2021 ЖЫЛҒЫ 1-МАУСЫМ МЕН 31- МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША АХУАЛҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

2021 жылдың 1 маусымында Шымкент қаласында ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігімен айыпталған белсенділер Ж.Аштаев, Н.Абильдаев және Е.Файзуллаевқа үкім жарияланды. Сот отырысы Шымкент қ. Қаратау аудандық сотында өтті. Олар 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап “үйқамақта” болды. Сот қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, Н.Абилдаев пен Е.Файзуллаевты 1,5 жылға бас бостандығынан шектеуге, ал Ж.Аштаевты 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесті. Оларға жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеттері жүктелді. “Жәбірленушілер өтемақы қорына” әрқайсысынан 27 780 теңге (10 АЕК) өндірілсін[1].

1 маусымда Нидерланд Корольдігінің Елшілігі «Феминита» Қазақстандық феминистік бастамасын қолдайтынын білдірді. Елшілік Қазақстандағы әйелдер мен ЛГБТИ өкілдерінің тең құқығын қамтамасыз ету бойынша “Феминита” компаниясымен бірнеше рет тиімді ынтымақтастықта болды және болашақта бұл ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті[2]. Қолдау, Шымкент қ. ЛГБТИ белсенділеріне жасалған шабуылға байланысты білдірілді.

1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының апелляциялық соты Атыраулық азаматтық белсенді Макс Бокаевтың Қазақстан президенті Қ-Ж.Тоқаевқа, Сенат Төрағасы М.Әшімбаевке және Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулинге қатысты талап арызын қабылдаудан бас тартуды күшінде қалдырды. М.Бокаев Мәжіліс пен Сенат мақұлдаған және Президент Тоқаев қол қойған «Сайлау туралы» заңға 2018 жылы қабылданған түзетулер азаматтардың жергілікті өкілді органға, мәслихатқа сайлану құқығын бұзады деп есептейді және Қазақстандағы өзін-өзі ұсыну институтын жояды деп санайды[3].

1 маусымда Самара-Шымкент тас жолы маңында ауыр жүк көлігі жүргізушілерінің ереуіліне қатысқан 11 қатысушы ұсталды. Бұл учаске Ақтөбе қаласынан 21 шақырым жерде орналасқан. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы («Көлік құралдарының жүрісіне қасақана кедергi келтіру) бойынша 1 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ, полицияға жеткізілген жүргізушілердің бірі оны учаскеде шамамен алты сағаттай ұстағанын айтты. Оның айтуынша, оған 2 900 теңге айыппұл салынды[4].

1 маусымда Алматы қ. Қазақстандағы журналистік ұйымдар мен БАҚ басшылары «Бұқаралық коммуникация құралдары туралы» заң бойынша ел Президентіне үндеу жасады (қол жинау)[5].

1 маусымда Қарағанды қ. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2019 жылы қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты үкім шығарылды. Сотталушылар И.Мияшев 5 жылға, ал Жакен Е. 3 жылға бас бостандығынан айырылды[6].

1 маусымда, Алматы қаласында белсендісі Сабыржан Қасенов ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша қамауға алынған М. Баймағамбетовті босатуды талап етіп, 02.04.2021 жылғы бейбіт наразылық акциясына қатысқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

2 маусымда БҰҰ-ның негізсіз ұстау жөніндегі жұмыс тобы жаңаөзендік белсенді Ержан Елшібаевты ұстап, түрмеге қамау арқылы Қазақстан адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтың бірқатар нормаларын бұзды деген қорытындыға келді. Ұйым ел билігін Қызылордадағы колонияда бес жылдық жазасын өтеп жатқан Елшібаевты тез арада босатуға шақырды. Бұл туралы 2 маусымда бүкіл әлем бойынша ар-ождан тұтқындарын жақтайтын Freedom Now американдық үкіметтік емес ұйымы хабарлады, ол өткен жылы Елшібаевтың ісі бойынша БҰҰ жұмыс тобына үндеу жолдаған. Негізсіз ұстау жөніндегі Жұмыс тобы ұсынылған пікірлерді Женевада мамырдың 3-і мен 12-сі аралығында өткен 90-шы сессиясында қабылдады, бірақ шешімнің мәтіні айдың соңында жарияланды[7].

