Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Алмат Жумагуловқа тағы бір іс…

«Жиһадшылар ісі» деген ауыр айыппен айыпталған Алмат Жумагуловты 30 қараша 2018 жылы мәжбүрлі түрде СИ-18 ден Алмалы аудандық сотына алып келген болатын (Арипов.Қ төрағалығымен сот үкімі 2018 жылдың 21 желтоқсанында шығып, Алмат 8 жылға сотталып кеткен). Сол күні Алмат пен Оралбектің (Оралбек Омыров бірге айыпталушы) бар талабы, сот отырысының графигінен тыс болатын сотқа қатыспау еді. Себебі, сот отырысы белгіленген графикте жұма күнгі сот отырысы жоқ. Бірақ судья, сол күні сот отырысын өткізуге ұйғарып, СИ-18 моншасына бара жатырған жерінен киімдерін киюге де мұрша бермей, ішкі жейдемен (майка), аяқтарында ішкі тәпішкемен мәжбүрлі түрде күштеп алып келген еді. Дәл сол күні Алматтың қорғаушылары кезекші жедел-жәрдем дәрігерлерін шақырып, зардап шеккен Алматты сот залында тексертіп, қажетті анықтамамен анықтайды (төменде суретте, сол күнгі анықтама да бар. Роликте Алмат пен Оралбек өзіне қалай күш қолданғаны жайлы айтады). Дұрыс байқасаңыздар: Алматтың оң қабағының үсті жарға соғылып, жырылған! Және де «Бауыржан зам.» деген сөзді де байқайсыздар!

Ал, бұл жерде зардап шегуші Алмат Жумагулов еді ғой. Бірақ бәрі керсінше болып, Алмат Жумагуловтың үстінен 22.02.2019 ж. күні «Күдіктіні тану туралы» (постановление о признании лица подозреваемого) деп жаңадан қаулы шығарып, ҚР ҚК 380 бабы, 1 бөлігімен: «Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру» деген айыппен, тағы іс қозғалыпты. Осы масқаралық мен үшін шектен шыққандық. Адам құқықтарының өрескел бұзылуы немесе ерсі жазалау әрекеті деп түсінемін (жеке пікірім).

Егерде бұл азаптау болса…

Осы жәйтті зерделей келе, Ата заңымызда адам құқықтарын қатаң сақтауды міндеттейді. ҚР Конституциясы 17-бап 2 тармағында: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_#z13
деп анық көрсетеді. Ал, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымда ратификациялаған “БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы” конвенцияның 2-бабының 1-параграфы және 12 , 13, 15-баптарындағы талаптар бұзылған http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000247_. Сондай-ақ, Адам Құқықтарының Жалпыға Ортақ Декларациясының 5 бабында: «Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес» дейді http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001.

Бұл істе, Конвенцияның және Декларацияның жоғарыда аталған баптары бұзылса, сонда сотталаушы адам жазалануы керек пе? Ой қосыңыздар, ағайын…

ЕСКЕРТУ: ОСЫ ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА, БҰҰ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КЕЗІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ БАЯНДАУШЫ КЕЛЕДІ. СОНДА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕДІ ҚР ЖАУАПТЫ ОРГАНДАРЫ?

Р.S: ТӨМЕНДЕГІ РОЛИКТЕР МЕН СУРЕТТЕР

1-ші ролик: 30.11.2018 ж. күні қалай мәжбүрлеп алып келгендігін айтуда;
2-ші сурет: 30.11.2018ж. күні сот залындағы медициналық анықтама (фиксировать етілгені);
3-ші сурет: Айыпталушы А.Жумагуловқа қатысты ҚР ҚК 380-1 бөлігімен тергеушінің өндірісіне өткендігі туралы қаулы;
4-ші сурет: 22.02.2019 ж.күні А.Жумагуловқа шығарылған қаулы;
5-ші сурет: 30.11.2018 ж. сол күнгі сот залындағы А.Жумагуловтың бет-әлпеті;

Нет описания фото.


Нет описания фото.
Нет описания фото.


На данном изображении может находиться: один или несколько человек и часть тела крупным планом

Ринат Рифхат

Поделись, чтобы люди узнали:
.