыру.Қапшағай қалалық соты Жексебаевтың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы арызын қанағаттандырды[15].

3 мамыр, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры, журналистер, сарапшылар, медиа-заңгерлер тобы заң тұжырымдамасын әзірледі, оны «Сөз бостандығының кепілдіктері туралы» деп атауды ұсынып отыр. Тұжырымдама екі негізгі бөлімнен тұрады. Біріншісінде – азаматтардың сөз бостандығының кепілдігі туралы айтылса, екіншісінде– тікелей БАҚ – қоғамдық институт ретінде айтылған», – дейді «Әділ сөз» ҚБ президенті Тамара Калеева[16].

3 мамыр, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) «Ар.Рух.Хак» қоғамдық қорының жаппай наразылықтармен байланысты адам құқықтарын бұзу фактілерін құжаттау қызметіне байланысты қысым ретінде қарастыруға болатын соңғы оқиғаларға алаңдаушылық білдіреді. IPHR Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және Қазақстанның Бас прокурорына сипатталған әрекеттерді жедел, жан-жақты және бейтарап тексеруді қамтамасыз етуді сұрап, ашық хат жолдады[17].

3 мамыр, «Шекарасыз репортерлар» /«Репортеры без границ» (Reporters sans frontières, RSF)   халықаралық ұйымы 2022 жылға арналған дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексін жариялады. Қазақстан өткен жылғы индекстен 33 позицияға жоғары, 180 елдің ішінде 122-орында тұр, бірақ Қазақстан баспасөз бостандығы жағдайы қиын деп бағаланған елдер тобында қалып отыр [18].

3 мамыр, «Шекарасыз репортерлар»ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде 40-қа жуық журналист жарақат алған, шабуылға ұшыраған немесе қамауға алынған [19].

3 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қаңтар оқиғасы кезінде атыс болған бейбіт тұрғындардың қаза табу фактілеріне байланысты бүгінгі күнге дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің өкілдерінің ешқайсысы күдікті деп танылған жоқ, бірақ ҚК басшылығы қылмыстық істерге куәгер ретінде қатысуда», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың спикерлері брифингте [20].

3 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан президенті Тоқаев билікке мессенджерлер мен әлеуметтік желілер иелерінен балаларға қатысты киберқорқыту болып табылатын кез келген мазмұнды жоюды немесе бұғаттауды талап етуге мүмкіндік беретін даулы балалар құқығы туралы заңға қол қойды. Бұл заң билік үшін цензураның қосымша құралы болып табылады [21].

3 мамыр, Петропавл қаласы, Қайырбек Асқар, ҚР ҚК 405-бабының 1/2-бөлігі, 2 жыл 2 айға сотталған. Сот Қайырбектің жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды [22].

4 мамыр, Шымкент қаласы, Құлбаев Ерғали, ҚР ҚК-нің 269-бабының 2-бөлігі, 293-бабының 2-бөлігі, қаланың Еңбекші аудандық соты белсендіге қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Оған «қаңтардағы наразылықтар кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге, полиция мен әскери қызметкерлерге зорлық-зомбылық көрсетуге» қатысуға шақырды деген айып тағылып отыр[23].

4 мамыр, Алматы қаласы, Иманбай Инга, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, қалалық әкімшілік соты 4 сәуірде қалалық полиция департаментінің жанында өткен наразылық акциясына қатысқан белсендіге 91 890 теңге айыппұл салды [24].

4 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазақстан билігі Назарбаевтың Конституциядағы рөлін бекітуден бас тартты, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі баршаға белгілі және Конституцияда бөлек бекітуді қажет етпейді», – деді Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин[25].

4 мамыр, Орал қаласы, Охасов Орынбай, ҚР ҚК-нің 405-бабы, бұрын 1 жылға бас бостандығынан айырылған. Соттың апелляциялық алқасы белсендінің бас бостандығын шектеу мерзімінің өтелмеген бөлігін сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы төменгі сот шешіміне қатысты шағымын қанағаттандырусыз қалдырды[26].

4 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, суретші Макин Дәурен «терроризмді насихаттады» деген күдікпен қамауға алынды, істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр, деп хабарлады суретшінің әкесі Макин Асқарбек[27].

4 мамыр, Шымкент қаласы, ҰҚК қызметкері капитан Ержанмен «Ар.Рух.Хак» ҚҚ адвокаты Бекқұлова Шалипадан жауап алынды. Олар ҚДТ туралы сұрады, ол жақта кім басшы және кім қаржыландырады, күйеуі адвокат Нұрпейісов екеуі ҚДТ құрамында тұр ма деп сұрады. Олардың қолында қандайда бір  телефонмен сөйлесу ақпары бар (дегенменде оны көрсетпейді және таныстырмайды) және біреумен бетпе-бет келіп, дауыс үлгісін алып, сараптама жүргізу керек екенін айтты», – деп хабарлады Бақытжан Төреғожина [28].

5 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Президент Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сол күні ол парламенттің қос палатасынан жедел түрде өткен «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойды [29].

5 мамыр, «Қырғыз джазмені Рузахунов Викрамды азаптау фактісі бойынша тергеу жәбірленушінің тергеуге келмеуіне байланысты тоқтатылды. Қырғызстан азаматы арандатушылықтан қорқып, өміріне қауіп төніп, өзін мүгедек еткендерге қарсы куәлік беру үшін Алматыға келуден бас тартып отыр», – деді адвокат Керимова Рената[30].

5 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Әділет министрлігі «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу рәсімі аясында ұсынылған құжаттарды белсенділерге қайтарды. Бір күн бұрын белсенділер саяси ұйым құру жұмысын жалғастыратын бастамашыл топты ресми түрде құру үшін департаментке 1600-ге жуық қол жинаған. Белсенділер сотқа жүгінуді көздеп отыр [31].

5 мамыр, «Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың өліміне қатысты тергеу ашық емес, тұтқындарды азаптау істерін тергеу созылып жатыр, материалдар бір инстанциядан екінші инстанцияға тасымалдануда», – деп хабарлайды Хьюман Райтс Уотч (Human Rights Watch) [32].

6 мамыр, Алматы қаласы, Мамай Жанболат, ҚР ҚК 274-б. және 378- б., қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды. Судья тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу және тергеуді аяқтау қажеттілігіне байланысты мерзімді ұзарта отырып, кемінде бір ай қосымша уақыт қажет екендігі туралы дәлелдерін негізді деп санайды[33].

6 мамыр, Шымкент қаласы, Күмісбаев Әмірханды қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272 бабы бойынша  қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін жауапқа тартты. Біздің құзырлы органдар барлық өлгендерді «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» бабы бойынша жауапқа тартты деген ақпарат бар және ал марқұмдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат жоқ [34].

6 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Близнюк Златослава, апелляциялық соты «шеру ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзды» деп айыпталған Украина азаматын бостандыққа шығару туралы шешім шығарып, оны әкімшілік қамаққа алуды 45 945 теңге көлемінде айыппұл төлеумен алмастырды. Сот сонымен бірге оны елден шығару туралы шешімнің күшін жойды[35].

6 мамыр, Алматы қаласы, қаңтардағы наразылық кезінде «жаппай тәртіпсіздіктерге» қатысты деп айыпталған он шақты адам қалалық прокуратураның жанына жиналып, қамауға алынғаннан кейін азаптау істерін тергеудегі біржақтылыққа шағымданды [36].