3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында белсенді Айдар Сыздықовқа ҚР ҚК 405-бабы 1/2-бөлігі бойынша 3 жылға шектеу және 5 жылға қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салу туралы үкім жарияланды. Судья Назгүл Бапакова адвокат Мейіржан Досқараевқа жеке қаулы шығарды[8].

3 маусымда Орал қ. АҚШ-та тұратын Барлық Мендығазиевтің ағасы Бекижан Мендығазиевті Атырау қаласының тергеу соты екі айға қамауға алды. Оған «ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу», «ірі көлемдегі салық төлеуден жалтару» және «ірі көлемдегі ақшаны жылыстату» бойынша айып тағылып отыр. Қайырымдылық жасаушы және кәсіпкер Барлық Мендығазиев билік осылайша оған ықпал етуге тырысуда, деп мәлімдейді[9].

4 маусымда Алматы қ. 4 белсендіге әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың суреттері мен «Қытайдағы геноцид тоқтатылсын», «Концлагерь жабылсын», «Қазақты қорламасын», «Жазықсыздар босатылсын» плакаттарын ұстап, 30.05.2021ж. ҚХР Консулдығы жанындағы акциясына қатысқаны үшін Мәкен Жәмила ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша 61 257 теңге және Қалиолла Ақиқат 488-бабы 11-бөлігі бойынша 145 850 теңге. Ермекбай Нұрзат ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша 06.05.2021ж. ҚХР банкі жанындағы акцияға қатысқаны үшін 61 257 теңге. Арасан Алтынайға ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша 01.06.2021ж. ҚХР консулдығы жанындағы акцияға қатысқаны үшін 61 257 теңге айыппұл салынды.

4 маусымда Павлодар қ. 5 белсендіге үкім жарияланды. Дарын Хасенов, Қалиасқар Әміренов, Жанат Жамалиев және Мақсұт Аппасов әрқайсысы бір жылға бас бостандығынан шектелді, белсенді Нұргүл Калуова — бір жыл алты айға бостандығы шектелді. Судья  сонымен қатар оларға үш жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салды[10]

7 маусымда Солтүстік Қазақстан облыстық соты «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысқаны үшін» түрмеде отырған белсенді Нұрбол Өнерханның апелляциялық шағымын қанағаттандырып, оны қамаудан босату туралы шешім шығарды. Бұған дейін 4 мамырда Петропавл қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық соты оны жазаны өтеу шарттарын бұзды деген айыппен алты ай екі күнге бас бостандығынан айырған[11].

7 маусымда Шымкент қ. белсенді және «Өз үйімізді қорғаймыз» қоғамдық ұйымының бұрынғы жетекшісі Қыздығой Ажарқұлова Еңбекші аудандық соты ғимаратының алдында айырылуы мүмкін жалғыз тұрғын үйіне қатысты сот шешіміне наразылық ретінде жеке пикет өткізді[12]

9 маусымда Маңғыстау облысында, Мұнайлы аудандық соты белсенді Тұрдиева Ұлболсынға ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша (жала жабу) «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында полиция қызметкері Г.Е.Бабатов туралы «Аптаның қарабеті» парақшасының постын жариялағаны үшін 525 060 теңге айыппұл салды.

9 маусымда Ақтауда, сот Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі репост үшін белсенді Айгүл Ақбердиеваны Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы полковник Ж.Бөкеннен кешірім сұрап, 70 теңге (0.16$) моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.

10 маусымда Алматы қ. азаматтық белсенділер тобы Қазақстанның билік органдары ретінде Сенат, Мәжіліс, Конституциялық Кеңеске Есіл сотының 19.05.2020 жылғы «Коше партиясын»экстремистік деп тану және оған тыйым салу туралы шешіміне құқықтық баға беруді талап етіп, өтініш жолдады. Жауап болмаған жағдайда, белсенділер мерзімсіз аштық жариялауға дайын екендіктерін айтты.

