Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Қаримадан ланкіс қандай болады?

Қазақстандағы қаңтар оқиғасына байланысты Шымкент қаласының тұрғыны, көп балалы ана Хайдарбекова Карима (17.05.1982 ж.т.), Сәуледегі тергеу изоляторында қамауда жатыр. Шымкент қаласының тергеу соты Кариманы 08.01.2022ж. алдын-ала тергеу кезеңіне екі ай мерзімге қамаққа алу туралы қаулы шығарған. Алты баланың анасы Хайдарбекова Каримаға ҚР ҚК-нің 269б. 2б, 293б. 2б., 380б. 3б., 202б. 2б. бойынша айып тағылып отыр.
«Бағалар тек газға ғана емес, сонымен қатар азық-түлікке де өсуде. Қымбатшылық тек Жаңаөзен халқына ғана емес, бәрімізге де әсер етеді» , деген К.Хайдарбекова. Оның алты баласының екеуі мүгедек және азық-түлік пен дәрі-дәрмекке мемлекеттік жәрдемақы жетіспейді.
К.Хайдарбекова кәмелетке толған ұлымен де, балаларын қамқорлыққа алған анасымен де көруге рұқсат етілмейді.
К.Хайдарбекова қарт анасы мен балалары мен үшін алаңдайды. Себебі Кариманы қамаққа алғаннан кейін билік анасы босатылғанға дейін балаларын балалар үйіне орналастыруға тырысқан.
Үш жастағы балалардың ең кішісі «Менің анам қайда?”- деп сұрайды.
Көп балалы ана террорист па? Әлде бандит па? Карима қашан балаларына қайтып оралады? Енді қашан балаларын көреді? Кім жауап бере алады?
Получили ответ с прокуратуры Шымкента, где они даже не удосужились фамилию написать правильно!

Бақытжан Төрегожина құқық қорғаушы
Поделись, чтобы люди узнали:
.