6 мамыр, Алматы қаласы,  азаптауға ұшыраған Маханбаев Қосай: «Тергеу істі жауып тастауға тырысып жатыр, тергеу изоляторының тіркеу журналындағы 13 қаңтарға дейінгі жазбалар із-түзсіз жоғалып кетті. Жақында бізді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шақырды. Онда бізге азаптау туралы шағымдарымыз расталмағанын айтып, істі тоқтатуға келісім беруді ұсынды» деп мәлімдеді[37].

6 мамыр, Алматы қаласы, жиналған азаптау құрбандарын қалалық прокуратура өкілдері ғимаратқа кіруге шақырды, бірақ журналистерді ішке кіргізбей қойды және олардың сұрақтарына жауап беруден бас тартты [38].

6 мамыр, Шымкент қаласы,  қалалық сот адвокат Нұрпейісов Ғалым мен оның жұбайы Бекқұлова Шалипаның үйіне тінту жүргізу туралы тергеу сотының шешімін жарамсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандырусыз қалдырды. Сот отырысына журналистердің қатысуына рұқсат бермеді [39].

7 мамыр, Орталық Азиядағы Еңбек құқықтарын бақылау миссиясы; Қазақстан Республикасы Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы (ҚКНҚР); Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросы бірігіп Елшібаев Ержанды босатуды талап ететін Петиция құрастырды [40].

7 мамыр, Алматы қаласы. «Алаңда жараланғандар мен қаза тапқандардың туыстары бейбіт шерушілерге «ескертусіз өлтіру үшін» ашық оқ атқан әскерилерге қарсы неге қылмыстық іс қозғамайтындарын түсінбейді!», – дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина [41].

7 мамыр, Алматы қаласы, «Билік белсенділер мен бейбіт шерушілердің қатарына агенттер мен сексот-жұмыскерлерді енгізуді тәжірибеге алған және осылайша олардың өміріне қауіп төндіруде! Біз бұл тәжірибені тоқтатуды талап етеміз! Қазақстан – құқықтық мемлекет болып табылады!», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина[42].

7 мамыр, Алматы қаласы, «Полиция бөлімшелерін, “Нұр-Отан” партиясының кеңселерін, әкімдіктерді, қару-жарақ дүкендерін, банкоматтарды, т.б. қару ұстай білетін, жазаланбайтынына сенімді арандатушылар тонап кетті! Олар қазір қайда? Олардың бәрі К.Мәсімов тұтқындалғаннан кейін қайда жоғалып кетті?Ал полицияның қолына Жаңаөзенді қолдап алаңға шыққан бейбіт тұрғындар және қызығушылық  танытқан көпшілік түсті», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина [43].

7 мамыр, Алматы қаласы, Инга Иманбай, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі,  2022 жылдың 7 мамырындағы Уәлиханов атындағы саябақтағы митингке Facebook желісінде шақырғаны үшін 153 150 теңге айыппұл салынды[44].

7 мамыр, Алматы қаласы, Бәйтереков Нұрбол және Мирмамбетова Гүлнар, ҚРӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, 2022 жылғы 12 наурызда Қалалық полиция басқармасының алдындағы наразылық акциясына қатысқаны үшін 153 150 теңге айыппұл салынды.

7 мамыр, Алматы қаласы, Достияров Абзал 20 тәулікке қамауға, Достияров Дәурен 15 тәулікке қамауға алынды, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі бойынша, Қалалық полиция басқармасының алдында 2022 жылғы 4 мамырда өткен акцияға қатысқаны үшін.

7 мамыр, Алматы қаласы, Мергенбаев Сағидолла, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, Қалалық полиция басқармасының алдында 2022 жылғы 7 мамырда өткен наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

8 мамыр, Алматы қаласы, Алма Нутушева петиция құрып, онда әкесі Арон Атабекті саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану және оны қайтыс болғаннан кейін ақтауды талап етті. Алма, Президент Тоқаевқа жүгінумен,  Шаңырақ оқиғасы бойынша істі қайта қарауға қайтаруды талап етеді[45].

8 мамыр, Орал қаласы, Құсайынов Медет, полиция қызметкерлері тоқтатқан, оған көлікті пайдалану ережесін бұзғаны үшін екі рет заңсыз айыппұл салған. Бұл айыппұлдар 2022 жылдың 1 мамырындағы митингке қатысқаны үшін арнайы қызмет тарапынан ескерту ретінде салынған [46].

10 мамыр, Алматы қаласы, «Қаһарман» адам құқықтарын қорғау қоры #Белсенділер Экстремист емес коалициясы атынан ЕО, АҚШ және ЕҚЫҰ дипломаттарын заңгер-құқық қорғаушы Бекқұлова Шалипаны ашық қорғауға шақырады. Заңгер Бекқұлова «Ар.Рух.Хак» қоғамдық қорының қызметі аясында саяси қуғынға ұшырағандарды қорғап, сол себепті Шымкент қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) репрессиясына ұшырады [47].

11 мамыр, Заречный ауылы, ЛА-155/14 мекемесі, Нарымбаев Ермек, ҚР ҚК-нің 174-бабы, «Нарымбаевқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды: ол бойынша жазасын өтеу және шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу болды. Бүгінгі күні біз шекарадан өту бойынша қудалауды, оның рақымшылыққа ұшырауына байланысты тоқтата алдық», – деп хабарлады адвокат Балғабаева[48].

11 мамыр, Алматы қаласы, «Сот жүйесінің жай-күйіне мүлдем көңілім толмайды, оны реформалауды жақтаймын. Судья азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдардың кез келген заңсыз шешімдері мен әрекеттерінен қорғау үшін мықты және тәуелсіз болуы керек. Ал, біздің судьялар сот төрағаларына, қоғамдық пікірге, елдегі саяси жағдайға тәуелді, сондықтан олар әлсіз және еріксіз», – дейді заңгер Керимова Рена [49].

11 мамыр, Алматы қаласы, «Мен де біздің сот билікке тәуелді деп есептеймін. Оның саяси астары бар, оған мен қаңтар оқиғасы бойынша істермен жұмыс істегенімде тағы бір мәрте көз жеткіздім. Сот тәуелсіз және бейтарап деген статустан алыс», – дейді адвокат Күнсеркін Жан[50].

12 мамыр, Алматы қаласы, «Қазақстанда түрлі себептермен белгіленген наразылық акциялары қарсаңында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жасаған қудалау және қысым көрсету тәжірибесі туралы. Сондай-ақ Тоқаев пен Назарбаевқа Батыс тарапынан жеке санкциялар енгізілсін», – деді азаматтық белсенділер Қазақстандық адам құқықтары бюросында өткен баспасөз коференциясында  [51].

12 мамыр, Алматы қаласы, Баспасөз конференциясында Қытайда қуғын-сүргінге ұшыраған этникалық қазақтардың құқығын қорғайтын, «Нағыз Атажұрт» («Нағыз Атажұрт еріктілері» деп те аталатын) тіркелмеген ұйым өкілдері саяси партия құруға ниеттілігін мәлімдеді[52].

