Арон Атабек неге ел үшін саяси тұтқын ?

Арон Атабекке бостандық талап етейік, себебі, Ішкі істер министрлігінің вице-министі Арыстанғани Заппаров депутаттарға «Арон Атабек бостандығын тек жерлестері ғана талап етеді және ол саяси тұтқын емес» деп жауап беріпті.

 
Арон Атабек бүкіл қазақ халқының ұлы Батыры, ел, жұрт, халық болып АРОН АТАБЕККЕ БОСТАНДЫҚ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
Ароннан билік қорқады, себебі оның рухы мен көшбасшы қасиеттері халықты көтеруге апара алады. Сол үшін БАТЫРДЫ 18 жылға бостандықтан айырды, оған тікен қылмыстық іс жалған!
Шаңырақ оқиғасына дейін Арон Атабек саясатпен және азаматтық белсенділікпен айналыса бастады.
Ол 1986 жылы желтоқсандағы ұлт — бостандық көтерілісіне қатысты, сол көтеріліске қатысқан дарды босату және оларды реабилитациялау үшін күрескен.
Ол тіркелмеген «Алаш» партиясының төрағасы болды (1990), «Алаш» және «Хақ» газеттерін шығарды.
Атабек сонымен қатар Алматының шетінде, Әйгерім, Шаңырақ, Бақай, Ұлжан ықшам аудандарында тұратын азаматтардың, сондай -ақ күштеп шығарылған қалалық жатақханалар тұрғындарының құқықтары үшін қозғалыс ұйымдастырды. Сондықтан да ол 2006 жылдың 14 шілдесінде Шаңыраққа келеді.
Атабек түрмеде отырып, елдегі жағдайды жазып, айтуды жалғастырды. Алайда оның сыртқы әлеммен байланысы шектеулі — құқық қорғаушылар мен Аронның туыстары одан хаттар үлкен кешігумен келетінін айтты.
2006 жылдан бастап құқыққорғаушылар Бахытжан Торегожина , үзбей қолдап тұрды. Ал қоғам қайраткері Серікжан Есенғосұлы ескі құлап тұрған үйді паналап тұрған Арон Атабектің отбасына жеке өзінің қаражатына кең пәтер сатып алып берді.
Арон Атабек түрмеде болған жылдар бойы Алматыдан алыс орналасқан түрмелерде болды және тек жалғыз камерада қамалды. Себебі билік Арон түрмеде отырғандарға ықпалы тиеді деп қатты қорқады.
2014 жылы Павлодар тергеу изоляторына ауыстырылды.
2010 жылы Атабек «Жасау еркіндігі» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
2019 жылы Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан оны босатуды талап етіп, пикетке шықты.
2020 жылы қызы Айдана көп жылдар бойы бірінші рет әкесімен телефонмен сөйлесуге мүмкіндікке жетті.
«Мен ерекше ауру емеспін, бірақ екі қолым қозғалмайды … Саусақтарым қысылмайды және қолымды көтере алмаймын.., жаза аламын, тамақтана аламын. Мен тұтқаны, қасықты ұстай аламын, қалғанын көтере алмаймын. Түрме әкімшілігі маған мүгедек статусын беруге құқыққорғаушыларға айтсаң» деп тапсырыпты.
Атабектің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге мүмкіндігі бар, алайда «мен ондай өтініш жазсам, билік мені кінәмді мойындады деп табады» — дейді Арон Атабек.
Оның бас бостандығынан айыру мерзімі 2024 жылы аяқталады.
«Түрмеде ол өзін өте абыройлы, қайратты ұстайды, адамның қадір -қасиетін қиын жағдайда сақтау үлгісі деп айтуға әбден болады. Бұл батылдық пен батырлықтың белгісі. «Түрме рентгенге ұқсайды: сіз адамның қандай материалдан жасалғанын және оның нақты өлшемін бірден көре аласыз»
Құқыққорғаушы Евгений Жовтис Арон туралы «Aзаттық» радиосына берген сұхбатында: «Билік үшін барлық министрлер мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерді түрмеден босату Арон Атабекке қарағанда қауіпсіз» деп айтып кеткен.