Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Айқын Қоңыров. Коммунист.

Парламент депутаты былай депті:

“Радикалды ұлтшылдардың әрекеті жойқын және оларды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарау керек. Соғысқа құмартқан ұлтшылдардың өздерін қоғамның бөлінуіне жұмыс істейтін сыртқы ойыншылардың серіктестері ретінде қабылдау керек. Тарих көрсеткендей, Украинада, Грузияда, Молдовада радикалды ұлтшылдардың пайда болуы, революцияның генераторы ретінде әрекет етуі, ел ішінде, көрші елдермен, серіктестермен, аумақтардың бір бөлігін жоғалтуға дейін қатаң қақтығысқа әкелері сөзсіз!

Елде бейбітшілікті сақтау үшін радикалды ұлтшылдардың арандатушылық әрекетіне көз жұмбауымыз керек. Әрбір адам ұлтаралық қақтығысты тұтату өте оңай екенін және оны өшіру қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Этникалық топтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікке ықпал ету, ұлтаралық қатынастарды этникалық негіздегі артықшылық туралы идеялар мен ойлардың алдын алатындай етіп құру қажет. Қазақстанда этникалық құрамына қарамастан әркім өзін біртұтас халық, біртұтас ұлт деп санауы керек.Барлық қазақстандықтар сияқты коммунистер де тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды бағалайды және оларды сақтау үшін бар күшін салады! Сонымен бірге біз радикализмнің кез-келген түрі жас мемлекетіміз үшін деструктивті екенін түсінеміз және оны жоюды талап етеміз!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Бас Прокуратурадан ұлтшылдардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізуді, оларға құқықтық баға беруді, шығу тегіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне байланысты кемсітушілікті, жеккөрушілікті қоздыру фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап етуді сұрайды.”

Дина Елгезек

Поделись, чтобы люди узнали:
.