13 мамыр, Алматы қаласы,  қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған Дильшат Абдусатаров, Қосай Махамбаев, Қайрат Қожахметов ауыр халде ауруханалардан уақытша тергеу изоляторына жеткізілген болатын. Олар азаптау туралы айтып берді: ұрып-соғу медициналық мекемелерде басталып, автозакта жалғасты, бірақ ең сорақысы тергеу изоляторында болды, онда олар ауыр азапталды. Азаптау фактілері бойынша ашылған істерді тергеу алға басып жатқан жоқ[53].

13 мамыр, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Бегімбетов Абай, ҚР ҚК 405-бабының 1/2 бөлігі, соттың үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, жазаның қалған мерзімін бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасымен ауыстыру туралы сот шешімімен колониядан босатылды[54].

13 мамыр, «Біз, азаптаудан зардап шеккен Азамат Батырбаев тарапы, Талдықорғандағы азаптау фактілерін тергеуге қатты наразымыз. Біз Парламент Мәжілісі мен Сенатында азаптау фактілері бойынша дереу тыңдау өткізіп, менің депутаттарға берген баяндамамды тыңдауды, азаматтарды азаптаған қылмыскерлерді әшкерелеуге қауқарсыз деп Талдықорғанда орналасқан тергеу тобын таратып,  прокуратураның қатысуымен жаңасын құруды талап етеміз», – деп мәлімдеді адвокат Бауыржан Азанов [55].

13 мамыр, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмыс тобы Қазақстан үкіметі Ильяшев Әлнұрды 2020 жылдың сәуірінде ұстау арқылы халықаралық адам құқықтарын бұзды деген қорытындыға келді. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобының (UNWGAD) хабарлауынша, ол «сөз бостандығы құқығын пайдаланғаны үшін» түрмеге жабылған[56].

13 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы. Еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны теңестіруді талап етіп, билікпен келіссөз жүргізуге келген «КЕЗБИ» мұнай кәсіпшілігінің сервистік компаниясының қызметкерлері бір күн бұрын тағы да Еңбек министрлігі ғимаратының алдында түнеп шықты. Кейбір шерушілер денсаулығының нашарлағанын айтып шағымданды[57].

14 мамыр,  Қазақстанның төрт қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанайда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуді талап еткен митингтер өтті. Билікпен келіскен шараларды «Қазақстан әйелдерінің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету қозғалысы» өкілдері ұйымдастырды [58].

14 мамыр, Алматы қаласы, «Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қаласының құқық қорғау органдары азаптау фактілері бойынша 87 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – деді қалалық прокуратураның баспасөз хатшысы Бауыржан Тілендинов [59].

14 мамыр, Алматы қаласы, «Азаттық»-тың тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз хатшысы Тілендиновтен азаптау дерегі бойынша қанша күдіктінің анықталып, қаншасы қамауға алынғанын сұрады. Прокуратура өкілі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» дегенді алға тартып, бұл ақпаратты бере алмайтынын айтты [60].

14 мамыр, Алматы қаласы, «Жазықсыз қамауға алынғандардың барлығын босатуды талап етеміз #qantar2022 және Мәсімов қамауға алынғаннан кейін бірден жоғалып кеткен арнайы қызметтегі барлық арандатушылардың аты-жөнін жариялауды талап етеміз. Біз халықаралық тергеуді талап етеміз!», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина [61].

14 мамыр, Алматы қаласы, “Президент Тоқаев референдум жариялады, онымен «халықтың өзіне деген сенімін» баршаға тұтастырып көрсеткісі келеді. 5 маусымда  #kantar2022 ге 5 айы болады. Менде сұрақ бар: марқұм болғандардың тізімі жарияланама?  Жүздеген қамалғандардың барлығы босаталады ма? Әлде референдумға бойкот жариялау бойынша  науқанды бастау керек пе? Бізге мұндай профанация не үшін қажет? Кімді алдап отырмыз?», – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина [62].

14 мамыр, Талғар қаласы, «Құрмет» орденінің иегері, зейнеткер Айжігітов Бақтығали әкімдік ғимаратына бір бөтелке бензинмен жалғыз пикетке шығып, өзін өртемек болды, бөтелкені әкімдік қағып түсірді. Белсенді Клара Хасанова Айжігітовтің аудан әкімі мен мәслихат депутаттары тарапынан орынсыз қудаланып жатқанын мәлімдеді[63].

14 мамыр,  Жаңаөзен қаласы, полиция қызметкерлері наразылық білдірген әріптестеріне қолдау көрсету үшін сол күні Нұр-Сұлтанға ұшпақ болған «KEZBI» компаниясының бірнеше мұнайшысын ұстады. Ұсталғандар ұшақ ауаға оларсыз көтерілгеннен кейін босатылды[64].

15 мамыр. Нұр-Сұлтан қаласы, «Бүгін үйіме полиция қызметкерлері іспен таныстыру үшін келді. Айдын Кенжебаевтың әйелі менің үстімнен арыз жазды. Оның күйеуі Батырбеков Азаматты үтікпен қинаған. Желіде оның күйеуін «Оңбаған және қарабет» деп атағаным үшін. Мен өзімнің жазғанымды растадым және жазған сөздерімнен бас тартпаймын және жарияланған жазбаны өшірмеймін», – деп хабарлады Марат Жыланбаев[65].

16 мамыр, Орал қаласы, Сәпиев Мұрат, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген белсендінің шағымын қанағаттандырудан сот бас тартты. Апелляциялық алқа төменгі соттың шешімін қайта қарауға негіз жоқ деп есептеп, үкімді өзгеріссіз қалдырды [66].

16 мамыр, Алматы қаласы,  баспасөз мәслихатында Болат Әбілов «Экономикасы серпінді дамыған  және барлық азаматтардың тұрмысы жоғары деңгейде болатын тәуелсіз және демократиялық Қазақстанды құру» мақсатындағы  «Біздің таңдау»  Bizdin Tandau («Наш выбор»), партиясын құру ниеті туралы жариялады [67].

16 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, жедел жәрдем бригадасы ереуілшілердің бірі Байпақов Айбекті алып кетті. Дәрігерлер оның дене қызуы мен қан қысымы көтерілгенін анықтады. Наразылық білдірген  «КЕЗБИ» жұмысшыларының көпшілігі Министрліктер үйі мен «ҚазМұнайГаз» кеңсесінің алдындағы суық жерде бірнеше түн болғаннан кейін денсаулықтары нашарлағанын айтады [68].

16 мамыр, Қазақстанда 1 мамырға арналған жалпыұлттық митингі қарсаңында билік тарапынан қудаланған белсенділер тізімі. Бұл тізімді «Activists Not Extremists» құқық қорғау қозғалысы ұсынған [69].

16 мамыр, Өскемен қаласы, «Ештеңеге кінәлі емес ұлым Қабылқанов Қуаныштың бейітте жатқаны, оны атқан кінәлі жанның тыныш, отбасының жанында жүруі жанымды ауыртады. Ұлымды соңғы сапарға шығарып салғанда, атқан адамды тауып, жазасын беремін деп ант еттім», – дейді қаңтар айында қаза болған жанның анасы – Сағатбаева Арайлым[70].

16 мамыр, Шымкент қаласы, саяси тұтқын Әміров Ерұлан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274, 405-баптары бойынша Әл-Фараби аудандық соты оны «әлеуметтік араздықты қоздыру», «терроризмді насихаттау» және «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» баптары бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды [71].