12 маусымда Степногорск қ. тұрғындардың Степногорск аймағында ұзақ мерзімді сақтау орны (ПХД) сақтауға және өртеуге қарсы митингі өтті. Санэпидемстанция (СЭС) митингті ұйымдастырушы А.С.Сочневке ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл салды[13].

12 маусымда Орал қ. Охасов Орынбай ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша 5 тәулікке сотталды және белсенділер Қайрбаев Дархан мен Оразбаев Амангелді 29.05.2021 ж.Орал қ. Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу»монументінің жанында рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін 3 тәулікке қамалды.

14 маусымда Орал қ. Өтебаев Бекболатқа ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша 29.05.2021ж. Орал қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу»монументінің жанындағы митингке қатысқаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.

14 маусымда Нұр-Сұлтан қ. белсенділер соттағы жарыссөздер мен прокурордың Асқар Қайырбекке 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды талап етуінен кейін, Қазақстан билігінен белсенділердің экстремист емес екенін мойындауын сұрап[14]  және саяси тұтқындардың барлығын босатуды талап етіп, АҚШ елшілігінің алдына пикетке шықты.

15 маусымда Шымкент қ. Қаратау аудандық соты белсенді Нұржан Мұхаммедовке ҚР ҚК-нің 405-бабы 1-бөлігімен әлеуметтік желілерді пайдалану, бейбіт жиналыстарға қатысу, бейне түсіріліммен айналысу құқығына 3 жыл мерзімге тыйым салып, 2 жыл мерзімге шектеу[15] жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оған «қорланған полиция қызметкері» үшін 27 мың теңге айыппұл салынды.

20 маусымда белсенділер тобы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында  аштық жариялады. Олар «Коше партиясы» қозғалысын «экстремистік ұйым»деп атауды тоқтатуды талап етеді. Кейін оларға Өскемен, Шу, Орал, Шымкент қалаларының белсенділері қосылды.

21 маусымда Алматы қ. белсенділер Ақиқат Қалиолла мен Алмахан Мырзаханқызына адамдардың суреттері мен «Қытайдағы геноцид тоқтатылсын», «Концлагерь жабылсын», «Қазақты қорламасын», «Жазықсыздар босатылсын» плакаттарын ұстап,  10.06.2021ж. ҚХР Консулдығы жанындағы пикетке қайта қатысқаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 488-бабы 11-бөлігі бойынша әрқайсысына 145 850 теңге (340 АҚШ доллары) айыппұл салынды.

21 маусымда Нұр-Сұлтан қ. сот белсенді Асқар Қайырбекті ҚР ҚК 405-бабы 1-бөлігі («экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу») бойынша қауіпсіздігі барынша төмен режимде 1,5 жылға бас бостандығынан айыру және бес жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметке тыйым салу жазасын тағайындады[16].

22 маусымда Алматы қ. 2 адамға адамдардың суреттері мен «Қытайдағы геноцид тоқтатылсын», «Концлагерь жабылсын», «Қазақты қорламасын», «Жазықсыздар босатылсын» плакаттарын ұстап, ҚХР Консулдығы жанындағы пикетке қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша 87 510 теңге мөлшерінде Арасан Алтынайға және 145 850 теңге көлемінде Өмірәлі Гүлбаранға айыппұл салынды.

22 маусымда Алматы қ. белсенді Байболат Күнболат 2021 жылы 15 маусымда ҚХР консулдығының жанында рұқсат етілмеген пикеттер өткізгені үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 488-бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алынды[17].

25 маусымда Алматы қ. апелляциялық сот Б.Күнболаттың жақтастары мен туыстарының наразылығының нәтижесінде Байболат Күнболатты әкімшілік қамауға алынуы 15 тәуліктен 7 тәулікке дейін қысқартты және оны 2021 жылы 29 маусымда босатты.

25 маусымда Нұр-Сұлтан қ. «Ер Тірегі» партиясы, партияны тіркеуді талап етіп, акция өткізді[18]. Ешкім ұсталған жоқ.

28 маусымда Нұр-Сұлтан қ. белсенділер Мұсабаев Марат пен Нұрғалиев Қайыргелді ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша АҚШ елшілігінің алдында 14.06.2021 жылғы наразылық акциясына қатысқаны үшін тиісінше 20 тәулікке және 15 тәулікке қамауға алынды.