16 мамыр, «Еркіндік қанаты» қорының атқарушы директоры Швецова Елена   іс-шара өткізіліп жатқанда  қорға белгісіз адам мен бөлімше инспекторының келгені туралы хабарлайды. Қор саяси реформалар мәселелері бойынша барлық ниет білдірушілер үшін ашық пікірталас алаңын өткізді[72].

17 мамыр, Жаңаөзен қаласы, Tenge Oil & Gas компаниясының жүзге жуық қызметкері үш аптаға жуық уақыт ереуілде. Олар кәсіпорын директорын, оның орынбасары мен қаржы директорын жұмыстан босатуды, сондай-ақ жалақыны көтеруді талап етуде[73].

17 мамыр,  Нұр-Сұлтан қаласы, «КЕЗБИ» компаниясының наразылық білдіруші мұнайшылары «ҚазМұнайГаз» өкілімен келіссөз жүргізу үшін Жаңаөзен қаласына түнгі рейспен аттанды. Мұнайшылардың айтуынша, өткен кездесулер жұмысшыларға «90 пайыздық жеңіс» әкелді[74].

17 мамыр 2022 жылғы  бойынша Қазақстандық азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясының адресіне азаптаулар және басқа да заңсыз әрекеттер туралы 164 хабарлама түсті. Талдықорғанда – 44, Алматыда – 41, Шығыс Қазақстан облысында – 18, Таразда – 13, Қызылордада – 11, Атырауда – 9, Шымкентте – 7, БҚО – 6, Павлодарда – 6, Ақтөбеде – 4, Қостанайда – 3, Қарағандыда – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1[75].

17 мамыр, Азаптауға қарсы коалиция: әйелдерді азаптау немесе қатыгездік көрсету туралы 11 арыз және ер адамдардан 153 арыз түсті, оның 13-і кәмелетке толмағандар. 88 өтініш бойынша Коалиция жәбірленушілерге адвокаттар берді. Зардап шеккендердің 6-сы психологиялық көмекке, ал 24-іне дәрі-дәрмек сатып алуды қоса алғанда, медициналық көмекке қол жеткізілді [76].

18 мамыр, Алматы қаласы, «Шынымды айтсам, биліктің «Қантар-2022» құрбандарының тізімін неге әлі де жариялағысы келмейтінін түсінбеймін? Олардың есімдерін жасырып, біздің үнсіз келісімімізбен оларды ұмытуға жібергісі келе ме? Олар біздің тарихты білмеуімізді және болған оқиғаны мәңгүрттер сияқты  тез ұмытуымызды қалай ма? Қашанғы бізді алдауға болады?» – деп мәлімдеді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина[77].

18 мамыр, Алматы қаласы,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық тергеу-жедел тобының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оның үстінен қамауға алынған Құдайберген Қайрат шағымданды. Бас прокурор Асыловқа жазған хатында ол бұл қызметкердің өзіне психологиялық және моральдық қысым көрсеткенін көрсетеді[78].

18 мамыр,  Шымкент қаласы,  Құлбаев Ерғали, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-бабының 2-бөлігі, 293-бабының 2-бөлігі, Еңбекші аудандық соты белсендіні қаңтардағы үкіметке қарсы наразылық кезінде «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан және оған шақырған» деген айыппен шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айырды және ол сот залында босатылды[79].

18 мамыр, Алматы қаласы, қала прокуратурасы «Азаттық» тілшісі Қалмұрат Аянды сотқа шақырды. Қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде одан жауап алынды. 2022 жылдың 2 қаңтарынан 6 қаңтарына дейін журналист немен айналысты, алаңда не істеді. Жауап алу екі сағатқа жуық созылды [80].

18 мамыр, Алматы қаласы, Сараптамалық кеңестің шешімімен 7 белсенді саяси тұтқын деп танылды: Әштаев Жанмұрат, Досмамбетова Ләззат, Иржанұлы Тимур, Ишмұхамедов Фарид, Намазбаев Данат, Сұлтанбек Қайрат, Сұлтанбеков Кенжебек [81].

18 мамыр, «Kaharman.kz» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі [82].

19 мамыр, Алматы қаласы, Балташ Тұрсымбаев, тіркелмеген «Ел мен жер» бірлестігінің жетекшісі саяси партия құру ниеті туралы мәлімдеп, ел бойынша «Ел мен жер» бастамашыл тобының 60 мың мүшесі бар екені мәлімделді[83].

19 мамыр, Жаңаөзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» тау-кен компаниясының мердігері «ТрубРемЦентр» кәсіпорнының жүзден астам қызметкері тағы да наразылық акциясына шықты. Олар жалақыны көтеруді және ереуілшілерді қудалауды тоқтатуды талап етуде [84].

19 мамыр, Петропавл қаласы, ЕС-164/3 мекемесі, Қайырбек Асқар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1/2-бөлігі, 2 жыл 2 ай мерзімге сотталған бостандыққа шықты. Сот өтінішті қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды [85].

19 мамыр, Алматы қаласы, «Мен 23 жылдық тәжірибем бар құқық қорғаушымын, біз тәртіпсіздіктер мен оларды қаржыландыруды былай қойғанда, саясатқа араласпаймыз. Біздің қызметіміз ашық және жария болып табылады. Біз адамның бейбіт жиналыстарға құқықтарын сақтау және саяси тұтқындарды қолдау саласында жұмыс істейміз. Біз тек адам құқығының бұзылғаны туралы ақпаратты жинаймыз, қажет болған жағдайда заңгерлік көмек көрсетеміз», – деп жауап берді құқық қорғаушы Төреғожина Бақытжан Шымкенттегі МСҰҚ тергеушілеріне[86].

19 мамыр, «Kaharman.kz» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі[87].

19 мамыр, Human Rights Watch (HRW) Халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігі елдің Негізгі заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша қоғамдық талқылаулар мен консультациялар өткізу үшін референдумды кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруы керек деп санайды. Ұйым адам құқықтары жөніндегі омбудсмен мен Конституциялық сотқа қатысты түзетулерді қайта қарауды ұсынып отыр [88].

20мамыр, Жаңаөзен қаласы, белсенді Достанов Бауыржан, билікті сынаған видеоны жариялағанынан кейін, полицияға жауап алуға шақырылғанын хабарлады. «Жауап алуға қарапайым азаматтық киім киген белгісіз адамдар қатысты. Олар үстелді соғып, айқайлап, қорқытпақ болды», — дейді Достанов [89].

20 мамыр, Шымкент қаласы, Арнайы прокуратуралар басқармасы  саяси тұтқындардың адвокаты Мұрат Жолшиевті куәгер ретінде жауап алуға шақырды. Хабарламада 5 қаңтарға қараған түні «тәртіпсіздік» кезінде оның әкімдік алдындағы алаңда болғаны айтылған. Адвокат оқиғадан бес ай өткен соң өзін куәгер ретінде шақырудан  саяси астар көріп отыр [90].

20 мамыр, Алматы қаласы,  КМБПЧ журналисі Дмитрий Тихонов 2019 жылы журналистер мен белсенділерге жасалған шабуылға байланысты іс бойынша оны полицияға шақырғаны туралы айтты [91].

20 мамыр, үкіметке қарсы жаппай шерулер тәртіпсіздік пен қантөгіске айналған қаңтар оқиғасында ресми мәліметтер бойынша 238 адам қаза тапты. Оның 19-ы құқық қорғау органының қызметкерлері. Полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан қызметкерлері, курсанттар. Олардың отбасыларына баспана беріліп, материалдық көмек көрсетілді. Қаңтар оқиғасы кезінде 19 полицей мен сарбазды өлтіргендер кім? [92].

20 мамыр, Шымкент қаласы, ЛА-167/3 мекемесі, Сабитов Айбек, ҚР ҚК 405 бабының 2 бөлігі. мерзімі 1 жыл 1 ай. Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды[93].

20 мамыр, Алматы қаласы, 20 жастағы Ережепова Дана қаңтар оқиғасы кезінде қаза болды. Ата-анасының айтуынша, оған Әуезов полиция бөлімінің ғимаратынан оқ атылған. Ережепованың отбасы оның өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеді [94].

20 мамыр, Алматы қаласы, қала прокуратурасының ғимаратына бірнеше ондаған адам тобы келіп, азаптаулар туралы мәлімдеді. Жиналғандар қаңтар оқиғасы бойынша әділ тергеу жүргізуді талап етіп, биліктен ұсталғандарды азаптап, бейбіт тұрғындарды атқандарды жауапқа тартуға шақырды[95].

20 мамыр, Алматы қаласы,  «Тергеу соты қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынған қалалық мәслихат депутаты Құдайберген Қайратты қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты», – деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі [96].

20 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, белсенділерШәдеева Әйгерім мен Мұхтаров Равкат әкімдіктен Украинаны қолдау акциясын өткізуден бас тартқанын хабарлады. Бас тартуға «алаңдардың барлығы бос емес, өйткені хабарламаны бұрын басқа азамат жіберген» деген себеп болған. Бұл олардың бейбіт жиын ұйымдастыруға  жасаған сегізінші әрекеті болды [97].

20 мамыр, «Kaharman.kz» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі [98].

21 мамыр, Amnesty International құқық қорғау ұйымы қамауда отырған Мамай Жанболаттың ісі бойынша президент Тоқаевқа жаңа үндеу жариялады. Ол дереу қамаудан босатылып, оған тағылған саяси астарлы айыптар алынып тасталуы керек[99].

21 мамыр, Алматы қаласы, «Қазақстанда кім әділ сотқа сене алады?» деген жазуы бар плакатпен Шевченко-Пушкин көшелерінің қиылысына бір адамдық пикетке шықты, ол – әкімшілік практиканың бұрынғы қызметкері Шінібеков Дәрмен. Пикеттің мақсаты – Президент Әкімшілігіне назар салу[100].

22 мамыр, Алматы қаласы, Таласбаев Қанат Қауқанұлы 5 қаңтарда алаңда оққа ұшты. Оның әйелі сот шешімімен танысу үшін қалалық полиция бөліміне шақыртылды. Қайтыс болғаннан кейін Таласбаев лаңкес, тонаушы деп танылды, болжам бойынша ол ғимараттарды өртеп, тәртіпсіздіктерге қатысқан. Әйелі құжаттарға қол қоюдан бас тартты[101].

23 мамыр, Шымкент қаласы, азаматтық белсенділер қала прокурорымен кездесуді талап етіп, қалалық прокуратураға келді. Олар тұтқындар Қайрат Сұлтанбек, Ләззат Досмамбетова және Әштаев Жанмұраттың неліктен саяси іс бойынша 5 ай бойы заңсыз қамауға алынғанын түсіндіруді талап етті. Прокуратура қызметкерлері жазбаша арыз жазуды сұрады[102].

23 мамыр, Алматы қаласы, қоғам қайраткері Боқаев Санжар, «Шопан-ата» Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Садырбаев Алмасбек және бұрынғы депутат Владимир Дворецкий баспасөз мәслихатын өткізіп, үкіметке ауылшаруашылық техникаларына арналған қоқыс өңдеу ақысын алып тастауға бір ай уақыт берді. Орындалмаған жағдайда сотқа жүгінетіндерін ескертті[103].

23 мамыр, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Рахымжанов Ноян, ҚР ҚК 405 бабының 1/2 бөлігі, мерзімі 5 жыл. Қапшағай қалалық соты сотталушының жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды [104].

23 мамыр, Жаңаөзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» кен өндіру кәсіпорнының мердігері «ТрубРемЦентр» кәсіпорнының жұмысшылары 10 күннен бері ереуілде. Олар қауіпсіздік пен еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көтеруді, ереуілшілерді қудалауды болдырмауды, заңсыз жұмыстан шығарылғандарды жұмысқа қайта алуды талап етуде [105].

23 мамыр, Алматы қаласы, Олжас Сүлейменов, қазақ ақыны және қоғам қайраткері баспасөз мәслихатында «Қазақстанның халық конгресі» партиясын қайта құру ниеті туралы мәлімдеді. Алдағы уақытта бастамашыл топ құжаттарды тіркеу үшін Әділет министрлігіне жолдайды. Ол Қазақстан президенті Тоқаев жариялаған саяси реформаларды қолдайтынын айтты [106].

23 мамыр, «Қаһарман.кз» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі [107].

16 мамыр мен 20 мамыр аралығында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі соттарында қаңтар оқиғасына байланысты 11 үкім шықты. Оның ішінде 10 іс бойынша 17 тұлғаға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. «Ұрлық» бабы бойынша 11 істің тоғызы 15 адамға қатысты қаралды. Барлығы 23 мамырдағы жағдай бойынша 287 тұлғаға қатысты 186 іс қаралды. Оның ішінде 24 айыпталушы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі[108].

23 мамыр, Қостанай қаласы, №2  қалалық соты, Нұрмағамбетов Диас, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қоғамдық іс-шаралар кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылуда. Айыптаушы тараптың айтуынша, Нұрмағамбетов 4-5 қаңтарда өткен митингілер кезінде «Қостанай наразылығы» телеграм-каналына жазбалар жазып, полиция наразылық білдірушілер жағына өтіп жатыр деген хабар таратқан[109].

24 мамыр, Алматы қаласы, қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-тармағымен қозғалған қылмыстық іс бойынша қаңтар оқиғасы бойынша 4 айыпталушыны әрқайсысын 6 жылдан бас бостандығынан айырды. Сот жазаны ауырлататын мән-жай ретінде «төтенше жағдай кезінде қылмыс жасау» деп атады, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі [110].

24 мамыр, Степногорск қаласы, Николай Катчиев, Александра Назаренко, ҚК 174 – бабы.  Қазір сот куәгерлерден жауап алу сатысында. Мемлекеттік айыптаушы олардың әрқайсысынан Әбіләзов Мұхтардың кім екенін біле ме, Бестөбедегі жағдайға қатысты оның мәлімдемесі жазылған бейнероликтерді көрді ме, жоқ па деп сұрайды [111].

24 мамыр, Шымкент қаласы,  Досмамбетова Ляззат, Сұлтанбек Қайрат, ҚР ҚК-нің 269, 272, 405-баптары. «Менің қорғалушыларыма моральдық қысым көрсетіліп жатыр, бұл олардың денсаулығына, әсіресе психикасына әсер етуде. Ләззаттың басы қатты ауырып, Қайрат күйзеліс жағдайында, оның 9 айлық жүктіліктегі әйеліне де қысым көрсетілуде», – деді адвокат Қахаров Ерқын [112].