28 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Сыздықов Айдар  11.06.2021 жылы «Facebook»әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында  Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында 12-13 маусымда өтетін митингке қатысуға шақырумен репост орналастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды.

29 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Абенова Айжан 24.04.2021ж. Қазақстанның барлық қалаларында және Нұр-Сұлтан қаласындағы Конгресс-Холл алдында өтетін жер реформаларына қарсы митинг туралы ақпаратты таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды.

29 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Алтынбаев Нұрлобай 14.06.2021 жылы АҚШ елшілігінің алдындағы акцияға қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша 10 тәулікке қамауға алынды.

29 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Сембай Асқар Министрліктер үйінің алдында 10.06.2021ж.  митингке шақырумен Фэйсбукте ақпаратты қайта орналастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 12-бөлігі бойынша 25 тәулікке қамауға алынды.

30 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Темірхан Гүлжанат  АҚШ Елшілігі алдындағы акцияға 14.06.2021ж. қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды.

30 маусымда Алматы қ. Бауыржан Атинбаев, Нұрслан Кемелбаев, Дархан Валиев және Қонай Абдиев ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-11-бөлігі бойынша ҚХР консулдығы жанындағы пикетке қатысқаны үшін 15-тен 17 тәулікке дейін қамауға алынды.

30 маусымда Алматы қ. Айтбаев Марат пен Хуаныш Досжан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша Медеу ауданы ПБ жанындағы іс-шараға қатысқаны үшін 16 тәулікке қамауға алынды.

30 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Лиза Максимоваға  14.06.2021ж. АҚШ елшілігі жанындағы митингке қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша 145 850 теңге айыппұл салынды.

30 маусым Орал қ. Ескендирова Маруа 19.06.21ж. санкцияланбаған бейбіт митингке қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі бойынша 10 тәулікке қамауға алынды.

*****

[1] https://rus.azattyq.org/a/31284782.html

[2] https://www.facebook.com/DutchEmbassyKazakhstan/posts/5589149881126807

[3] https://rus.azattyq.org/a/31284947.html

[4] https://rus.azattyq.org/a/31282075.html?fbclid=IwAR0S_ZYa669NV32PRRAYVFRdsRoZSbghyM3WZCPS4i0vNevw7pRz_bruCYQ  

[5] http://tirek.info/zhurnalistskie-organizatsii-i-rukovoditeli-smi-sdelali-obrashhenie-k-prezidentu-strany-po-zakonu-o-sredstvah-massovoj-kommunikatsii-sbor-podpisej/ 

[6] https://rus.azattyq.org/a/31284627.html

[7] https://rus.azattyq.org/a/31285915.html?fbclid=IwAR05-5ip7PzxUZ9MaS7tM3Ex1FTEhosyM6RIKLOnoEQRfd1UtJfnp8ao9v0

[8] https://rus.azattyq.org/a/31288890.html

[9] https://rus.azattyq.org/a/31293945.html?fbclid=IwAR3CHR5veQLdHlM5k1vgcG60ifzyELxJFF2c7NzeWD2Nci-YAkLLjsIhxwA

[10] https://rus.azattyq.org/a/31289965.html

[11] https://rus.azattyq.org/a/31294960.html?fbclid=IwAR2_TZ-fHR8tIxEI91wMYQeWCvYByZDXz9vFSYxpc8YLaSvNRz4_hBXr5TM

[12] https://rus.azattyq.org/a/31294858.html

[13] https://www.facebook.com/photo?fbid=508909653890785&set=a.409716927143392

[14]https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-nur-sultan/31306671.html?fbclid=IwAR01BA0na_ZCJkm3Vn7WGDmioBw__utHX6CU0pIAyO6LQ794eM5tDZ2eCDY

[15] https://www.youtube.com/watch?v=UatqLq7sG4M

[16] https://rus.azattyq.org/a/31319801.html

[17] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-ethnic-kazakh-baibolat-kunbolatuly-arrested-again-06232021/31322676.html

[18] https://www.youtube.com/watch?v=vZ64HmINEoc