24 мамыр, Алматы қаласы, Инга Иманбай, Алматы прокуратурасын күйеуіне қарсы куәлік беруге мәжбүрлемек болды деп айыптады. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 78-бабына сүйене отырып, оның менің жақын туысым екенін айта отырып, мен куә болудан және айғақ беруден бас тарттым. Олар менің куә болмайтыным және  айғақ бермейтінім жөнінде тиісті хаттама толтырды. Олар мұны  елемейді», – деп хабарлады Иманбай[113].

24 мамыр, Алматы қаласы, Жетісу ауданының пробация қызметкерлері Әбішев Әсеттің үйіне келген. Полиция қызметкерлері өздерін таныстырмай, құжаттарын ұсынбай, қайталап жасалған қылмыстық құқық бұзушылық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы тексеруге және әңгімелесуге келгенін айтты. Пробация қызметкерінің бірі телефон арқылы заңсыз түсірілім жасады[114].

24 мамыр, Алматы қаласы, Әбішев Әсет билік тарапынан заңсыз қудаланып жатыр, учаскелік полиция қызметкері Дәурен Әбдіқалов пен пробация инспекторы Асхат Болат көршілерінен Әбішев Әсетті қалай сипаттай алатынын сұраған[115].

24 мамыр, Алматы қаласы, пробация инспекторы Асхат Болат Болатұлы Сыздықов Айдардың үнемі үйде болуы қажет деп мәлімдеді, алайда пробация шарты бойынша жұмыстан бос уақытында үйде болуы керек. Пробация қызметі Сыздықовты физикалық күш көрсетуге дейін қорқытады. Билік белсендіге оның адам құқықтарын қорғау мен саяси қызметіне байланысты қысым жасауда[116].

25 мамыр, Нұр-Сұлтан, Жоғарғы соттың қабылдау бөлмесінің жанына халық тағы да митингке жиналды. Сот озбырлығынан зардап шеккен бастамашыл топ Жоғарғы сот төрағасы Асанов Жақыптың қабылдауына жазылмақшы[117].

25 мамыр, Алматы қаласы, Ким Тимур, ҚР ҚК-нің 272-бабы, прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» деген күдіктінің үстінен қылмыстық істі, қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатты [118].

25 мамыр, Алматы қаласы, Тимур Ким полиция мен тергеу изоляторының азаптауынан өткенін мәлімдеді. «Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жазды, бірақ бірнеше ай өтсе де іс  қозғалмай жатыр, өйткені тергеу «азаптау туралы бейне дәлелдердің» жоқтығына сілтеме жасап отыр», – дейді Тимурдың әйелі Ләйлім Әбілдаева[119].

25 мамыр, Алматы қаласы, Әуезов ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен 2019 жылы Қазақстандық адам құқықтары бюросы кеңсесі алдында  «бір топ адамның журналистер мен құқық қорғаушыларға шабуыл жасауы» бойынша істі қайта қарауды бастады. Мұны осы іс бойынша жәбірленуші деп танылған Дмитрий Тихонов хабарлады[120].

26 мамыр, Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 291-бабы («Қару ұрлау») бойынша қозғалған саяси іс бойынша тергеу изоляторында отырған Әлібек Иманбековке қатысты сот отырысы басталды. Сот онлайн режимде өтуі керек еді, бірақ белсенділер талап еткеннен кейін сот отырысы офлайн режимде өткізілді[121].

26 мамыр, Алматы қаласы, Иманбеков Әлібек, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 291-бабы, қаңтардың 11-нен бастап 15-і аралығында Алмалы полиция бөлімінде болғанын, ал тергеуші азаптауға ұшыратып, өзіне қарсы жалған куәлік беруге және істемеген ісіне кінәсін мойындауға мәжбүрлегенін хабарлады. Ол азаптауға және психологиялық қысымға түскен. Тергеу әрекеттері адвокатсыз жүргізілген, яғни қорғау құқығы бұзылған[122].

26 мамыр, Алматы қаласы, Корчагин Руслан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, қаңтардағы қылмыстық жазалау мен азаптаулардың құрбаны, өзіне қарсы қозғалған саяси қылмыстық істің жабылғанын хабарлады [123].

27 мамыр, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросы, диссидент ақын Арон Атабекті қорғау комитеті баспасөз мәслихатында диссидентті қайтыс болғаннан кейін толық ақтау шартын қойды, «Шаңырақ ісін» қайта қарап, ақынды қинағандарды әділетті сотқа беру қажеттігін алға тартты[124].

27 мамыр, Маңғыстау обласы Мұнайлы ауданы, «Шыны талшықты құбырлар зауытының» жүздеген жұмысшысы ереуілге шықты. Олар ұжымдық шарттың әлеуметтік көмек көрсету бөліміндегі тармақтармен келіспейді. Қызметкерлер кәсіпорында заңсыз жұмыстан шығару, протекционизм фактілері бар екенін айтады [125].

27 мамыр, ондаған «саясилардың» түрмелер мен лагерьлерде тергеу мен сотта болуы жалғасуда. Бостандыққа шыққандарды полицейлер «превентивті профилактикалық сапарлармен» Әбішев Әсетпен және басқалармен болғандай қыспаққа алуда. Тоқаев «демократиялық бастамаларды» жиі көрсеткен сайын, оның полицейлері не болып жатқанын түсініп, оған наразылық білдіргендерге соғұрлым зорлықпен шабуыл жасауда [126].

28 мамыр, Алматы қаласы, «Мен Қазақстандық мемлекеттік органдардың менің ісім бойынша БҰҰ-ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобының қорытындысын қабылдағаны туралы растауды алдым. Құқық қорғаушылар түсіндіргендей, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, Қазақстанға 2022 жылдың 5 қарашасына дейін жауап беруге 6 ай уақыт беріледі», – деді Ильяшев Әлнұр[127].

29 мамыр, Павлодар қаласы, Қалуова Нұргүл, учаскелік полиция қызметкері бұрынғы саяси тұтқынның үйіне көршісімен бірге ауладағы бордюрлерді Украина туының түсіне түстес қайта бояғанына байланысты ескерту жасауға келген[128].

30 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы, бір топ белсенді тіркелмеген «Біздің құқық» («Наше право»),  партиясының кеңсесінде баспасөз мәслихатын өткізіп, онда Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі референдумға бойкот жариялауға шақырды. Олар биліктен «жалған референдум өткізбеуді және халықтың ақшасын пайдасыз жұмсаудан бас тартуды» талап етті [129].

30 мамыр, Алматы қаласы, Нұрмұханов Самат, дәнекерлеуші ​​ қаңтар айының басында Қазақстанды шарпыған тәртіпсіздік істері бойынша көптеген айыпталушылардың бірі болды. Нұрмұханов үш ай тергеу изоляторында жатып, аяусыз азапталған. Қазақстандық изолятордан шыққаннан кейін, шын мәнінде, мүгедек болып қалды: ол есту қабілетінен айырылған және тек отырып қана ұйықтайды [130].

30 мамыр, Алматы қаласы, «Олар мені токпен ұрып, суға тұншықтырды. Сосын аяғымыздан асып қойды да қабырғамыздан, асқазанымыздан, өкпемізден, бүйрегімізден соққы берді – барлық мүшелер төмен түсіп кетті. Мен неге жазып жатырмын? Ең болмағанда сен, қымбаттым, хабардар бол. Әрине, бұл маған өте ауыр, жүрегім қан жылайды. Расында, мен бұрын-соңды мұндай жағдайда болған емеспін және мұндай қорлықты көрген емеспін. Екі өкпемді де ұрып тастады, қазір үздіксіз қанды жөтеліп жатырмын, бүйрегтерім ісіп кетті. Бір апта бойы қанмен зәр шығардым», – деп хабарлаған Нұрмұханов Самат әйеліне жазған хатында [131].

30 мамыр, Алматы қаласы, «Ішкі істер департаментінде олар мені қатты масқаралады. Олар мені шыдай алмай өзімді өлтірдім деп өз-өзіне қол жұмсау туралы хат жазуға мәжбүрледі. Мені өз қолыммен өлім туралы шешім жазуға мәжбүрледі. Менің асылатыным немесе кесілетінім туралы. Мен мұны қорқытулардан кейін жаздым. Қолыңа гранатаны ұстатамыз, сосын сенің саусақ іздеріңмен оны үйіңе лақтыртамыз деді. Олар сондай-ақ, егер мен олардың құжаттарына қол қоймасам, балаларым мен жүкті әйелімді қорлайтындарын айтты», – деген Самат Нұрмұханов әйеліне жазған хатында[132].

30 мамыр, Алматы қаласы, соққыдан кейін Нұрмұханов Саматтың аяғы ісіп, екі қолының да саусақтары сынған. Тергеу изоляторында оған ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Тергеу изоляторына  тексеріс келгенде, соққыға жығылған тұтқынды жасырған. Кейін ол әйеліне қауіпті қылмыскерлерге арналған «арнайы жертөлелерді» және оқшаулағыштарды түгел дерлік болғанын, ұсталғандардан  әрбір екінші адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты күдікті болғанын айтты [133].

30 мамыр, Алматы қаласы, «Біз #qantar2022 бойынша барлық соттарды қадағалаймыз. Біз барлық соттарға өз бақылаушыларымызды жібереміз. Құзыретті және бейтарап соттың әділ және ашық сот отырысының өтуін қадағалаймыз. Барлығын бізге хабарлауын сұраймыз!» – деп хабарлады құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина [134].

30 мамыр, «Amnesty International» құқық қорғау ұйымы Райгүл Садырбаеваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша қозғалған саяси қылмыстық істі жабуды, оны үйқамақтан босатуды және оны азаптауға қатысқандарды жауапқа тартуды талап етті[135].

30 мамыр, Түркістан облысы, Қарабастау ауылы, Сегізбаев Ерғали қиыншылықпен жүреді, жұмыс істей алмайды. Қаңтар оқиғасы кезінде асқазанынан оқ жарақатын алған – оқ тоқ ішекті зақымдаған. Ата-анасы ұлының емделуін жалғастыру үшін ақша іздестіріп жатыр[136].

28-30 мамыр, «Kaharman.kz» құқық қорғау қозғалысы ұсынған Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі[137].

31 мамыр, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Құрманов Емберген, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігімен, 2022 жылғы 27 мамырдағы бейнеүндеу арқылы азаматтарды 5 маусым күні сағат 12:00-де қала әкімдіктерінің жанындағы митингке шығуға шақырғаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды [138].

31 мамыр, құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, қазір Қазақстанда саяси көзқарастары үшін қуғынға ұшыраған 200-ден астам адам бар. Олардың көпшілігі бостандықта жүрсе де, олар үшін айтарлықтай шектеулер бар[139].

31 мамыр, Алматы қаласы, «Билікті сынағандар жауапқа тартылып, жазалануы мүмкін. Оппозициялық қозғалыстарға қатысу ниеті және партия құрудың конституциялық құқықтарын сақтау талабы үшін. Біздің елде өзгеше ойлаудың (келіспеушіліктің) өзі  экстремизм», – дейді қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин [140].

31 мамыр, Алматы қаласы, «Адамдарды қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасына кесу және экстремизм мен терроризмді қаржыландыратын тұлғалар деп аталатын  тізімге енгізу, бұл – саяси және қоғамдық қызметке қатысу мүмкіндігіне байланысты болатын, көптеген шектеулерге әкеліп соғады», – деп баяндады Евгений Жовтис, қазіргі саяси жағдай туралы [141].
 
31 мамыр, Алматы қаласы, тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жақтастары «Қарағайлы» саябағындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш жанына жиналды. Олар президент Тоқаевқа партия жетекшісі Мамай Жанболатты босатуды талап етіп, үндеу жолдады [142].

 

__________________________

[1]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3256405011345426/

[2]https://rus.azattyq.org/a/31830581.html

[3]https://rus.azattyq.org/a/31830160.html

[4]https://rus.azattyq.org/a/31829421.html

[5]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3256338024685458/

[6]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3256749797977614/

[7]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3256374278015166/

[8]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3257423661243561/

[9]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3257424897910104/

[10]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3256412834677977/

[11]https://rus.azattyq.org/a/31832568.html

[12]https://orda.kz/popytavshegosja-zahvatit-televyshku-kok-tobe-v-almaty-muzhchinu-zaderzhali-genprokuratura/

[13]https://orda.kz/popytavshegosja-zahvatit-televyshku-kok-tobe-v-almaty-muzhchinu-zaderzhali-genprokuratura/

[14]https://orda.kz/popytavshegosja-zahvatit-televyshku-kok-tobe-v-almaty-muzhchinu-zaderzhali-genprokuratura/

[15]https://rus.azattyq.org/a/31831718.html

[16]http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3603

[17]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5389547844391090

[18]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-jumps-to-122-media-freedom-index-situation-still-difficult/31832267.html?fbclid=IwAR3yWv–8WOPH3jMaY822WLREurFTCTgyyU9JqZoh8Mny1kTFOOyAM1jWiI

[19]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-freedom-of-press-journalists-bloody-january/31832356.html?fbclid=IwAR339agq9GmlIT9PjRzJPnuM0Fd1mZq5xB-sIt0XjkHP4e9rtJcrnXd7TNc

[20]https://rus.azattyq.org/a/31832174.html

[21]https://rus.azattyq.org/a/31832394.html

[22]https://rus.azattyq.org/a/31833993.html

[23]https://rus.azattyq.org/a/31834272.html

[24]https://rus.azattyq.org/a/31834140.html

[25]https://kaztag.kz/ru/news/vlasti-kazakhstana-otkazalis-ot-zakrepleniya-roli-nazarbaeva-v-konstitutsii

[26]https://rus.azattyq.org/a/31835208.html

[27]https://rus.azattyq.org/a/31835147.html

[28]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5392367834109091

[29]https://rus.azattyq.org/a/31835954.html

[30]https://orda.kz/cledstvie-o-pytkah-kyrgyzskogo-dzhazmena-priostanovleno-advokat/#part=2

[31]https://rus.azattyq.org/a/31836900.html

[32]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-no-justice-for-january-protest-victims-hrw/31836816.html

[33]https://kaztag.kz/ru/news/zhanbolatu-mamayu-prodlili-arest-na-mesyats-

[34]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5397334520279089

[35]https://rus.azattyq.org/a/31837142.html

[36]https://rus.azattyq.org/a/31837520.html

[37]https://rus.azattyq.org/a/31837520.html

[38]https://rus.azattyq.org/a/31837520.html

[39]https://rus.azattyq.org/a/31838561.html

[40]https://www.labourstartcampaigns.net/show_campaign.cgi?c=5113&fbclid=IwAR22Pu-NEGv-aNcSVpcMnQjgxxkddz0kqOCzVXRM4XZi3jnWtlhYYAoUmcg

[41]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5401708609841680

[42]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5401692936509914

[43]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5401759813169893

[44]https://rus.azattyq.org/a/31838964.html

[45]https://orda.kz/reabilitirovat-posmertno-arona-atabeka-trebuet-ego-doch/

[46]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3263137647338829/

[47]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3264037897248804/

[48]https://orda.kz/stali-izvestny-novye-podrobnosti-v-dele-oppozicionera-ermeka-narymbaeva/

[49]https://orda.kz/kazahstanskie-advokaty-sudy-zavisjat-ot-vlasti-oni-nekompetentnye-slabye-i-bezvolnye/

[50]https://orda.kz/kazahstanskie-advokaty-sudy-zavisjat-ot-vlasti-oni-nekompetentnye-slabye-i-bezvolnye/#part=3

[51]https://rus.azattyq.org/a/31846603.html

[52]https://rus.azattyq.org/a/31846408.html

[53]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-bloody-january-tree-stories-about-torture/31847956.htm

[54]https://rus.azattyq.org/a/31847536.html

[55]https://www.facebook.com/bauyrzhan.azanov.attorney/posts/5076710179085313

[56]https://rus.azattyq.org/a/31847850.html

[57]https://rus.azattyq.org/a/31847837.html

[58]https://rus.azattyq.org/a/31849465.html

[59]https://rus.azattyq.org/a/31849388.html

[60]https://rus.azattyq.org/a/31849388.html

[61]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5420172084661999

[62]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5419877838024757

[63]https://orda.kz/kavaler-ordena-kurmet-ustroil-odinochnyj-piket-on-hotel-sebja-szhech/

[64]https://rus.azattyq.org/a/31852768.html

[65]https://www.facebook.com/marat.zhilanbaev/posts/7647606445310785

[66]https://rus.azattyq.org/a/31853137.html

[67]https://rus.azattyq.org/a/31852677.html

[68]https://rus.azattyq.org/a/31852362.html

[69]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3268725016780092/

[70]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-ust-kamenogorsk-families-of-three-victims-of-the-january-events/31849152.html

[71]https://rus.azattyq.org/a/31852430.html

[72]https://rus.azattyq.org/a/31854764.html

[73]https://rus.azattyq.org/a/31854711.html

[74]https://rus.azattyq.org/a/31854368.html

[75]https://bureau.kz/goryachee/spravka-po-sostoyaniyu-na-17-maya/

[76]https://bureau.kz/goryachee/spravka-po-sostoyaniyu-na-17-maya/

[77]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5432899806722560

[78]https://orda.kz/antikor-zavjol-delo-na-sotrudnika-genprokuratury-iz-za-davlenija-na-kajrata-kudajbergena/

[79]https://rus.azattyq.org/a/31856236.html

[80]https://rus.azattyq.org/a/31856893.html

[81]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5437829332896274

[82]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3270856753233585/

[83]https://rus.azattyq.org/a/31858424.html

[84]https://rus.azattyq.org/a/31858095.html

[85]https://rus.azattyq.org/a/31857606.html

[86]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5434170596595481

[87]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3271723209813606/

[88]https://rus.azattyq.org/a/31860263.html

[89]https://rus.azattyq.org/a/31859835.html

[90]https://rus.azattyq.org/a/31859732.html

[91]https://rus.azattyq.org/a/31859620.html

[92]https://www.youtube.com/watch?v=wuLdLapj9Aw

[93]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=146751801238953&id=100077124002517

[94]https://www.youtube.com/watch?v=iSE1ItmL7kE

[95]https://rus.azattyq.org/a/31860080.html

[96]https://rus.azattyq.org/a/31860021.html

[97]https://rus.azattyq.org/a/31867306.html

[98]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3272474869738440/

[99]https://kaztag.kz/ru/news/amnesty-international-obratilas-k-prezidentu-tokaevu-po-delu-mamaya

[100]https://orda.kz/v-almaty-policejskij-vyshel-na-odinochnyj-piket/

[101]https://www.facebook.com/aizhan.hamit/posts/10167049793910599

[102]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3274239729561954/

[103]https://rus.azattyq.org/a/31863463.html

[104]https://rus.azattyq.org/a/31863687.html

[105]https://rus.azattyq.org/a/31863872.html

[106]https://rus.azattyq.org/a/31863265.html

[107]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3274911729494754/

[108]https://rus.azattyq.org/a/31865605.html

[109]https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=45622&fbclid=IwAR2onsLmCo-ZIbGLeX7FwPlgQT8on7buM5E6pQyp9jnYgZT44g7keayrBn0

[110]https://rus.azattyq.org/a/31865605.html

[111]https://rus.azattyq.org/a/31864757.html

[112]https://www.facebook.com/profile.php?id=100017639912163

[113]https://rus.azattyq.org/a/31865543.html

[114]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3275754692743791/

[115]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3275754692743791/

[116]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3275764842742776/

[117]https://orda.kz/asanovu-prinosjat-lozhnye-zakljuchenija-gruppa-kazahstancev-tretij-mesjac-shturmuet-verhovnyj-sud/

[118]https://rus.azattyq.org/a/31867254.html

[119]https://rus.azattyq.org/a/31867254.html

[120]https://rus.azattyq.org/a/31866670.html

[121]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3278217615830832/

[122]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3278217615830832/

[123]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3277335159252411/

[124]https://rus.azattyq.org/a/31871318.html

[125]https://rus.azattyq.org/a/31871281.html

[126]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=556710812680455&id=108893537462187

[127]https://www.facebook.com/alnur.ilyashev/posts/10160000696477748

[128]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3279955032323757/

[129]https://rus.azattyq.org/a/31875127.html

[130]https://mediazona.ca/article/2022/05/30/samat

[131]https://mediazona.ca/article/2022/05/30/samat

[132]https://mediazona.ca/article/2022/05/30/samat

[133]https://mediazona.ca/article/2022/05/30/samat

[134]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5469849669694240

[135]https://www.amnesty.org/en/documents/eur57/5665/2022/en/

[136]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-yergaly-segizbayev-received-a-gunshot-january-events-in-shymkent/31874491.html

[137]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3279784142340846/

[138]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3280944958891431/

[139]https://orda.kz/31-marta-den-pamjati-zhertv-politicheskih-repressij-a-est-li-oni-sejchas/

[140]https://orda.kz/31-marta-den-pamjati-zhertv-politicheskih-repressij-a-est-li-oni-sejchas/

[141]https://orda.kz/31-marta-den-pamjati-zhertv-politicheskih-repressij-a-est-li-oni-sejchas/#part=1

[142]https://orda.kz/almatincy-pochtili-pamjat-zhertv-politicheskih-repressij/

 

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.